Ирандағы президенттік сайлау (12)
Ирандағы сайлау туралы бағдарламаымыздың жалғасында сіздерді ИИР-ның президенттік сайлауының осы кезеңіндегі үміткерлермен таныстырамыз.
Сейіт Мұстафа Аға Мирсалим, Исхақ Джаһангири Кушаий, Хасан Рухани, сейіт Ибрахим Раиси Садати, Мұхаммад Бақер Қалибаф пен сейіт Мұстафа Хашемитаба – ИИР-ның президенттік сайлауының 12-ші кезеңінде кандидатуралары заңда көрсетілген талаптарға сай деп танылып, сайлауалды бәсекелестіктерге қатысу үшін қажетті біліктілікке иеліктері расталған алты үміткер.
Сайлаудың осы кезеңінде үміткерлерді тіркеу жұмыстары кезінде бірқатар саяси тұлғалар мен өткен кезеңдерде белсенділік танытқан қайраткерлер және басқа да жүздеген адам ИИР-ның президенттік сайлауы алдындағы бәсекелестікке қатысуға әзірлік білдірді. Иран Конституциясының 110-бабының 9-тарауына сәйкес, сайлаудан бұрын үміткерлердің осы заңда көрсетілген талаптарға сәйкестігін Сақшылар кеңесі растауы керек. Бұл жайында үміткерлердің саяси және діни істерде тәжірибесінің болуы, сондай-ақ, Иранның исламдық республика жүйесі мен ресми дініне адал болуы керектіг айтылған.
Үміткерлердің әрбіреуі президенттік лауазымнан бастап, басқа да лауазымдарда қызмет атқарған тәжірибеге ие тұлғалар. Сайлаудың бұл кезеңінде үміткерлер пікірталастар мен түрлі сайлаулды үгіт-насихат жұмыстарында өздерінің бағдарламаларын таныстырып, қорғайды. Бұл кезеңді қозғаушы мотор, түрткілерді нығайтатын әрі сайлау алдындағы қобалжушылықтарды арттыратын кезең деп атауға болады. Сіздер бұл үміткерлерді қаншалықты танисыздар? Президенттік сайлаудың 12-ші кезеңіндегі үміткерлермен көбірек танысу үшін бізбен бірге болыңыздар.
Қазіргі президент Хасан Рухани сайлаудың 12-ші кезеңіне үміткер ретінде тіркелді. Ол 2013 жылы экономикалық реформалар жүргізу және елдің мәселелерін шешу туралы уәде беріп, Иранның президенті болып сайланды.
Хасан Рухани Иранның ішкі және сыртқы саясаттарында ұстамды болу ұранымен президенттік сайлауға қатысқан болатын. Ол саяси және экономикалық мақсаттары және бағдарламаларында халықты ең көп толғандыратын мәселелерге назар аударды. Руханидің сайлаудың 11-ші кезеңінде айтқан пікірлері ішкі мәселелермен қатар, сыртқы саяси мәселелерге де бағытталды. Хасан Руханидің сөздеріне назар аударайық: «Біз барлығымыз қайтадан келуіміз керек. Мен бүгін Иран үшін, Ислам үшін қайтадан алдарыңызға келдім. Осы жерде көбірек еркіндікке, ауқымдырық қауіпсіздікке және көбірек дамуға қол жеткізу үшін келдім. Біз барлығымыз ұстамды Ислам, рақымды Ислам мен адамгершілікті әрі қисынды революцияның қасынан табылу үшін қайта келеміз. Иранның болашағын бірге құрамыз. Менің соңғы сөзім: Иран үшін, Ислам үшін қайта келемін. Барлық ирандықтардан Иран үшін, Ислам үшін қайта келулеріңізді сұраймын».
Сейіт Ибрахим Раиси Садати – президенттік сайлаудың осы кезеңіндегі келесі үміткер. Ол Иранның сот билігінде қызмет атқарып, Сот билігі төрағасының бірінші орынбасары болған. Ол Исламдық құқықтану ғылымының докторы. Раиси 2016 жылдың наурыз айының жиырма алтысы күні Резави облысының вакфтық мүліктер жөніндегі басшысы болып тағайындалды. Кейбір сарапшылардың пікірінше, Раиси Руханидің басты бәсекелесі болмақ.
