Ирандағы президенттік сайлау (5)
(last modified Sat, 06 May 2017 17:46:37 GMT )
Maм 06, 2017 23:46 Asia/Almaty
  • Ирандағы президенттік сайлау (5)

Ислам Респубикасы жүйесінің көзқарасы бойынша, халықтың дауысы сайлау учаскелерінің басшылары мен дауыс санаушылардың қолындағы аманат саналады. Сол себепті осы саладағы жұмыстар өте мұқият іске асырылады.

Халықтың сайлауға қатысуы мен ондағы белсенділігі және халықтың дауысын сақтау қажеттілігі Ислам революциясының негізін қалаушы хазірет имам Хомейни мен осы революция жетекшісі тарапынан әрдайым қуатталып келеді.

Хазірет имам Хомейни: «Халықтың дауыс беруі –құқық. Халықтың тағдырын кез келген бір басшының қолына қаратып, оның осындай ұлы әрі тарихы бай елдің істерін басқару үшін заң жазуына және біреуге «сен былай жаса», басқасына «сен олай айтпа» деп бұйыруына рұқсат бермеу керек. Оның өз шарттары болады» дейді.

Хазірет имам Хомейни сайлауды әрбір халықтың бастапқы құқығы деп атап, сол халықтың өз елінің тағдырын, билік түрі мен қалыбын анықтауды өз қолына алуы керек екендігін айтады. Хазіреттің пікірінше, өкілеттік халықтың қолында болуы тиіс. Әрбір парасатты тұлға «әр адамның тағдыры  өз қолында» деген пікірді қабылдайды. Заң, парасаттылық пен адам құқығы – әр адамның тағдырының өз қолында болуы. Әр халықтың тағдыры өз қолында. Хазірет бұл жайында былай дейді: «Исламдық үкімет – шынайы мағынасындағы демократиялық үкімет. Бұл үкіметте барлық діни азшылықтарға толық еркіндік беріледі. Әр адам өз наным-сенімін білдіре алады. Ислам барлық наным-сенімдерге жауапты. Исламдық үкімет барлық қисынға қисынмен жауап берді. Конституцияға дауыс берген әр адам Конституцияның жүзеге асырылуын күтеді. Ал бір адамдардың ұйқысынан жаңа оянғандай әр жерден «мен Сақшылар кеңесін қабылдамаймын» немесе «мен Конституцияны қабылдамаймын» деп айтуы дұрыс емес» деді.

Ислам реолюциясы жетекшісінің пікірінше, «жүзеге асыру, бақылау, ерікті күштердің құқығы, сайлау бюллетеньдері, халықтың дауысын сақтау мен сайлау нәтижесін қабылдау» – бір-бірін толықтырушы мағынасы терең сөздер. Халық америкалықтардың осы сайлауға қатысты қызғанышын назарға алып,  ықпал ету мәселесіне ден қоюы керек.

Хазірет аятолла Хаменеи былай дейді: «Жетекшіні таңдайтын немесе ел үшін заң шығарып, елдің атқарушы билігінің төрағасын таңдайтын адамға шарт қойылады, оның құзіреттілігі болады. Қажетті құзіреттілікті кім белгілейді? Бұл құзіреттіліктің белгілі бір тұлғаға немесе адамдарға тиесілі болу, болмауын белгілейтін бір ұйым болуы тиіс емес пе? Осындай қажетті аппарат – Сақшылар кеңесі мен оған қарасты бақылаушы топтар».

Х.ш.ж.с.б. 1388  жылы (2009 жыл) хазірет аятолла Хаменеи жұма намазынан кейін өзінің жалпы халыққа арнаған алғашқы баяндамасында «сайлау нәтижелерін бұрмалау» атын жамылып, халықтың дауысына көзжұмбайлықпен қарау және сайлау нәтижелерін жарамсыз ету үшін алғашқы қастық жасалғаннан кейін кез келген заңсыз әрекеттен бас тартуды қуаттады.

Сайлаудың дұрыстығын сақтап қалу үшін заңдық шектеулерден аспау революция жетекшісінің осы баяндамада айтып өткен маңызды тұстарының бірі болды. Хазірет былай деді: «Егер адамдар күмәнданып, айғақтар ұсынатын болса, міндетті түрде бұл іс қаралуы керек. Дегенмен, заңдық шеңбер де сақталуы тиіс. Заңсыз істердің жауапкершілігін ешкім мойнына алғысы келмейді. Бүгінде, егер заңдық шеңберлер бұзылатын болса, болашақта ешбір сайлау дұрыс өткізілмейтін болады. Кейбіреулердің көшелерде шеру ұйымдастырып, жүйеге қарсы қысым тетігін құрып, жүйе басшыларын өздерінің талаптарын орындауға мәжбүрлеуге болады деген пікірлері де дұрыс емес. Қысыммен заңсыз талаптарды орындаудың өзі озбырлықтың бастамасы болмақ».

