Ирандағы президенттік сайлау (1)
Діни демократия Иранның Ислам революциясының қайнар көзі болып табылады. Сол себепті халықтың Ирандағы сайлауға қатысуы аса маңызды.
Саяси алаңдардағы белсенділік халықтың өз өмірлеріне әсер ететін мәселелерге ықпал етуіне себеп болады.
Иран Ислам Республикасының негізін қалаушы хазірет имам Хомейни исламдық жүйенің қайнар көзін халықтың саяси алаңдағы белсенділігі деп атады. Себебі имам Хомейни Иран Ислам республикасының жүйесін халықтың талаптарына сай құрып, әрдайым халықтың сайлауға қатысуын қуаттайтын.
Ислам революциясының жетекшісі өзінің баяндамаларының бірінде бүгінде әлемге іс-жүзінде діни демократия үлгісінің ұсынылғанын айтып: «ИИР құрылғаннан осы уақытқа дейін көптеген сайлауларөткізді. Халық жүйенің қалыптасуы мен сақталуында тікелей рөл атқарды. Бұл – діни демократияның толық үлгісі» деді. Революция жетекшісі сондай-ақ ендігі кезектің Исламға келіп жеткенін айтты.
Сайлау – діни демократиялық жүйенің негізгі тірегі.
Енді қарапайым халық негізгі саяси ойыншы болып есептеледі. Халықпрезиденттік сайлаудан бастап, Ислам кеңесі мәжілісінің өкілдерін сайлауға дейін ИИР-ныңжүйесіндегі барлық органдардың жұмыстарына қатысып отыр.
Иранның діни демократиясында билік дауыс беру жәшігіне байланысты. Дауыс берудегі ең басты ойыншы – халықтың санасы мен парасаттылығы.
Халықтың сайлауға жаппай қатысуы адамдардың бойында жауапкершілік сезімін тудырады. Иран халқы мемлекетті өздеріне тиесілі санап, оны дамыту мен ілгерілету жолында қадам басады.
Ислам революциясының жетекшісі қазіргі кезгі әлемдегі иедологиялық бос кеңістікті Ислам үшін таптырмас мүмкіндік деп атады.
Бүгінгі жағдайда Исламның кезегі келді. Бүгін пәк Исламның жобасы мен оны әлемдіктерге таныту үшін ең жақсы мүмкіндік туындап отыр. Себебі пәк Ислам адамның адамгершілігі мен әділетті адамзаттың ең басты мақсаттары ретінде қуаттайды.