Сайлау науқаны 2: Эксперттер мәжілісі, оның рөлі мен міндеттері
Ақп 14, 2016 19:11 Asia/Almaty
26-шы ақпанда (7-ші эсфанд) Иран халқы Ислам Кеңесі Мәжілісінің 10-шы кезеңінің және діни жетекшінің Эксперттер мәжілісінің (Хобрегон мәжілісі) 5-ші кезеңінің сайлауларына қатысу үшін дауыс беру учаскелеріне барады. Діни жетекешінің Эксперттер мәжілісінің Иранның Конституциясында қуатталған рөлі бұл сайлаудың да Ирандағы басқа да сайлаулар сынды маңызды екендігін көрсетеді.
Иранның Ислам республикасы жүйесінің әр органы ерекше маңыздылыққа ие. Алайда бұл органдардың арасында Эксперттер мәжілісі Конституцияда қарастырылған маңызды міндеттеріне байланысты Ислам республикасы жүйесінің ең маңызды органы саналады. Ислам республикасы жүйесіндегі Эксперттер мәжілісінің арнайы орны туралы түсіну үшін бұл органның маңызды міндеттері мен арнайы ерекшеліктеріне нақты шолу жасау қажет. Аталмыш мәжілістің халықтың қатысуымен өтетін сайлаулары оның ерекшелігін білдіріп, оны халықтың жаппай қатысуының көрінісі мен исламдық халықтық демократияға айналдырады. Эксперттер мәжілісінің өкілдері халықтың дауыс беруі арқылы сайланады. Халық өздері сенім артатын адамдарға дауыс береді. Содан соң олар негізгі міндеттерін орындайды, яғни діни жетекшіні сайлайды. Эксперттер мәжілісі – халықтың діни жетекшіні сайлауға қатысуының көрінісі. Халықтың сайлау жәшіктеріне тастайтын дауыстары олардың жанама түрде діни басшыны сайлауға қатысуын көрсетеді. Эксперттер мәжілісі – исламдық халық демократиясы жүйесіндегі негізгі органдардың бірі және Ислам республикасы жүйесінің мықты демеушісі. Діни жетекшіні анықтау және діни жетекшінің билігін сақтау – Эксперттер мәжілісінің негізгі екі міндеті. Бұл міндеттерді дұрыс орындаған кезде исламдық қоғамдағы діни және революцияшыл жетекшінің билігі сақталып, жалғасады. Сондықтан Эксперттер мәжілісіне сайланып, міндетке ие болу өте маңызды. Эксперттер мәжілісінің сайлауына үміткер болған адам әр тұрғыдан қажетті діни және саяси тұрғылардан сауатты болуы керек. Өйткені бұл мәжілістің міндеті – діни және революцияшыл басшыны сақтап қалу. Басқа жақтан, халық сайлауға қатысып, Эксперттер мәжілісінің өкілі ретінде адал, мүмін және шешім қабылдайтын адамарды сайлайды. Сөйтіп, Эксперттер мәжілісі тәуелсіз орган болып, халықтың даусымен сайлануына байланысты исламдық қоғамда маңызды рөл атқарады. Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасынша, Экперттер мәжілісінің жүйенің діни жетекшісін анықтаған кезде исламдық құндылықтар мен фикхті критерий ретінде қарастыруы исламдық құндылықтардың билігі мен Исламның өмірлік тұрғыларға таралуына себеп болады. Діни жетекшінің сайлауының басқа сайлаулардан айырмашылығы – бұл сайлаудың исламдық құндылықтарға сүйенуінде. Сол себепті Эксперттер мәжілісінің сайлауы исламдық ахкамды іске асырып, исламды өмірлік үдерістерге тарату үшін исламдық құндылықтардың билігін сайлау болып табылады. Ислам революциясының жетекшісі аятола Хаменеи Құм қаласының халқымен жуырдағы кездесуінде Эксперттер мәжілісінің маңыздылығына тоқталып, Ислам республикасы жүйесіндегі оның рөлін өте маңызды деп атап: «Ислам республикасы жүйесінің ешбір органы Эксперттер мәжілісіндей маңызды емес. Мұның барлығы оның ықпалын көрсетеді»,- деді. Ислам революциясы жетекшісінің мұндай қуаттаулары Эксперттер мәжілісінің теңдессіз орны мен Ислам республикасы жүйесіндегі бұл органның сындарлылығын білдіреді. Бұл органды үкіметтің ешбір органымен салыстыруға болмайды. Эксперттер мәжілісіне бұл тұрғыдан қарау оны халықты дұрыс жолға нұсқайтын және қоғамның тағдырына әсер ететін органға айналдырды. Эксперттер мәжілісіне барлық тұрғылардан халық