Жетекші көзқарасы: Ислам революциясы жетекшісінің зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде жасаған баяндамасы
Иран Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Иранның ғылым саласының мыңдаған зиялы қауым өкілдері және дарындарымен кездесуінде оларды илаһи сый әрі басшылардың қолындағы аманат деп атады.
Иран Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Иранның ғылым саласындағы мыңдаған зиялы қауым өкілдері және дарындарымен кездесуінде дарынды жастарды илаһи сый әрі басшылардың қолындағы аманат деп атап, елдің ғылыми қоғамдары мен дарын иелерін қорғауда еш аянып қалмау керектігін қуаттап: «Дарын иелері мен зиялы қауымға сүйеніп және ізденімпаз жас ұрпақтың көмегімен Иран дамыған, құдіретті, абыройлы, беделді әрі исламдық жаңа өркениеттің туын желбіретуші елге айналады» деп қуаттады. Хазірет аятолла Хаменеи кездесудің бас кезінде мұхаррам күндеріне тоқталып: «Мұхаррам – тек Ашураның онкүндігі ғана емес. Мұхаррам күндері тарихта бір ұлы оқиға орын алды. Бұл оқиға ешқашан ұмытылмайды. Ол – нұр мен қараңғылықтың күресі, дұрыс пен бұрыстың соғысы, абырой мен пасықтық соғысының көрінісі. Ол ешқашан батпайтын күн сияқты мәңгілік нұр шашып тұрады» деді. Иран Ислам революциясының жетекшісі сонымен қатар жас дарындармен кездесіп отырғанына ризашылық білдіріп, оларды Иран халқына берілген илаһи сый деп атады. Хазірет кейбір халықтардың мұндай капиталдан кенде қалғанына тоқталып, басшылардың осы илаһи нығметке қатысты үлкен жауапкершілікке ие екендіктерін қуаттады.
Ислам револциясының жетекшісі озық туған жастарға жүктелген ауыр жауапкершілікке де тоқталып: «Бірінші әрі ең басты жауапкершілік – осы дарынды сіздерге берген Алла Тағалаға шүкіршілік ету. Шүкіршілік дегеніміз, бұл дарынның нығмет екендігін түсіну. Мұның Алладан келген нығмет екендігін және оған жауапты екендіктеріңізді біліңіздер. Сіздерге жүктелген жауапкершілік, ол нығметті өз орнымен дұрыс жолда пайдалану» деді. Хазірет аятолла Хаменеи Қаджарлар билік еткен заманнан бастап Пахлави дәуіріне дейін Иран халқына қабілетсіздік сезімінің таңылғанын айтып: «Батыс елдері басқаларға қарағанда ертерек ғылымға қол жеткізіп, өздерін жоғары санағандықтан басқа халықтарға кемсітушілікпен қарай бастады. Жарқын мәдениеті мен терең тарихы бар халықтарды кемсіткені соншалықты, оларды батыс елдерінің көлеңкесінде жүрген елдер деп атады» деді.
Иран Ислам революциясының жетекшісі Азияның адамзаттың ең ірі әрі көне өркениеттерінің бесігі бола тұра, алыс-жақындығына байланысты Еуропаның Азия аймақтарын Қиыр Шығыс, Орта және Таяу Шығыс деп атауын еуропалықтардың өздерін жоғары санауының бір белгісі деп атап: «Батыс халықтары кедейшіліктен байлыққа жетіп, өз болмыстарын жоғалтатын адамдар сияқты ғылыми байлыққа жетіп, жоғары көтерілді. Жоғары көтерілгеннен кейін барлық адамзатқа, тіпті, солардан білім алған халықтарға да кемсітушілікпен қарайды. Сол халықтардың арасында біздің ел де болды» деді. Тарих көрсеткендей, орта ғасырларда Батыс білім мен ой-пікірден жырақта надандық дәуірін бастан кешіріп жатқанда, исламдық елдер ғылымның өркендеген дәуірінде өмір сүріп жатты. Батыс Ренессанстан кейін мұсылмандардың түрлі салалардағы, соның ішінде, медицина, математика, химия және астрономия салаларындағы еңбектерін аударып, өзінің ғылым жолындағы қозғалысын бастады. Алайда ғылыми үстемдікке, соның ішінде, кеме жүргізуге қол жеткізгеннен кейін оны басқа елдерді қанау үшін қолданып, адамзат тарихының кітабына қара парақтар қосты.
