Ресей АҚШ қолдайтын лаңкестерге қатысты шыдамының таусылғанын ескертті
(last modified Wed, 22 Jun 2016 09:05:00 GMT )
Маусым 22, 2016 15:05 Asia/Almaty
  • Ресей АҚШ қолдайтын лаңкестерге қатысты шыдамының таусылғанын ескертті

Ресей армиясы бас штабының қолбасшысы Ресейдің Сириядағы АҚШ қолдайтын лаңкестерге қатысты шыдамының таусылғаны туралы хабарлады.

«Россия сегодня» халықаралық медиатобының мәліметі бойынша, генерал Валерий Герасимов АҚШ-тың олар лаңкес деп санайтын лаңкестер тізімін тапсырудан жалтаруын айыптап, мұндай жағдайды лаңкестердің санының артуына, лаңкестік топтардың жағдайларын жақсартуға, Ресейдің әуе шабуылдарынан лаңкестердің позицияларына қашуына себеп болуда деп бағалады.

Осы мәлімет бойынша, Ресей армиясы басшысының сөзі АҚШ-тың барлық лаңкестерді қолдауының белгісі. Өйткені лаңкестер тізімінің болмауы Ресейдің олардың позицияларын бомбалау талпыныстарын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Бұл Ресейдің АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің сөзіне білдірген реакциясы болды. Керри жақында Сириядағы атысты тоқтату бітіміне қатысты Вашингтонның төзімі таусылды деген болатын.

Тегтер