Ауғанстан астанасында болған жарылыстан 14 адам көз жұмды
(last modified Mon, 20 Jun 2016 08:32:39 GMT )
Маусым 20, 2016 14:32 Asia/Almaty

Ауғанстан астанасындағы шетелдік қауіпсіздік күштерді тасымалдайтын минибуске жасалған шабуыл салдарынан 14 адам көз жұмды.

"Рейтер" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ауғанстан Ішкі Істер Министрлігінің баспасөз хатшысы Седиқ Седиқи «Твиттердегі» парақшасында: «Бұл жарылыс дүйсенбі күні Кабулдағы қауіпсіздік саласындағы жеке компанияларға тиесілі непалдық қауіпсіздік күштерін тасымалдайтын көлік жолында орын алды»,- деп жазды. Седиқидің айтуынша, бұл шабуылда 14 адам көз жұмып, 8 адам жарақат алған. Кабул полициясының қолбасшысы Абдурахман Рахимидің сөзіне сілтеме жасап жарияланған осы мәліметке сәйкес, шабуылда көз жұмғандардың арасында ауғандық қауіпсіздік күштері де болған.

Талибан тобының баспасөз хатшысы әлеуметтік желілер арқылы Ауғанстандағы шетелдік қауіпсіздік күштерін тасымалдайтын көлікке жасалған шабуылдың жауапкершілігін өз мойнына алғанын мәлідеді.

 

Тегтер