Сейіт Ибрахим Раиси Садатидің сөзіне назар аударайық: «Біздің исламдық жүйенің мақтаныштарының бірі бұл жүйедегі барлық қайраткерлердің халықтың дауыс беруімен сайлануы болып табылады. Халықтың дауысына жүгіну – жүйе құрылымының негізі. Бұл жүйеде «халықтың дауысы» дегенбос сөз емес. Халықтың дауысы шынымен де елдің, елдің түрлі бөлімдерінің тағдырын шешеді. Біздің құрметті халқымыз тек бір сайлауда ғана емес, барлық сайлауларда екі мүмкіндікке қол жеткізеді: біріншісі – өздері таңдағанды қайта қарап, қайта бағалау; екіншісі – елдің болашағы үшін шешім қабылдау. Біздің мемлекет шамамен қырық жыл уақыт ішінде түрлі үкіметті көрді. Әрбір үкімет жақсы істер жасап, елдің дамуы жолында қадам басты. Барлық үкімет қайраткерлерінің істерін бағалау қажет».
Мұхаммад Бағер Қалибаф – сайлауалды бәсекелестіктеріне қатысып жатқан ең жас үміткер. Қазіргі кезде Теһран қаласының әкімі міндетін атқарып жатқан Қалибаф Сақшылар корпусының әуе күштерінің қолбасшысы ретінде қызмет еткен. Иран халқы үшін танымал Қалибаф 2005 жылдың басынан бастап Теһран қаласының әкімі қызметін атқаруда. Қалибаф осымен үшінші рет президенттік сайлауға үміткер болып отыр.
Осы үміткердің сөздеріне назар аударайық: «Сіздер Қалибафқа сене аласыздар. Себебі ол ешуақытта үстел басында отырып басқармаған, керісінше жұмыс кимін киіп, сіздердің араларыңызда жұмыс істеп келеді. Сіздер оған сене аласыздар, себебі ол бұрынғы қызметтерін атқару кезіндегідей ішкі мүмкіндіктерге сүйенген тиімді бағдарламалар жасаған. Сіздер оған сене аласыздар, себебі қайратты, тәжірибесі әрі джиһадтық рухы бар жас адам елдің атқарушы билігінің басшысы болады. Қалибаф әрдайым іске асыра алатын сөзді ғана айтады. Оның тәжірибесі әрқашанда өзінің міндеттеріне берік болғанын көрсетеді. Бүгін фарвардин айының жиырма алтысы күні мен, Мұхаммад Бағер Қалибаф, Жаратушыға тәуекел ете отырып және сіздердің көмектеріңізбен халықтық үкімет құрып, төрт жылдық президенттік кезеңде экономикалық революция жасап, елдің табысын 2,5 есе көбейтуге, сондай-ақ, 5 миллион жұмыс орнын ашуға, салық жүйесін халықтың пайдасына қарай 95 пайызға өзгертуге, барлығынан маңыздысы, қиыншылықтарды жылдам шешу үшін шығыны аз бағдарламалар құруға уәде беремін. Бұл – бос сөз емес, іс-жүзінде жүзеге асырылатын уәделер».
Реформашы әрі қазіргі президенттің бірінші орынбасары Исхақ Джаһангири – осы сайлаудағы үміткерлердің бірі. Көптеген сарапшылардың пікірінше, ол бұл бәсекелестікке Руханиге қолдау көрсету үшін және ұстамдылық ұранын айту, әсіресе, телевизиялық пікірталастарда осы ұранды жария ету үшін қатысып отыр.
Джаһангиридің сөзіне назар аударайық: «Сайлаудың өзіндік қисыны болады. Елдің ірі мәселелері мен бағдарламалар жөнінде келісім бар. Сонымен қатар, шынайылық пен өзіндік шеңберлері де бар. Алдағы күндері халық осы үміткерлердің арасынан біреуін таңдайды. Халық сайлау арқылы ұсынылған көзқарастардың арасынан өздері қалағанын таңдайды. Мен де халыққа қызмет ету жолына түскеніме ризамын. Бұл кезеңде мен өз қалауым бойынша үміткер болған жоқпын. Реформашы топтар мен тұлғалар және достарым өтініш жасағаннан кейін соңғы сәтте келісіп, тіркелдім».
