Ирандағы президенттік сайлау (2)
ИИР-ның Конституциясында сайлаудың маңыздылығы бірнеше рет талқыланып, оның түрлі аспектілері де назардан тыс қалған жоқ.
ИИР Конституциясының алтыншы тарауында былай деп жазылған: «ИИР-да мемлекеттік істер халықтың дауысына негізделіп атқарылуы тиіс. Сайлаулардың көмегімен, соның ішінде, президенттік сайлау, Ислам кеңесі мәжілісінің өкілдерін сайлау, кеңестер сайлаулары мен тағы басқа сайлаулар».
Алайда аймақтағы көптеген елдер үшін «сайлау» сөзі бейтаныс. Ал Иранда мемлекеттік істер халықтың дауысына негізделіп атқарылады.
Сонымен қатар, Иран халықтың сайлауға, әсіресе, президенттік сайлауға қатысу мөлшері тұрғысынан жоғарғы орында, Азияда екінші орынды иеленген. Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани: «Егер халық өздерінің саяси сауаттылығын жақсартқысы келсе, өздерінің тағдырларына араласуы керек. Демократия басқа жерден келген деп айтылмасын. Демократия әділеттік қағидасынан бастау алады» деді.
Саяси мәселелерсарапшысы Ашрафи Есфахани былай дейді: «73 жыл тіршілік еткен ел түрлі мәселелерге байланысты өзінің белсенділігін 73 рет көрсетті. Ираннан басқа қай елде халықжыл сайын сайлауға, соның ішінде президенттік сайлауға, немесе парламенттік сайлау, қала кеңестері мен Эксперттер кеңесінің сайлауына қатысып отыр? Бұл бірден-бір жағдай. Егер аймақтағы елдер бір шара өткізсе, оның тек қойылым ретінде жасалғанын көреміз. Шындық –осы. Халық сайлауларға өз еркімен келуі керек. Кейбір елдерде қойылым жасалады. Өздерінің қандай екендіктерін көрсету үшін оқиғаларды алдын ала жоспарлап жасайды. Бізде де демократия бар, бізде де еркіндік бар, біз де сахнадан кеткен жоқпыз деп айтқылары келеді. Оның үлгісін қай елден көреміз?
Хиджаз (Сауд Арабиясы) өз тарихында ешуақытта сайлау өткізбеген. Ол мұрагерлік билік арқылы басқарылуда. Бір патша өзі билікте отырған кезде келесі адамды мұрагері ретінде таңдайды. Осылайша, бірінен кейін бірі келіп, таққа отырады. Осы уақытқа дейін саудиялық мемлекетте бір сайлаудың өткізілгенін көрген емеспіз. Егер кейбір жерлерде халық әрекет еткісі келсе, билік олардың өз ойларын білдіріп, сахнаға шығуына жол бермейді. Кез келген жағдайда ИИР мен Иран халқы бірегей билік пен жүйе болып табылады».
Тіпті таңылған соғыс сияқты ең қиын кездерде де ИИР-да сайлау сияқты істер тоқтаған емес.
Имам Хомейни былай деді: «Бүгінде халық үкіметті өздерінен бөлек, ал жүйе немесе сайлауды жалған іс санамайды. Бүгінде халық үкіметтіңде, сайлаудың да өздеріне тиесілі екендігін жақсы біледі».
Осы уақытқа дейін Иранда президенттік сайлаудың 11 кезеңі өтті. Барлық кезеңдерде халықтың қатысу деңгейі 66 пайыздан жоғары болды. Бұл көрсеткіш көптеген батыстық және араб елдері үшін тек бір арман ғана.
АҚШ-тағы саяси мәселелердің сарапшысы Ноам Хомски былай дейді: «Халықтың биылғы жылғы сайлауға қатысу деңгейі өткен жиырма жылдағы ең төменгі көрсеткіш болды. Көптеген адам сайлау учаскелеріне келген жоқ. АҚШ-тың президенті Дональд Трамп болмашы ғанабасым дауыспен сайланды».
Саяси мәселелердің сарапшысы Ходжапур: «Әлем елдерінің үштен бірінде халықтың сайлауға қатысуы үшін ешқандай мүмкіндік жоқ. Бұл – қазіргі әлемнің жағдайына байланысты статистикалық мәлімет. Яғни, осы ғасырдыңбиылғы жылына қатысты. Сіздердің таңданыстарыңызды арттырайын. Қазіргі кезде өздерін демократиялық ел деп жариялап жатқан көптеген мемлекеттерде халық сайлауға мәжбүрлі түрде қатысады. Мысалы, Бельгия, Аустрия, тіпті Аустралия сияқты елдерде, егер азаматтары сайлауға қатыспайтын болса, кейбір азаматтық құқықтарынан мақұрым қалады. Осы мемлекеттердің кейбіреулерінде, мысалы, Бельгияда сайлауға қатыспаған азаматқа саяси-қоғамдық айыппұл салынады. Бүгінде демократияны алға тартып жүрген елдер қатысу мөлшері үшін50-ден 72 пайыз аралығында бір меже қойып алған. Яғни, егер халықтың 62-72 пайызы қатысатын болса, онда жүйе халықтың көңілінен шықты деген сөз. Олар өздері үшін бір саяси белсенділіктің межесін белгілеп алған. Мысалы, Құрама Штаттарында 70 пайыз жақсы көрсеткіш. Бұл мөлшер жүйенің заңдылығын растау үшін жеткілікті. Сол себепті Құрама Штаттарында 1992-2012 жылдар аралығында, яғни, соңғы жиырма жылда халықтың қатысуы мөлшері 73,6 пайыздан асып көрмеген. Олар бұл көрсеткіштің әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары екенін және АҚШ жүйесінің көңілінен шығатынын айтады. Дегенмен, жуырдағы сайлауда халықтың қатысу деңгейін жоғарылату үшін жасанды тартыс ұйымдастырылды. Алайда, бұл халыққа пайдасын тигізетін шынайы тартыс болмады» дейді.