Ирандағы президенттік сайлау (4): Ирандағы сайлаулардың ауқымы мен түрлеріне шолу
(last modified Mon, 01 May 2017 18:39:32 GMT )
Maм 02, 2017 00:39 Asia/Almaty
  • Ирандағы президенттік сайлау (4): Ирандағы сайлаулардың ауқымы мен түрлеріне шолу

Иранның президенттік сайлауының он екінші кезеңі қалалық және ауылдық ислам кеңестерінің бесінші сайлауымен бір мезгілде шамамен бір айдан кейін өтеді. Осы сайлауға қатысты ұсынып отырған бағдарламар жиынтығының төртінші бөлімінде ИИР жүйесіндегі сайлаудың ауқымына тоқталамыз.

Биылғы жылы Иранда кезекті президенттік сайлау өтеді. ИИР-да сайлау діни демократияға негізделген. Сайлау алаңы, әсіресе, президенттік сайлау алаңы халықтың сайлау учаскелеріндегі құзырының ең тартымды сахналарының бірі саналады.

Иранда өтетін әрбір сайлауда батыстың ақпарат құралдары сайлауға қарсы кеңістік құра бастайды. Парсы тіліндегі BBC арнасы Ирандағы сайлау туралы былай дейді: «Қазіргі белгісіз жағдайда егер олар сайлау ұйымдастырып, нәтижелерін бұрмалағысы келсе, әрине, санақ кезінде үміткерлерге берілген дауыстарсаныныңарасын жақындатып қояды. Осылайша, олар келесі кезеңде нәтижелердің орындарын ауыстыра алады».

Парсы тіліндегі BBC арнасының келесі бір маманы былай дейді: «Нәтижелерді бұрмалау төрт жыл немесе сегіз жыл бұрын басталған жоқ. Менің ойымша, бұл іс көп уақыттан бері қайталанып келеді».

Израиль радиосы«Иранның істерін жақсы білетін хабардар көздердің көбісі сайлауға қатысатын адам санының аз болатынын, сол себепті үкіметтің дауыс берушілердің саны жайлы жалған мәлімет жариялаудан басқа амалы қалмайтынын болжап отыр» дейді.

Қарсылас ақпарат құралдары сайлау қарсаңы мен одан кейін де Ирандағы қоғамдық сенімді бұзуға талпыныс жасайды. Парсы тіліндегі BBC арнасыныңИранның жүйесіне қарсылас адаммен сұхбатыныңмазмұны төмендегідей:

 « - Тікелейэфирде сізбен бірнеше рет сұхбаттастық. Әр бағдарламада сіздің осы мәселе бойынша, әсіресе, дауыстардың кеш саналуына қатысты күдіктеріңіз болды. Алдағы сайлауда да халықтың берген дауысының санына қатысты шынайы мағлұматтардың жарияланбауы оқиғасыныңтағы да қайталанатынын көрсететін белгілердің бар екенін айттыңыз. Қазіргі ойыңыз қандай?

 -  Ол күдіктердің біразы қазір де бар. Себебі олар дауыстарды санап, нәтижелерін бірте-бірте мәлімдеуі тиіс. Бірақ астыртын әрекеттер жасауы мүмкін деген күдік әлі де бар».

Осындай кеңістік тудыруларға қарамастан Иран халқы әрбір ұлттық сынақтан еңсесін биік ұстап өтіп келеді.

Кувейттің Адар газетінің саяси бөлімінің тілшісі Мисам Мұхаммад Джуши былай деп жазады: «Батыстың БАҚ-ның Иранға қарсы ақпараттық шабуылдары 2006 жылы Хезболла Израильді жеңгеннен кейін басталды. Олар өздерінің мемлекеттері мен жүйелерін сынауды қойып, Иранның ішкі істеріне араласып отыр. Бұл шабуылдар Ирандағы 2008 жылғы президенттік сайлауда шарықтау шегіне жетті. Ислам республикасының демократиясы мен батыс үкіметтерінің демократиясын бір-бірімен тіпті салыстыруға да келмейді. Ирандықтар еркін түрде, еш алаңдамастан өз басшыларын сынай алады. Алайда батыс елдерінің азаматтары өкінішке орай, тек тіс дәрігерінің алдында ғана ауыздарын аша алады. Олардың жүйеге қарсы наразылық білдіріп, сын айтуға еш құқықтары жоқ».

Енді Ирандағы сайлаулардың ерекшеліктеріне тоқталайық.

Демократиялық қоғамда бір қызметті атқаруға лайықты тұлғаларды дауыс беру арқылы таңдап, оларды белгілі бір лауазымға тағайындайтын тарап дауыс берушілер болып табылады. Иранның барлық бөлімдерінің жүйесібар және әрбір жүйенің ресми-құқықтық және саяси қызметтері бар. Осындай бөлімдердің бірі – президенттік  сайлау.

Президенттік билік жүйесінде президент атқарушы міндеттері бар үкіметтік топтың төрағасы да болады. Бұл жүйелерде билік бірнеше органның арасында бөлінген. Мысалы, атқарушы орган заң шығарушы органнан бөлек.

