Жетекшілік хадисі 83
Сараң адам – Алланың оған сыйлаған мүлкі, білім және тағы да басқа нығметтерімен басқалармен бөліскісі келмейтін адам.
Имам Хасан Мұджтаба (ғ.с.)-нан: «Сараңдық деген не?»- деп сұраған кезде имам Хасан (ғ.с.): «Сараң адам біреуге сыйлаған нәрсені босқа кеткен нәрсе деп, онысын қолында ұстап, басқаларға пайдалануға рұқсат етпей, өзі үшін сақтағанды жөн санайтын адам»,- деп жауап берді. («Бихар әл-Анвар», 75-ші том). Жағымсыз сараңдық сипатқа қарсы қасиет –жомарттық. Жомарттық – адамның ең жақсы ахлақи сипаттарының бірі. Исламның ұлық пайғамбары бұл туралы: «Жомарттық – жәннәтта өсетін ағаш. Жомарт адамдар жәннәтқа барады»,- деген. Діни дереккөздерде сараңдыққа қатысты ескертулер жасалып, оған қарсы көркем әрі оң сипат – жомарттық мадақталған. Имам Әли (ғ.с.) сараңдықты жаман деп атап: «Сараң адамға қарау тасжүректікке себеп болады»,- деп айтқан болатын. («Бихар әл-Анвар», 57-ші том). Имам Әли (ғ.с.) сараңдыққа қарсы жомарттықты ең жақсы сипат деп, мадақтап: «Жомарттық – Алланың үлкен нығметі»,- деген болатын. Исламның ұлық пайғамбары жомарттық пен сараңдықты салыстырып: «Жомарттық – бұтақтары дүниеде өсіп, сол бұтақтарға жабысқан әрбір адамды жәннәтқа жеткізетін және өзі жәннатта өсетін ағаш. Сараңдық – бұтақтары дүниеде өсіп, оларға жабысқан әрбір адамды тозаққа жеткізетін ағаш»,- деп айтқан болатын. Бұл хадис жомарттықтың тамырының жәннатта орналасып, жәннатқа баратындардың сипаттары екенін, сонымен бірге, керісінше сараңдықтың тозақтан тамырланып, бұтақтарының тозаққа жекізетінін көрсетеді. Құран Кәрім сараңдықты айыптап, жомарттықты мадақтап: «Ал енді әлдекім (Алла жолында) берсе, тақуалық қылса, жақсылықты дұрыс деп білсе, сонда оның жолын оңайластырамыз. Ал енді әлдекім сараңдық істесе, елемесе, жақсылықты жасынға шығарса, сонда оның ауырлыққа ұшырауын оңайластырамыз»,- деген. Бұл аяттардың тәпсірі жазылған кітапта: «Мұсылмандардың арасында оның құрма ағаштарының бірінің бұтақтары бала-шағасы бар кедей адамның үйінің төбесіне жеткен адам өмір сүрген. Құрма ағаштың иесі құрмаларын жинайын деп, ағаштың үстіне шыққан кезде бірнеше құрма кедейдің үйіне түсіп, балалары соларды алатын. Бірақ құрма иесі ағаштан түскен соң құрмаларын олардың қолынан тартып алып қоятын. Оның сараң әрі тасжүрек болғаны соншама, тіпті баланың аузындағы құрманы саусағын салып, шығаратын. Кедей адам пайғамбарға шағымданады. Пайғамбар құрма иесін кездестірген кезде: «Жәннаттың ағашы сенікі болуы үшін пәлен адамның үйінің үстіне бұтақтарын жайған құрма ағашыңды маған бере аласың ба?»- дейді. Құрма иесі: «Менің құрма ағаштарыс көп, бірақ ешбіреуінің құрмасы бұл ағаштың құрмасындай жақсы емес, сондықтан келісе алмаймын»,- деп жауап берді. Пайғамбардың сахабаларының бірі бұл сөздерді естіп: «Уа, Алланың елшісі! Егер мен барып, құрма ағашын одан сатып алып, сізге тапсырсам, оған уәде берген нәрсені маған сыйлайсыз ба?»- деп сұрады. Пайғамбар: «Иә»,- деп жауап қайтарды. Сахаба кетіп, құрма ағашының иесін көріп, онымен сөйлеседі. Құрма ағашының иесі: «Білесің бе, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) келіп, маған бұл ағаштың орнына жәннатта өсіп тұрған ағашты ұсынды, бірақ мен қабылдамадым»,- дейді. Сатып алушы адам: «Бұл ағашты сатасың ба, әлде сатпайсың ба?»- дейді. Сараң адам: «Сатпаймын, өйткені мен ойлаған бағаны біреу береді деп ойламайын»,- деді. Сатып алушы: «Бағасы қандай?»- деп сұрады. Құрма иесі: «Қырық ағаш!?»- дейді. Сатып алушы таңғалып: «Қисайып өсіп тұрған ағашты соншалықты бағалайсың ба?»- деп, сол кезде сөзін тоқтатып, ойланып: «Өте жақсы, саған қырық көшет беремін»,- деп келіседі. Мәміледен кейін сатып алушы адам пайғамбардың қасына барып: «Уа, Алланың елшісі! Аталмыш құрма ағашы менің мүлкіме қосылды, енді сізге тапсырамын»,- дейді. Алла елшісі кедей жанұяның үйіне барып, үй иесіне: «Мына құрма ағаш сендердікі»,- деді. Осылайша, жомарттар өздерінің жақсы сыйларына жетеді, ал сараңдар қиындықтармен кезігеді.