Маусым 29, 2016 11:50 Asia/Almaty
  • Рамазан керуенімен 2

Бізді Өзінің шексіз мейірімділігі мен нығметтерінің қорына бөлеп, бізге қайтадан бұл қасиетті айдың берекесін түсінуге мүмкіндік берген Аллаға шүкіршілік айтамыз.

Алла Тағала бізге сый еткен айы туралы: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді.»,- дейді. («Бақаре», 185-ші аят). Рамазан айының ең айқын ерекшелігіне мұсылмандардың қасиетті ай бойы ораза тұтуы жатады. Ораза мүміндердің А.ға жақындау мақсатында қасиетті рамазан айында орындайтын міндеті. Ораза кезінде мұсылмандар бір ай бойы, нақтырақ айтқанда 29 немесе 30 күн күн шығып, батқанға дейін ішіп-жеуден және басқа да іс-әрекеттерден тартынады. Алла Тағала Құранда ораза туралы «Бақаре» сүресінің 183-184-ші аяттарында: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла Тағала сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар»,- деп айтады. Алла Тағала бұл аяттарда мүміндерді көркем де жүрекке қонымды сөздермен шақырады. Мұндай тәсілмен шақыру ораза тұтушыларға үлкен ләззат сыйлап, олардың ораза тұтуын жеңілдетеді. Сонымен бірге оразаның тек сіздерге ғана емес, сіздерге дейінгі үмбеттерге де бұйырылғаны туралы айтылды. Ораза барлық адамдар үшін белгіленген уақытта міндеттелген. Сондай-ақ кейбір жағдайларда жеңілдіктер де қарастырылған. Мәселен, егер адам сапарда болып немесе науқастығы мен әлсіздігіне  байланысты белгіленген уақытта ораза тұта алмаса, оның қазасын кейін өтей алады немесе ақысын төлейді. Содан соң Мейірімді Алла бұл аяттарда оразаның пайдасы мен философиясын баяндап, яғни адамдарға тақуалықты үйретіп, бұл ғибадатты пенделері үшін тартымды етеді. Ораза тұту сіздер үшін жақсылық пен рақымдылық деген ақиқатты баяндап, мүміндерді бұл міндетті махаббатпен орындауға жігерілендіреді. Рамазан айы – есеп-қисап айы, Алламен сырласатын мұрсат, ықыластың сынға түсіп, жүректің ашылатын кезеңі және ғамал кітабын қайтадан ашып қарайтын уақыт. Илаһи дастарханның басында отырып, берекелі сәресі мен рухани кеңістіктегі ауызашарлар, дұғалар мен Құран оқу, күннің шығуын ұйқтамай күту – мұның барлығы қасиетті рамазан айы дастарханың нығметтері. Олар сендерді шақырып, илаһи рақымға бөлейді. Ләззатты сезіну – әртүрлі арман тудыратын Алланың нығметтерінің бірі. Кейбір адамдар ғылыми пікірталастар орын алатын отырыстарға қатысқанды жақсы көреді. Басқалар ұнататын тамақтарын жеп-ішуді жақсы көреді, кейбіреулер жыныстық тұрғыдан зорлық-зомбылық жасау мен басұқыншылық және күнәсіз адамдарды өлтіруден ләззат алады. Рухани ләззат – адам рухының ең жоғары деңгейі. Бұл сезім жақсылық жасаған кезімізде, басқалардың құқықтарын бұзбаған және кегімізді алудың орнына адамды кешірген немесе өзіміз тапшылық көріп отыруымызға қарамастан мұқтаж адамға көмектескен  жағдайда пайда болады. Рухани ләззат алу сезімі рамазан айында ораза тұтумен жоғары толқынына жетіп, жамағат намазының рухани кеңістігі мен Құранның жүрекке қонымды аяттары, түн ортасындағы Алланы мадақтаулар адамның жүрегін толқытады. Жаңадан мұсылман болған сан-францисколық азамат Ахмад: «Мен мұсылман болмастан бұрын Флоридада католиктердің мектебінде оқыдым. Сабақтан тыс уақытта оқып, зерттеулер жүргіздім. Ислам туралы баяндаған кітаптардың бірінен ораза туралы оқыдым. Ораза, яғни аштық пен шөлге төзімділік білдіру және өзін тәрбиелеу. Бұл мәселені түсіну мен үшін оңай болмады. Исламды қабылдағаннан кейін бірінші рет 19 жасымда ораза ұстадым. Сол күні бөлмедеге достарыма ораза тұтқым келетіні туралы айттым. Мен көре алмайтын, бірақ бүкіл болысыммен Оның сезген Жаратушым үшін ораза тұттым. Сол күн менің өмірімнің ең жақсы күні болды. Мұсылман емес достарым ораза тұтуды тек аштық пен шөлге төзімділік білдіру деп ойлайды. Бірақ мен өзімнің тазарып, жанымның