сенім артатын танымал ғалымдар сайланады. Өйткені бұл адамдар діни жетекшіні сайлайды. Яғни, ең озық діни ғалымдар Эксперттер мәжілісіне кіреді. Эксперттер мәжілісі имам Хомейнидің мектебі мен саясатының негіздері бойынша Иран халқының революциялық қозғалыстарын жалғастырады. Сондықтан діни жетекші халықты сайлауға қатысып, қырағылық білдіріп, адал, мүмін, тақуа, ғалым және революцияшыл адамдарды сайлауға кеңес береді. Діни жетекшінің Эксперттер мәжілісі Ислам революциясының іргетасын қалаушы имам Хомейни дүниеден озғаннан кейін 1989-шы жылдың маусым айында өз рөлінің маңызды әрі тағдырды шешетіндей екенін көрсетті. Ислам республикасы жүйесінде діни жетекшінің дәрежесі ерекше маңызды. Эксперттер мәжілісі өз шешімі және діни жетекшінің анықтауымен діни жетекшілікті сақтауда. Имам Хомейни дүние салғаннан кейін 24 сағатқа жетпей, аятолла Хаменеидің діни жетекші болып сайлануы Ислам республикасы жүйесінде Эксперттер мәжілісінің маңыздылығы мен ерекше орынға ие болуын көрсетеді. ИИР Конституциясы бойынша Эксперттер мәжілісі маңызды үш міндетке ие. Конституцияның 107- бабы бойынша, діни жетекшіні сайлау Эксперттер мәжілісінің міндеті. Эксперттер мәжілісі Конституцияның 5-ші және 109-шы баптарында қарастырылған негіздер бойынша барлық фикхтерді талқыға салып, халыққа ұсына алады. Осыған орай Эксперттер мәжілісінің бірінші міндеті ИИР-ның діни жетекшісін сайлау саналады. Конституцияның 11-ші бабы бойынша Эксперттер мәжілісінің келесі міндеттерінің біріне діни жетекшінің басқа жұмыстарын бақылау жатады. Діни жетекші өзінің заңды міндеттерін орындай алмайтын жағдайға жеткен кезде немесе Конституцияның 5-ші және 109-ші баптарында ескерілген шарттардың біріне сәйкес келмейтіндігі анықталса өз міндетінен кетеді. Бұл мәселені анықтау Конституцияның 108-ші бабы бойынша Эксперттер мәжілісінің міндетінде. Конституция бойынша Эксперттер мәжілісінің шарттары мен оның сайлауының сапасы Сақшылар кеңесі арқылы анықталады. Содан соң Конституциядағы өзгерістер мен басқа ережелерді қабылдау Эксперттер мәжілісіне қатысты болады. Эксперттер мәжілісі өкілінің саны әр облыстың халқының санына орай, яғни әр миллион адамға бір адамнан сайланады. Эксперттер мәжілісі бесінші кезеңде 86 мүшеден құрылады. Эксперттер мәжілісінің мүшелері болып діндар, жоғары ахлақ пен діни мәселелерді дәлелдей алатын қабілет пен иджтихадқа, сондай-ақ, діни жетекшінің жарамдылығын ажырата алатын мүмкіндікке ие, саяси және қоғамдық көзқарасы бар әрі күнделікті мәселелермен таныс адамдар сайланады. Олардың сайлауға қатысу жарамдылығы сайлаудан бұрын осы ерекшеліктер бойынша анықталады. Эксперттер мәжілісінің мүшелері сайлауға қатысушылардың дауысымен сегіз жылға сайланады. Діни ғалымдардың көбінің Эксперттер мәжілісінің мүшелері болу үшін сайысқа түсуіне Ислам революциясы жетекшісінің таяудағы сөздерінің бірінде Эксперттер мәжілісінің маңыздылығын қуаттауы себеп болды. Хазірет: «Эксперттер мәжілісі сырт көзге жылына екі рет жиналып, саяси және саяси емес мәселелерді талқылайтындай көрінеді. Эксперттер мәжілісіне мұндай көзқараспен қарауға болмайды. Эксперттер мәжілісі діни жетекшіні сайлайтын орган. Бұл өте маңызды. Эксперттер мәжілісінің мүшесі етіп сайлайтын адамдарыңыз шын мәнінде революцияшыл қозғалыстардың кілтін ұстайтын басшыны сайлайды. Бұл кішкентай іс емес, өте маңызды іс. Сондықтан зерттеу жүргізіп, сайлайтын адамға сенімді болуарыңыз керек. Сондықтан, сайлау және оған қатысу негізі маңызды мәселе, ал адал адамды сайлау назар аударатын үлкен мәселе»,- деді. Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша Эксперттер мәжілісі – Ислам републикасы жүйесінің ең маңызды органы.