Шіл 05, 2016 16:11 Asia/Almaty
  •  Ислам әлеміндегі бірлік 11

Бүгінгі бағдарламада ислам әлемінің әйгілі шиіт ғұламасы әрі Иран Ислам революциясының іргетасын қалаушы имам Хомейнидің ой-пікірлеріне тоқталамыз.

Имам Хомейни Сейед Джамал сынды ислам әлеміндегі бірлік мәселесіне шынайы көңіл бөлді.  Сонымен бірге имам Хомейни исламдық бірлікке жету үшін лайықты үкімет құрылу қажет деп санап, осы жолда ислам әлемінде толқын тудыра алды. Ол өз билігі кезінде идеясын іске асыруды мақсат етіп, исламдық мемлекеттердің басшыларының арасында шынайы дағдарыс тудырды. Ислам діні кеңінен таралған жерлердің бір бұрышында исламдық үкімет құра алған имам Хомейни еш уақытта Исламның әлемдік билігін орнату саласында үлкен исламдық үмбет құру идеясына бейқамдық танытпай, әрқашан осы мәселені қуаттап, іске асыруды көздеді. Имам Хомейнидің бірлік мәселесіне табанды болуы оны ислам әлемінің әйгілі революцияшыл азаматына айналдыруымен бірге хазіреттің әртүрлі исламдық ағымдардың арасында беделді орынға ие болуына себеп болды. Имам Хомейнидің ой-пікірлерінде бірлік илаһи және рухани көздерден тамырланған ерекше маңызды мәселе саналып, кітап пен сүннетте оның теориясы мен іс жүзінде іске асырылуы қарастырылған. Мұндай бірлік шариғатқа сай ғамал етіп, қоғамның бұзақылығына себеп болатын кедергілерді жоятын адамдар мен топтардың мейірімділігі, жігері және наным-сенімдерінен туындайды. Ол өзінің «40 хадис» кітабінің 309-шы бетінде: «Шариғат пен пайғамбарлардың үлкен мақсаттарының бірі сөз бен наным-сенімнің бірлігі және барлық істерде бірігіп, адамға қысым келтіріп, қасиетті Мәдинені қиратқысы келетін залымдардың алдын алу болып табылады. Бұл үлкен мақсатқа жету үшін бірлік, мейірімділік, ықылас пен ақ ниет қажет»,- деп жазған. Имам Хомейни мұсылмандардың Исламның қасиетті негіздеріне сүйеніп бірігуін Исламның бастапқы кезіндегі мұсылмандардың күш-қуаты мен батылдығының сыры деп атап: «Егер мұсылмандар Исламның бастапқы кезіндегі ғиззаты мен ұлылығын қайтара алса, Ислам мен бірлікке бет бұрып, құдырет пен батылдыққа ие болады»,- деген. («Сахифе Нұр», 5-ші том). Имам Хомейни ислам әлеміндегі екі маңызды мәселеге назар аудартады: біріншісі, үкіметтің халықтан алыстауы және исламдық елдердің басшылары арасындағы қайшылықтар. Имам бұл тұрғысында: «Біз және мұсылмандар, сондай-ақ, барлық исламдық үкіметтер бізге жеткен әр нәрсенің екі мәселесі бар екенін білеміз. Бірінші мәселе – үкіметаралық проблемалар. Өкінішке орай, осы кезге дейін бұл мәселе шешілмеді. Екінші мәселе – үкіметтер мен халықтың арасындағы мәселе. Үкіметтер халықпен олар үкіметтің қолдаушылары емес сынды қарым-қатынас жасайды. Үкіметтердің кезігетін мәселелері халық арқылы шешіледі»,- деген. («Сахифе Нұр», 9-шы том). Ол мұсылмандар мен исламдық елдердің бірлігін құру саласында бөгделер мен әлемнің билеп-төстеушілерінің рөліне сілтеме жасап: «Мұсылман елдердің арасындағы қайшылықтар, исламдық елдердің басшыларының қиянаттары немесе хабарсыздықтары мен надандығы сүнниттер мен шиіттердің арасында қарастырылмаған. Ислам әлемінде күрд те жоқ, парсы да жоқ. Исламда барлық адам бір-біріне бауыр. Олардың бірі – Ханафи мазхабының сүннитері, келесісі – шиіттер. Исламға қызмет еткісі келетін қоғамда бұл мәселе көтерілмейді. Біз барлығымыз бауырмыз және біргеміз.... Мұның барлығы қайшылыққа себеп бола алмайды, біздің арамызда қайшылық болмауы керек. Шиіт және сүннит бауырлар барлық қайшылықтарын шетке шығарады.  