жеңілдеуі мен психикамның тынышталғанын сезгенім туралы айтқан кезімде олар менің ішкі өзгерісімді түсінді. Шын мәнінде ораза тұтып, рухани ләззатты бастан өткердім. Мұндай күйді бұған дейін еш уақытта бастан өткермеген болармын»,- деді. Алладан бұл қасиетті айда дүниежүзінің әртүрлі аймақтарындағы жастарымызды әділ әрі табысты етуді, иманның тәттілігін оларға да татыруды сұраймыз. Қасиетті рамазан айы адамның өзін-өзі тәрбиелейтін ай, адамға өзін тануға және илаһи жолда қадам басуға күш беретін ай. Бұл айдың ерекше міндеті ораза тұту саналады. Оразаның тек өзіне ғана лайық ерекшеліктері бар. Бұл ғибадаттың маңыздылығы сондай Алла Тағала: «Ораза Мен үшін. Оның сыйын Мен өзім беремін»,- деген болатын. Ораза баршаның көз алдында көрініп орындалатын ғибадаттарға керісінше ешкімнің көзіне көрінбей орындалады. Намаз оқыған кезімізде тұруымыз, рукуһ пен сәждеміз сыртқа көрініп, намаз оқып жатқанымызды көрсетеді. Хомс, зекет немесе мүлкімізді басқаға сыйлаған кезде кемінде көмек алған адам ғана ғамалымызды көреді. Қажылық, жиһад және басқа ғибадаттар да осыған ұқсас. Алайда ораза өзгеше. Оразаның сыртқа көрінетін арнайы әрекеттері жоқ. Сол себепті, егер ораза тұтушы адам өзі айтпаса, ешкім байқамайды. Имам Әли (ғ.с.): «Ораза – Жаратушы мен пендесінің арасындағы ғибадат. Жаратушыдан басқа ешкім одан хабардар болмайды және Оның Өзінен басқа ешкім сый бермейді»,- деген болатын. Сондықтан ораза табиғи түрде адамды ықылас пен Алланың ризашылығы үшін әрекеттенуге жігерлендіреді. Ораза Алланың дұшпандарын жеңетін күн. Өйткені шайтанның құралдарының бірі шаһуат. Шаһуат ішіп-жеген сайын күшейеді. Сол себепті Исламның ұлық пайғамбары: «Шайтан адамның болмысында қан сынды айналады. Сондықтан оның өтетін жолдарын аштықпен қиындатыңдар»,- деген болатын. Ықылас – рухани кемелдіктің ең жоғары деңгейі. Ықылас ниетті Алладан басқадан тазарту және тек Бір Алла үшін ғана ниет ету. Ықыласы бар адам үшін адамдардың мадақтауы мен айыптауы бірдей. Бұл адамның ғибадат етуінің мақсаты басқаның емес, тек Жаратушының ризалығына ғана ие болу. Хикаялардың бірінде сопының 30 жыл бойы өз намазын мешітте жамағаттың алдыңғы қатарында оқығаны туралы айтылған. Күндердің бірінде мешітке кешігіп келіп, жамағаттың бірінші қатарында орын болмай, екінші қатарға тұрады. Сол кезде ол өзін екінші саптан көрген адамдардан ұялады. Сол сәтте өзіне келіп, ол үшін адамдардың ойларының маңызды болғанын байқап, бүкіл намаздарының ықылассыз оқылғанын түсінгені айтылған. Ықлас пен ғамалды Алладан басқадан пәк ұстаудың бірнеше кезеңі бар. Исламның ұлық пайғамбары «Ықыластың арқасында иманның жоғары деңгейіне жетуге болады» деп айтқан болатын. Бұл рауаяттан ықыластың дәрежелерінің болуы көрінеді. Ықыластың мөлшеріне қарай иманның әртүрлі болатындығы анықталады: біріншісі, тозақтан қорқу, екіншісі жәннәтқа түсу. Олардың ең жақсысы адамның Алладан басқаны ойламайтыны саналады. Имам Әли (ғ.с.) «Уа, Алла тозақ отынан қорқып немесе жәннәттің нығметтері үшін ғибадат етпеймін.. мен Өзің ғибадатқа лайық болғаның үшін ғибадат етемін» деген болатын. Сол себепті әйгілі тұлғалар күнәдән алыстап, ықыластың жоғары деңгейне жетуге талпынған.                                                                                                  Ғұлама Абдолла Шустари хиджридің 10-шы ғасырының мистігі және әйгілі ғұламасы шейх Бахаиді көру үшін оның үйіне барады. Сөйлесіп отырған кезде намаз уақыты келеді. Шейх Бахаи Шустариден жамағат намазды басқаруды өтінеді. Бірақ Шустари қабылдамай, үйіне оралады. Кейбір достары оның себебін білгісі келгенд Шустари: «Егер шейх Бахаи сынды адам менің артымнан намаз оқыса, менің болмысымда өзгеріс болар деп ойладым. Осыдан қорқып, шейхтің ұсынысын қабылдамадым»,- деп жауап берген екен.