Діни жетекші Теһран облысы мешіттерінің жамағат намазы имамдарымен кездесті
Ислам революциясының жетекшісі мешітті барлық жақсы жұмыстардың орталығы деп атап: «Мешіт – адамды тәрбиелейтін, дұшпанмен қарсыласатын, қырағылық пен исламдық өркениетке жағдай тудыратын орталық»,- деді
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи 21-ші тамыз күні Теһран облысы мешіттерінің жамағат намазы имамдарымен кездесуінде мешіттерді әлеуметтік, кеңесу, қарсыласу, бағдарлама жоспарлау және мәдени орталық деп атап, әлемдік мешіттер күнінің белгіленуінің философиясын еске салып: «Бұл күн Ислам республикасының талабымен, сионистік режимнің ислам үмбетіне қарсыласу мақсатында сионистердің әл-Ақса мешітін өртеуіне байланысты Исламдық конференция ұйымында бекітілді. Сондықтан бұл күнге осы тұрғыдан назар аудару қажет»,- деді.
Ислам революциясының жетекшісі мешіт ашуды зікір, намаз, Құдайға көңіл аудару өзегіндегі халықтың байланыстары мен жиындарын қалыптастыруға бағытталған ислам бастамаларының бірі деп атап, мешіттің ислам тарихында кеңесу, ынтымақтастық жасау, әлеуметтік, саяси және әскери маңызды мәселелерде шешім қабылдау орталығы болғанын қуаттады. Ол әр мәдениетте адамдардың жиындар өткізіп, кейде шай ішетін жерлер, хаммамдар, алаңдар немесе спорт алаңдарын халық жиналып, шешім қабылдайтын мекен ретінде пайдаланғандарына тоқталып: «Ислам Аллаға ғибадат жасайтын мекен – мешітті мұсылмандардың жиналатын жері ретінде таңдады. Мұндай бастама жүректер мен ой-пікірлердің илаһи мақсаттарға қарай бұрылуына себеп болды. Ғибадатхана – барлық діндерде құлшылық ететін мекен, бірақ мешіт христиан, еврей және буддистердің діни мекендерінен өзгеше. Исламның ұлық пайғамбары мешітке тек намаз оқу үшін ғана бармаған, хазірет мешітте мұсылмандар қоғамының соғыстар туралы ақылдасу, күштерді жұмылдыру және тәлім-тәрбие мәселелерін шешу үшін барған. Ислам тарихынан мешіттердің тағылым орталығы болғанын көреміз. Әл-Харам немесе Ән-Наби мешіттерінде әртүрлі сабақтар өткізілетін. Осыған орай мешіттердің тек ғибадат рәсімдері жасалатын шіркеу немесе еврейлердің синагогасынан көптеген айырмашылығы бар»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі мешітті барлық жақсы жұмыстардың орталығы деп атап: «Мешіт – адамды тәрбиелейтін, дұшпанмен қарсыласатын, қырағылық пен исламдық өркениетке жағдай тудыратын орталық»,- деді. Сондықтан жамағат намазының имамдары намаз өткізуімен бірге қоғамда шындық пен әділет орнатып, дін мен шариғатты үйрету міндетіне ие.
Аятолла Хаменеи намаз мәселесінің маңыздылығын қуаттап: «Намаз сапалы және ұлы Аллаға көңіл аудырылып орындалып, немқұрайдылық пен риядан алыс болуы керек. Сондықтан имамдардың намаздың шындығын жеткізіп, оған тарту рөлі маңызды. Намаз діннің тірегі. Тірегі болмаса ғимараттың төбесі құлайды. Намаз да соншалықты маңызды. Діннің айбындылығы намазға байланысты»,- деп ескертті. Ол имамдардың маңызды жұмыстарының бірін халыққа намаздың маңыздылығын жеткізу деп атады.