Бүгін біздің арамыздағы қайшылықтарымыз шиіттер, сүнниттер, Ханафи немесе басқа мазхабқа сенбейтіндер үшін ғана пайдалы. Олар ешбір мазхабтың ізбасарларын қаламайды. Олар екі мазхабтың арасына қайшылық тудыруды ойлайды»,- деді.                             Имам Хомейни  мұсылмандардың арасын арандату саласында АҚШ пен Израильдің рөлінің басымдығын атап, мұсылмандардан осы дұшпандарға, әсіресе Израильге қарсы бірігуді талап еткен. Ол ортақ дұшпан, яғни Израильдің болуын ислам әлемінің бірігуіне мықты себеп санап, мұндай дұшпан тұрған кезде исламдық елдердің бірікпеуін жұмбақ деп атап: «Мен үшін бір мәселе жұмбақ қалып отыр. Барлық исламдық үкіметтер мен исламдық елдер  бұл дұшпанның кім екенін білемейді ме? Бұл дұшпанның олардың араларына іріткі салып, оларды әлсіретіп, бірте-бірте жоятынын білмейді ме? Іші бос Израиль үкіметінің мұсылмандарға қарсы тұрғанын көрмейді ме? Олардың барлығы мұны біле тұра неліктен бірігіп, бұл дұшпанды тамырынан құрту үшін шара қолданбайды? Жұмбақ осы»,- деп жазған. («Сахифе Нұр», 9-шы том). Имам Хомейни осындай сараптамасымен исламдық мемлекеттердің басшыларын бірлікке шақырып, олардан өз ой-пікірлерін қорғап, ислам әлемінің бірлігі туралы ойлауға шақырып: «Қазіргі кезде исламның басшылары, исламның сұлтандары мен ислам елдерінің билік басындағыларының міндеттері кейбір қайшылықтарын шетке қойып, исламды қолдап, оның жақтасы болып, бірге отырып, келісімге келіп, өз беделдерін сақтап қалу болып табылады. Әйтпесе  дұшпан орны толмас зардап келтіреді»,- деген. («Сахифе Нұр», 2-ші том). Имам Хомейни мұсылмандардың арасындағы қайшылықтардың тамырларын жойып, ислам әлемінде бірлік орнату үшін сындарлы жобаларды ұсынып, бірліктің атқарушы органдары ретінде саяси және діни тұлғаларды белсенді етуді және мұсылмандардың саяси бірлігі жолында қажетті құралдарды  пайдаланып, исламдық үлкет үкімет құру қажеттілігін қуаттады. Имам Хомейни бірлік орнату стратегиясын ұсынып, оның екі кезеңін, соның ішінде мәдени және идеологиялық стратегиясы мен саяси және әрекет ету  стратегиясын анықтады. Ол исламдық қоғамдар мен исламдық үкіметтердің идеологиялық және ахлақтық мәселелерін түсініп, исламдық үмбеттің бірлігіне жету үшін барлық нәрседен бұрын мұсылмандардың діни және саяси көзқарастарын өзгертіп, оларға шынайы Исламның негіздеріне сүйеніп, бірігуді ұсынады. Осы салада имам мұсылмандардың дінін хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пәк Исламы және «америкалық ислам» деп бөліп, «америкалық исламның» исламдық үмбеттің бірлігіне жарамайтындығын көрсетіп, онымен шынайы күресті. Имам Хомейни исламдық қоғам басшыларының исламдық емес көзқарастарын қуаттап, «америкалық исламды» исламдық үмбет бірлігінің негізгі кедергісі деп атап, шынайы бірлікке жету үшін сындарлы әрі орынды стратегияны пайдаланып, бұл кедергіні жоюды қуаттады. Имам өзінің бірлік туралы теориясында бір-бірден аталмыш кедергілерге тоқталып, оларды шешудің орынды жолдарын ұсынып, "Бірлік аптасы", Әлемдік Құдс күні" сынды күндерді жариялады.

Тегтер