Иран Ислам революциясының жетекшісі батыстықтардың ашкөздігі мен менменшілдігіне тоқталып: «Бір ел бөтен бір алпауыттың отарына айналған кезде, оның барлық мүмкіндіктері қаласын, қаламасын сол алпауыттың иелігіне ауысады» деп қуаттады. Иран Қаджарлар билік еткен дәуірден бастап Пахлави билігіне дейін көптеген жылдар бойы батыс алпауыттарының отаршылдығында болған кезде тәуелді билеушілер Иран халқын қатты кемсітті. Екінші Дүниежүзілік соғыс барысында Ұлыбритания мен Ресей Иранның билеушілерімен ақылдаспастан, осы елді басып алып, оны өзінің әскери күштері мен құрал-жабдықтарын тасымалдау үшін пайдаланды. Сол кезде Иран халқы орны толмас зиян шекті. Тарих көрсеткендей, сол уақытта ашаршылық пен өмір сүру үшін бастапқы мүмкіндіктердің болмауы салдарынан ирандықтардың шамамен отыз пайызы қырылды. Иран Ислам революциясының жетекшісі Иранның тарихындағы осындай оқиғаларды билеушілердің осалдығы мен халықтың қанына «жасай алмаймын» генінің енгізілуінің салдары деп атап: «Ислам революциясы ұлы өзгеріс тудырды. Өз-өзіне деген сенімділік тәуілділікпен соғысты. Бұл майданда халыққа Алла көмектесті» деді. Хазірет аятолла Хаменеи Ирактың Иранға қарсы таңылған соғысын ирандық жастардың өзіне деген сенімділігін көрсету майданы болғанын айтып: «Бұл соғыста барлық қиыншылықтарға қарамастан, қабілеттер айқындалып, ирандық жастардың әлем алпауыттарының көлеңкесінде отырған дұшпандарға қарсы соғыста жалаң қолдарымен де жеңіске жете алатындығы белгілі болды» деп баса айтты.
Иран Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында дұшпанның Иран халқының өзіне деген сенімділігін жоюға күш салғанына тоқталып, қазіргі кезде дұшпанның елдегі осал әрі алданған адамдарды пайдаланып, сол тәуелділік мәдениетін басқа көркем сөздермен қайта жандандыруға талпыныс жасап отырғанын айтып: «Батыстың жаһандану терминінің мағынасы – халықтардың бірнеше алпауыттың әлем экономикасы, әлем саясаты мен әлемнің қауіпсіздігіне таңып отырған мәдениетінің көлеңкесінде болуы. Бұл – тәуелділіктің нақ өзі» деді. Ислам революциясының жетекшісі елдердің басқа халықтармен байланыста болуын қажет деп атап, ашкөз алпауыттарға деген кез келген тәуелділікті қабылдауға болмайтынын айтты.
Ислам революциясының жетекшісі үлкен бір мақсатқа байланысты қабілетті де дарынды жастарға көңіл бөлуді теріске шығаруға келмейтін міндет деп атап: «Бұл мақсат – Иран елін дамыған, құдіретті, абыройлы, адамзаттық және халықаралық мәселелерде жаңа пікірге ие, сондай-ақ, беделді, иманды және исламдық жаңа өркениеттің туын көтеруші елге айналдыру» деді. Хазірет аятолла Хаменеи әлем ойшылдарының қазіргі жағдайға қатысты шағымдарына тоқталып: «Осы тұйық жолдан шығатын бір жол табу керек. Бұл жаңа сөз исламдық Ираннан шығуы тиіс» деп қуаттады. Ислам революциясының жетекшісі абыройлы Иранның болашағындағы руханияттың маңыздылығын қуаттап: «Қазіргі алпауыт әлемнің үлкен кемшілігі – олардың күшке ие бола тұра иманнан кенделігінде» деді. Хазірет АҚШ-тағы екі үміткердің сөздеріне тоқталып: «Осы екі адамның бірі президент болады... Ең көп атомдық қару қолдарында, әлемнің ең көп байлығы ықтиярында, әлемнің ең ірі ақпарат құралдары қолында. Президенті өздеріңіз көріп-естіп отырған осы екі адамның бірі болады. Бұл – руханият пен иманның болмауының салдары» деді.
