Арбағиндегі ғашықтық рауаяты (2)
(last modified Tue, 07 Nov 2017 04:28:21 GMT )
Қар 07, 2017 10:28 Asia/Almaty
  • Арбағиндегі ғашықтық рауаяты (2)

Арбағин шеруі кезінде имам Хосейнге (ғ.с.) деген сүйіпеншілікті қолмен ұстап, көзбен көруге болады.

Арбағин шеруі кезінде имам Хосейнге (ғ.с.) деген сүйіпеншілікті қолмен ұстап, көзбен көруге болады. Ирактың шекарасындағы алғашқы қаладан Кербалаға дейінгі арақашықтық тіпті көлікпен жүрген жолаушылар үшін де алыс. Бұл жолды жаяу жүру туралы айтқанда мүмкін еместей көрінеді. Бұл жолды толығымен жаяу жүріп өту екі апта уақыт алады. Түрлі жастағы адамдар күндізгі аптап ыстық пен түнгі суыққа төтеп береді. Арбада отырған қарт әжей, қолында нәрестесі бар жас ана, қолдарына ту ұстаған денесі шымыр бозбалалар мен үстеріне шадра жамылған жеткіншек қыздар сапарға қажет керек-жарақтардың болмауына қарамастан, қауіпті батпақтар мен ой-шұңқыры көп жерлермен жүріп келеді. Жүректерінде Хосейнге деген ұлы махаббаттан басқа ешнәрселері жоқ. Тулар мен түрлі сөздер жазылған маталар басты мақсаттарын күллі әлемдіктерге паш етеді. 

 

Осы шеруден түрлі  тілдер мен диалектілерде сөйлейтін, бірақ, барлығы бір мөлшерде өз имамына деген адалдық танытып, киелі мекенге бет бұрған адамдарды көреміз. Барша бұл жолды тезірек жүріп өтіп, киелі мекенге жетіп, Хосейн арбағинінің мағрифатынан сусындауға асық. 

Жасы үлкен болмаса да ағарған шашы мен солғын тартқан көздерінен көп жылдың тауқіметі байқалады. Өзін Камали деп таныстырып, жолын қолындағы таяқпен тазартып келе жатқан күйі: "Имам Хосейнге деген ғашықтық әйел мен еркекке, жас пен кәріге, ауру мен сауға қарамайды. Пайғамбар әулетіне деген ғашықтық эликсирі таңғажайып тудырады. Зиярат етуге осымен екінші рет жол тарттым. Қасиетті қорғаныс кезінде көзімнен айырылдым. Бірақ Арбағиннің сұлулығын жүрегіммен көремін. 

80-90 шақырымдық жол. Бұл жолды жүріп өту оңай емес. Бірақ Арбағин оқиғасы мен Пайғамбар әулеті және имам Хосейннің отбасы көрген қиындық Кербалаға дейінгі жолды басып өту ауыртпашылығынан әлдеқайда көп. Бұл қиыншылық сол ұлылар көрген тауқіметтің тек бір тамшысындай ғана. Бірақ бұл жолдың өзіндік сұлулықтары бар. Имам Әли (ғ.с.) мен имам Хосейннің (ғ.с.) осы жолда көрген  кейбір қиындықтарын түсінген кезде бұл жолдың әдемілігін де көресің. Бұл менің сөзім емес. Осы шеруге қатысқан әр адам осы жол бойында Жаратушының қолдауының қаншалықты көмектесетінін және Алланың осы Арбағинге қаншалықты сұлулық сыйлағанын көреді. Хазірет аятолла Хаменеидің айтуынша, бұл имам Хосейннің тартылыс күші. Хосейннің магниттік тартылыс күшіАрбағин күні басталып, Джаббар бен Абдолла Ансариді Мединадан Кербалаға қарай тартқан еді. Бұл – бүгінгі күні де көптеген ғасырлар өткенімен менің және сіздің жүрегіңізді өзіне қарай тартып жатқан магниттік тартылыс күші" деді.

 

Бұл ұлы әрекет – Пайғамбар (с.ғ.с.) әулеті мектебінің артықшылықтарының бір көрінісі. Одан иман да, жүректен шыққан адалдық пен шынайы наным-сенім дебайқалады. Махаббат, сүйіспеншілік пен иман, ақыл мен сезім имам Хосейн мектебінің ерекшелігі. Әлемнің түрлі елдерінен келген адамдардың осындай теңдессіз оқиғадағы адалдық пен сүйіспеншілікке толы осы әрекеті  илаһи рәсімдердің бірі болып табылады. 

 

 

Тегтер