Аятолла Хаменеи жамағат намазының имамын мешіттің өзегі деп атап: «Мешітте имам болу маңызды міндет. Сондықтан бұл маңызды міндетке жеңіл қарауға және мешіттің құқығын бұзуға болмайды. Мешітке келіп, намазды сапалы орындап, халықпен сөйлесіп, жастардың сұрақтарына жауап беру арқылы мешіттің құқығын орындау қажет»,- деп баса айтты. Аятолла Хаменеи мешіттердің маңызын арттыруды имам Хомейнидің үлкен қызметінің бірі деп атап: «Мешіт – әртүрлі әлеуметтік жұмыстардың орталығы. Мешіт халықтың идеологиясын нығайтып, әртүрлі әлеуметтік жұмыстарға жігерлендіреді. Ислам революциясының жетекшісі мешіттерді қарсыласудың, әсіресе мәдени қарсыласудың ошағы деп атап: «Егер мәдени қоршау болмаса, барлығы қолдан кетеді»,-деді. Ол дұшпанның мәдени араласуының революция жеңіске жете салысымен басталғанын айтып: «Халықтың иманы бұл үдерісті алға ілгерілетті. Халықтың иманы – Ислам революциясының жеңісі мен Ислам республикасының құрылуының негізгі факторы»,- деді. Аятолла Хаменеи Ислам революциясын билеп-төстеуші жүйенің іргетасын шайқалтқан жерсілкінісі деп атап: «Революцияшыл ислам мен исламдық революцияның берекесімен әлемдік зорлық-зомбылық жасаушылардың негізгі мақсаты сәтсіздікке ұшырап, АҚШ Батыс Азия аймағында іс жүзінде еш нәрсе жасай алмады. Егер халықтың исламға деген иманы болмағанда, Иран да басқа мемлекеттер сынды АҚШ немесе АҚШ-тан басқалардың қоластына кіретін еді. Олар халықтың иманына қарсы терең дұшпандыққа ие»,- деп, жастарды дұшпанның нысанасына түсетіндер деп атағанымен: «Әртүрлі қастық жобаларға сай революциялық жастардың көбі бөгделердің дұшпандығы мен мәдениеттерін қабылдамайды. Осы кездегі жастардың көбі революцияның бірінші кезеңінің жастарынан»,- деп айтты. Ислам революциясының жетекшісі басқа ақпарат құралдарына қарағанда бетпе-бет кездескен жиындардың сындарлы әсерін қуаттап, мешітті мәдени қырағылық орталығы деп атап: «Мәдени істің ішінде саяси істер де бар»,- деп ескертті. Ол шынайы саяси жұмыстың негізін мәдениет және мәдени қырағылық деп атап: «Саяси болу бір адамның жақтасы болу емес, белгілі бір көзқарасқа ие болып, қоғамның қозғалысын сараптау үшін мүмкіндікке ие болу. Шынайы саяси көзқараста қоғамның ортақ қозғалысы зерттеліп, негізгі бірнеше сұрақтың жауабы анықталады. Ағымдағы өмір сүру тәсілі бізді қай жаққа қарай тартады, яғни қоғамдық әділет, шынайы тәуелсіздік пен исламдық өркениетті қалыптастырудамыз ба? Әлде АҚШ-қа тәуелді болып, Батыстың ықпалына түсудеміз бе? Шынайы саяси ағымның аясында адамның жеке адамдар, партиялар мен топтарға деген ұстанымдары анықталады.
Ислам революциясының жетекшісі жамағат намазының имамдарын тек намазбен шектейтін көзқарасты сынап: «Шын мәнінде бұл көзқарас дінді адамның жеке амалымен шектеп, әлеуметтік-саяси мәселеге қатысуға рұқсат бермейтін секулярлық көзқарас саналады. Секулярлық ислам жеке және жамағат ғибадаттармен шектеледі, ал қуатты ислам саяси-әлеуметтік жүйені құрап, халықтарға дүние мен ақыреттің шынайы бақытына қарай жол нұсқайды. Аятолла Хаменеи көзқарас пен сараптаманың маңыздылығы туралы: «2009-шы жылғы Ирандағы президенттік сайлаудан кейінгі бейберекеттіктердің басында бүліктің басшыларының біріне: «Сырт көзге исламдық жүйені қолдаушы және өзіңнің айтуынша, сайлауға қатысты наразылық білдірушісісің. Бұл ағымның басқаруы бөгделердің қолына түссе, олар оны пайдаланып, исламдық жүйенің негізін нысанаға алады»,- деді. 2009-шы жылғы президенттік сайлаудан кейін екі үміткер өз наразылықтарын білдірген болатын. Жастарға және олардың арнайы орнына назар аудару ислам революциясы жетекшісінің имамдарға насихаттаған келесі мәселе болды. Хазірет: «Жастарды рухани сөздермен мешіттерге тартуға талпыныс жасаңдар. Сөйтіп қоғам мен ел мешіттерге жиналған жастардың көптеген берекесінен пайдаланады. Жас адам мешітті өз үйі, өз мекені санап, бұл жерге сүйспеншілік білдіреді. Өйткені қоғамның маңызды істері жастардың қолында. Кейбір адамдардың көзқарасына керісінше, жасты мешітке стол теннисін құрып қызықтыру қажет емес. Кейбіреулер жастарды мешітке жинау үшін бұл жерге сауық-сайран құралдарын орнату қажет деп ойлайды. Жастарды тарту үшін олардың жүректерін қызықтыру қажет. Жастардың рухани кеңістікке бейім болуы илаһи сырлардың бірі. Кейде бір рухани сөз жасқа әсер етіп, оның өмір жолын өзгертеді»,- деді. Аятолла Хаменеи сонымен бірге мешіттің тарихын кітап, сурет немесе басқа түрде көрсетудің бүгін мен ертеңнің жастарын хабардар ету үшін маңызды екендігін қуаттап: «Барлық әшкере және жасырын дұшпандықтарға, залым және үстемшіл елдердің зұлымдықтарына қарамастан ИИР-ның сөзі күшейіп, халықтың иманы мен бірлігінің берекесінің арқасында қастандықтар нәтижеге жетпейтін болады»,- деп баса айтты.