Х.ш.ж.с.б. 1392 жылғы президенттік сайлаудың қарсаңында «халық құқығы» сөзін қуаттау және одан кейінгі жылдары оның түрлі аспектілерін сипаттауды жетекшінің «жүйенің егемендігі» және «халықтың дауысын қорғау» туралы пікірлері шеңберінде бағалауға болады.

Х.ш.ж.с.б. 1396 жылғы революция жетекшісінің баяндамаларындағы маңызды бөлімдердің бірі сайлауды қуаттау және халықтың дауысын сақтау туралы ескертулері болды. Хазірет осы аяда былай дейді: «Халықтың берген дауысының нәтижесіне қарсы шыққан кез келген адамға мен қарсы тұрамын».

Иранның Сақшылар корпусының ақпарат өкілі Аббас Әли Кадходаи былай дейді: «Өткен бір-екі жыл ішінде жетекші тарапынан көтерілген мәселелердің бірі – сайлаудың халықтық құқықсаналуы. Зариф те сайлаудың халықтың құқығы болуы туралы пікірінде халықтың дауысы мәселесін баяндайтын. Әрбір саяси жүйені қорғаудың қажеттілік екені белгілі. ИИР-да хазірет имам Хомейнидің кезінде де, революция жетекшісі тарапынан да  халықтың дауыс беру құқығының қорғалу мәселесі әрдайым қуатталып келеді. Бұл мәселенің біздің қоғамға және басқа да кез келген қоғамға деген қоғамдық сенімді арттыратыны сөзсіз».

Сайлаудың дұрыстығы шын мәнінде халықтың сайлауда берген дауыстарын қорғау арқылы қамтамасыз етіледі.

Сол себепті Конституцияда сайлауды дұрыс өткізу және халықтың дауысын сақтау үшін сайлаудың өткізілуін бақылау мәселесі қарастырылған.

Осы аяда Иран Конституциясының 99 бабында былай депжазылған: «Сақшылар кеңесі Эксперттер мәжілісі, президент әкімшілігі, Ислам кеңесі мәжілісіндегі сайлаулар мен референдумдарды бақылауды өз міндетіне алады».

Сақшылар кеңесі сайлауларды бақылау үшін бақылаушы топтардың көмегіне жүгінеді.

Осы аяда екі басты міндет, атап айтқанда, құзіреттілікті тексеру және сайлаудың барлық кезеңдеріндегі үдерісін бақылау міндеттері қарастырылған. Оның мақсаты – дауыс берушілердің сенімін тудыру және сайлаудың барлық кезеңдерін айқын әрі ашық түрде көрсету. Сондықтан тіркеу жұмыстары мен Сақшылар кеңесі тарапынан құзіреттіліктің тексерілуінен бастап сайлаудағы үміткерлердің үгіт-насихаттық жұмыстарына дейінгі барлық кезеңдердегііс-шараларды бақылаушылар жіті қадағалап отырады.  

Иранның президенттік сайлауға қатысты заңдарына сәйкес,  тіркеу жұмыстары аяқталған күннен бастап бақылау мен тексерудің екі түрі жүзеге асырылады. Алдымен бір кеңес бастапқы тексерулерді жүргізіп, заңда белгіленген құзіреттілікпен сәйкестігін тексереді. Одан кейін Конституцияның 118 бабына сәйкес тексерістің келесі кезеңі Сақшылар кеңесі тарапынан жасалады.

Иранның сайлауға қатысты заңдарының 10 бабында сайлау тікелей, қоғамдық деңгейде әрі адамдардың жасырын түрде дауыс беруі арқылы жүргізіледі. 28 бапта дауыс беру бюллетенінде бір үміткердің есімінен артық есімдер жазылса немесе белгіленетін болса, оның жарамсыз саналатыны, бірақ дауыс берліген болып есептелінетіндігі жазылған. Сонымен қатар, 29 бап бойынша, дауыс беру басталмас бұрын бақылаушы топтың өкілі немесе өкілдерінің құзырында учаскенің мөрі басылған, бос әрі жабық жәшіктер тіркеліп, дауыс жинауға беріледі. Дауыс беру басталмас бұрын учаскеде бөлімше өкілдері тарапынан жасалатын хаттамада тиісті бөлімшенің бақылаушы тобының өкілі немесе өкілдері жәшіктердің санын көрсетіп, олардың бос болғанын растайды. Дауыс беру барысында қосымша жәшіктер қажет болған жағдайда осы тәртіп бойынша әрекет етіп, хаттама дайындалуы қажет.

Сайлауда халықтың дауысын сақтау шын мәнінде азаматтардың қоғамдық және азаматтық құқықтарын ең жоғарғы деңгейде жүзеге асырудың нышаны болып табылады. Бұл құқық дауыс беру арқылы жүзеге асырылып, қоғамдағы демократияның негіздерінің нығаюына себеп болады. Сол себепті шетелдік мамандар мен БАҚ өкілдері сайлаудың ықпалы мен халық дауысының сайлаудың тағдырындағы рөлін мойындап отыр. Халықтың дауыс беруінің жалғасып келе жатқаны да ешуақытта осы ақпарат құралдарының назарынан тыс қалған емес.

 

 

Тегтер