Саяси мәселелердің маманы Салех Ескандери былай дейді: «Президенттік сайлаудың маңызды ерекшеліктерінің бірі – бұл сайлаудың ұлттық деңгейде өткізілуі. Біздің елдегі тікелей дауыс беру арқылы жүзеге асырылатын сайлау жүйесі мен президенттік басқару жүйесінде президент халықтың тікелей дауыс беруі арқылы сайланып, елді басқару қызметін мойнына алып, екінші басты тұлғаға айналады. Конституцияда осы қызмет пен мәртебеге сай белгіленген барлық мүмкіндіктер, ресурстар, өкілеттіктер, міндеттер мен заңды құқықтар негізінде президент төтенше билікке ие болады. Әдетте президенттер төрт жыл ішінде елді басқару үшін қажетті уақыт пен мүмкіндікке ие болады. Осы сайлаудың келесі ерекшеліктерінің бірі – қатысушылардың түрткілері. Дауыс берушілердің түрткілері саяси және экономикалық сипатта болады. Кейде әлеуметтік немесе мәдени сипаттаболады. Негізінде сайлау учаскелеріне келетін адамдар осы түрткілері мен талпыныстарына сәйкес дауыс беруге тырысады. Бұл сайлау біздің исламдық жүйеде құқық әрі міндет саналады».

Құқық және саяси ғылымдардың сарапшылары биліктің ең жақсы түрін республика деп санайды. Иран Ислам революциясының ең маңызды жетістігі исламдық республика жүйесін құруы болды. Бұл жүйеде «халықтық билік» немесе «республика» қағидасы «исламдық басқару» немесе «исламшылдық» қағидасымен үйлесіп, заңның қайнар көзі тек адамзат  қана емес, Жаратушы да боладыдеген сенімге құрмет көрсетеді.

Иранда сайлау жүйенің сезімтал әрі макро бөлімдерінде, соның ішінде, президент әкімшілігі, Ислам кеңесі мәжілісінің әкімшілігі және қажеткезде революция жетекшісін тағайындау міндетін атқаратын Эксперттер мәжілісінің әкімшілігінде, сондай-ақ, қалалық және ауылдық ислам кеңестерін құру үшін өткізіледі.

Саяси мәселелердің маманы Салех Ескандери былай дейді: «Қалалық және ауылдық ислам кеңестерінің сайлауы аймақтық деңгейде өткізілетін ерекшелік әрі қажеттілік болып табылады. Бұл – қалалардағы жергілікті биліктің бір түрі. Біздің ауылдардың  өкілдері де бар. Шын мәнінде, бұл сайлау федералды билік түріне ұқсас қалыпта өтіп, қалалық басқару мен қоғамдық басқаруға қатысты істерді тікелей халықтың өзі жүргізуі үшін талпыныс жасалады. Кеңестер сайлауының ерекшеліктерінің бірі қатысушылар мен дауыс берушілердің ынта-жігері болып табылады.

Президенттік сайлауда саяси түрткілер мен экономикалық түрткілер дауыс берушілердің сайлау учаскелеріне келуіне себеп болады. Алайда қалалық және ауылдық ислам кеңестерінің сайлауында халықтың басты түрткісі қоғамдық сипатта болады. Халық саяси түрткілерден тыс өздерінің күнделікті мәселелерін федералдық билік пен жергілікті билік арқылы шеше алуы үшін қалалық істерді басқару саласындағы мамандардың арасынан бір топ адамдарды сайлауды мақсат етеді».

Революция жетекшісі х.ш.ж.с.б. 1392 жылы жасаған баяндамасында сайлаудың Иранның халқының құзыры мен өз тағдырын таңдаудағы еркіндігінің белгісі екенін қуаттап: «Сіздер президентті сайлаған кезде елдің атқарушы билігінің тізгінін өздеріңіз таңдаған бір тұлғаның қолына бересіздер. Мәжіліс өкілдерін сайлаған кезде заң шығаруды және атқарушы органдардың жұмысын бақылау міндетін өздеріңіз қалап, таңдаған адамдардың мойнына жүктейсіздер. Сондықтан, өздеріңіз таңдайсыздар. Бұл халықтың елдің істерін өздері басқарып, елдің тағдырын халықтың өзініңанықтайтынын көрсетеді. Бұлкішкентай әрі  маңызсыз нәрсе емес; бұл біз үшін ең маңызды іс» деді.

Басқаша айтқанда, әр сайлауда, мейлі заң шығарушы мәжілістің өкілдерін сайлау болсын, мейлі президенттік сайлау болсын немесе басқа да басшыларды сайлау кезінде сайланатын қайраткерлер заңдылығы мен саяси-құқықтық өкілеттігін бұқара халықтан, яғни, дауыс берушілерден алады. Сол себепті Ислам революциясының жетекшісі сайлауға қатысты көзқарасында халықтың сайлау учаскелеріне келіп, хабардар түрде таңдау жасауы қажеттігін әрдайым қуаттап келеді.

 

 

 

 

Тегтер