Иран Ислам револциясының жетекшісі руханиятқа толы әрі құдіретті Иранға қол жеткізудің жас ұрпақты батыл, сауатты, діндар, бастамашыл, озық, өз-өзіне сенімді, бір сөзбен айтқанда «революцияшыл адам» етіп тәрбиелеуді қажет ететінін айтты. Бұл жастар осы мақсаттың жолында өмір сүріп, шынайы түрде әрекет етуі керек. Хазірет таңдаулы жастарды осындай ұрпақты алға тартатын күш деп атады.
Хазірет аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында елдегі ғылыми қозғалысқа назар аудару қажеттігін қуаттап: «Мұндай қозғалыстың осындай ғылыми үдерісті тоқтатуға немесе жолынан тайдыруға талпыныс жасайтын дұшпандары болады» деді. Хазірет соңғы бірнеше жылда Иранның ғылыми салада дами түскеніне тоқталып, елдің ғылыми дамуының қарқынын сақтау қажеттігін тағы да қуаттап: «Егер осы ғылыми қозғалыс дұшпандарға тап болып, біз оған мән бермейтін болсақ, оның салдары елдің жас күштерінің бойында үмітсіздік сезімінің пайда болуына соқтырады. Бұл ел үшін ауыр соққы болмақ» деді.
Иран Ислам революциясының жетекшісі елдің ғылыми үдерісін жақсарту және дарындарды сақтап қалу үшін басшыларға бірнеше жайтты тапсырды. Бұл жайттардың ең маңыздысы төмендегідей: іргелі ғылымдар компанияларына көңіл аудару және олардың өнімдерін үкіметтік аппаратарда пайдалану, университтерде дарынды жастардың жетекші тобын қалыптастыру, дарындарды тәрбиелейтін ұлттық ұйымға көңіл аудару, озық жастардың ұлттық ұйымына назар аудару, ірі зерттеу жобаларының жүзеге асырылуына назар аудару, қабілетті жастардың мәдени деңгейін көтеру және елдің қажеттіліктері мен осал тұстарымен танысу үшін оларға арнайы шаралар ұйымдастыру.
Иран Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында адамзаттың жаңа жолын ұсыну қажеттігін түсіндіріп: «Бүгінде әлемнің бұзық органдары мен алпауыттары адамдарды күннен-күнге осы надандық пен адасу жолына қарай көбірек тартып жатыр. Олар өздерінің бұзық әрекеттеріне қарсы шыққан әрбір тараппен күреседі. Осындай жағдайда біздің оларға қатысты пессимисті көзқарасымызға ренжиді» деді. Хазірет АҚШ-тың «Ортақ қадам» бағдарламасындағы міндетін бірнеше рет бұзуына тоқталып: «Мен бірнеше рет басшыларға егер ядролық мәселеде кері шегінсе АҚШ-пен арадағы мәселенің шешілмейтінін айтқанмын. Олар зымырандық күш-қуат, Палестина мен Ливанның қарсыласуын қолдау, адам құқығы мәселелері, діннің Иранның билігіне араласуы туралы мәселелерді көтереді. Олар осындай маңызды елде исламдық жүйенің болуына төзе алмайды» деп ескертті.
Хазірет аятолла Хаменеи Иран елі мен халқының теңдессіз мүмкіндіктеріне тоқталып: «Жастар мен зиялы қауым хабардар болып, елдің және аймақтың саяси мәселелерін сараптай алуы керек» деді. Хазірет баяндамасының соңында Алла Тағаланың жастарды, әсіресе, қабілетті жастарды табысқа жеткізуін тіледі.
دیدار جمعی از نخبگان با رهبری