Мұстафа Аға Мирсалим – Ирандағы әртүрлі консерваторлардың қолдауына ие үміткер. Консерваторлық партиялардың арасынан Коалициялық партия ғана 12-ші президенттік сайлаудың соңғы кезеңіне дейін жеткен алғашқы партия.
Мирсалим Францияның Пуатье университетінде инженер-механик мамандығы бойынша жоғары білім алған. Ол 1982 жылы президент әкімшілігінің төрағасы әрі президенттің жоғарғы кеңесшісі болып тағайындалды. Мирсалим Мәдениет және исламдық бағдарлау министрлігінде де басшылық еткен.
Мирсалимнің сөздеріне назар аударайық: «Мен бүгін сіздердің, Иранның ұлы халқының кенделікке ұшыраған құқықтарын жүзеге асыру үшін келдім. Мен революция жетістіктеріндегі үлестеріңізді алып, сіздерге жеткіземін. Бірлік – ниетте. Бірлік – мақсатта. Басқа үміткер дауысты көп жинаса да, бәріміз бірге халыққа қызмет ету үшін жұмыс істейміз. Бірлік – қызмет етуде. Өзіменемесе жақындарым үшін байлық іздеп келгем жоқ. Мен сіздердің іске асырылмай жатқан құқықтарыңызды жүзеге асыру үшін келдім».
Сейіт Мұстафа Хашемитаба – Сақшылар кеңесі тексерісінен өтіп, президенттік сайлаудың 12-ші кезеңіне қатысып отырған келесі үміткер.
Хашемитаба 1980 жылы Өнеркәсіп және тау-кен министрі қызметін атқарған. Одан кейін Иранның Ұлттық олимпиадалық комитетінің төрағасы болып сайланды. Мұстафа Хашемитаба Иранның президенттік сайлауының 8-ші кезеңінде реформашы үкіметтің бірінші президентінің бәсекелерінің бірі болған. Ол – бүгінгі күні Кәсіпкерлер одағы деп танымал болған ағымның атынан шыққан үміткер. Хашемитаба бұдан бұрын Иранның президенттік сайлауының 8-ші кезеңіне де қатысқан.
Хашемиитабаның сөзіне назар аударайық: «Егер халық маған сеніп, президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынып отырған азаматқа міндет жүктесе, онда жұмыстарды атқару үшін мүмкіндік туады. Бұл жұмыстардың барлығының үкіметтің жобалауы және халықтың джиһадтық әрекетімен жүзеге асырылатыны белгілі. Біздің күрескерлер өз жандарын пида етіп, Иран жерін қорғауға талпынды. Күрескерлердің әрекеттері, Қасиетті қорғаныс кезіндегі саясаттары мен джиһадтық әрекеттерИИР-ның халқы мен барлық кәсіпкерлерінің назарынан тыс қалмауы керек. Бұл күрескерлер біздің жеріміз мен біздің шекараларды қорғады. Халықтың өз жерінде өмір сүруіне ыңғайлы болу үшін біз де отанымызды түрлі қырларынан қорғауымыз керек. Әр адамөзіндік ой-пікірін өзінің басты мақсаты етіп қояды. Менің басты бағдарым – Иранның жерін қорғап, ауылшаруашылығында реформа жүргізу».
Сонымен, бұл сайлауға түрлі бағыттағы саяси ағымдар қатысады деп айтуға болады.
Кейбір саяси және фракциялық шектеулерге қарамастан, Ислам республикасы жүйесіндегі сайлау халықтың дауысына негізделеді. Сол себепті, осы алаңға аяқ басатын әрбір үміткер бір фракция немесе саяси құрылымға мүше болуына қарамастан, олардың тәжірибесі, іс-әрекеттері мен жұмыстарына байланысты халықтың дауысы арқылы ғана сайланады.