Ислам әлеміндегі бірлік 35
Исламдық бірлік мәселесі қазіргі дүниеде әлемнің әртүрлі аймақтарында өмір сүретін бір жарым миллиард 200 миллион мұсылмандардың негізгі мәселесі болып табылады.
Мұсылмандардың көбі шамамен 57 мемлекетте өмір сүреді. Сонымен бірге басқа көптеген елдерде мұсылмандар діни аз санды жамағат саналады. Исламдық мемлекеттер БҰҰ Бас ассамблеясының шамамен үштен бір орнына, сонымен қатар энергетикалық ресурстардың, соның ішінде мұнай мен газ қорларына ие болып, әлемнің маңызды стратегиялық аймақтарындағы бұл мемлекеттердің экономикалық, саяси және әскери мүмкіндіктерін біріктіреді. Исламдық елдердің экономикалық, саяси және әскери мүмкіндіктері мен оларды дұрыс пайдалану бұл елдерді әлемдік орталықтардың біріне айналдыра алады. Өкінішке орай, бұл мемлекеттер бірлік пен ынтымақтастыққа және халықаралық жүйеде лайық орынға ие емес, сонымен бірге өз шекараларының ішінде көптеген проблемалармен, әсіресе ішкі қайшылықтар мен экономикалық кедейшілікпен бетпе-бет келіп отыр.
Мұсылмандардың арасындағы қайшылықтар исламдық елдердің артта қалуының негізгі себебі ретінде әрқашан ислам әлемінің ойшылдары мен саясаткерлерінің маңызды мәселесі болды. Ислам әлемі ойшылдарының көбі мұсылмандардың исламның негізгі құндылықтарынан алыстауы мен надандық кезеңінің нәсілшіл, ұлтаралық және тайпалық ырымшылдығын жаңдандыруын ислам әлемінің ыдырауының негізгі себебі деп атап, исламдық елдерді біріктіру үшін әртүрлі жолдарды ұсынды. Алайда Алланың бірлігі мен Алла елшісінің набаваты және Құран тағылымдарына сүйенген дінінің негіздері мен наным-сенімдерді ислам әлемінің оянуы мен исламдық елдердің бірлігінің қажеттілігі деп санаған Сейед Джамаладдин Асадабади, Иқбал Лахури мен имам Хомейни сынды әйгілі ойшылдардың талпыныстары және ағартушылық саласындағы жұмыстарына қарамастан, ислам әлемі өкінішке орай, осы кезге дейін бірлік пен ынтымақтастыққа жететін шынайы қадамдар жасай алмады. Соның салдарынан мұсылмандардың көбі кедейшілік пен экономикалық тоқырау, әлемдік сахнадағы саяси және алпауыт елдердің әскери араласушылықтарынан қиындық көруде.
Алла Тағала «Әл-Имран» сүресінің 103-ші аятында мұсылмандарды бірігуге шақырып, бірлікті нығмет ретінде таныстырып: «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер. Сондай-ақ өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар»,- деп айтқан. Құран Кәрім үмбеттің бірлігін Аллаға ғибадат, Алладан басқаға бағынуды іріткілердің себебі деп атады. Алла елшісі осы ойға сүйеніп, Ислам дініне шақыруының басынан өмірінің соңғы сәттеріне дейін мұсылмандарды Алланың тағылымдарына сүйеніп, дұшпандарға қарсы бірігуге шақырды. Надандық кезінде арабтардың арасында іріткі, ұлтаралық және тайпалық дұшпандықтар байқалып, қақтығыстар мен қантөгістерге себеп болды. Ислам тауһидтік «Алладан басқа Құдай жоқ» деген негізге сүйеніп, іріткі мен дұшпандықтан алыстау, бірлік, бауырластық ұранымен өз жақтастарын біріктіре алды.
Ислам діни тақуалықты негіз ретінде қалыптастырып, нәсілшіл ырымшылдықты теріске шығарып бірлікке жол ашты. Бірақ исламдық бірлік мәселесі заманауи кезеңде таңғалдырарлық жағдайда отаршылдық мәселесімен кезікті. Тарихи деректер отаршылықтың ислам әлеміндегі қайшылықтарды арттырғанымен кейбір оң реакцияларға да себеп болғанын көрсетеді. Исламдық елдердің отаршылардың қол астына түсуіне реакция көрсетіп, шиіт және сүннит мазхабының ғалымдары мен ойшылдары мұсылмандардың арасындағы қайшылықтар мен іріткілердің себептерін зерттеп, исламның бастапқы кезіндегі бірліктің үлгілерін жаңғырту туралы ұсыныстар жасады. Сейед Джамаладдин Асадабади – өткен ғасырдың исламдық бірлігінің бірінші әрі маңызды діни реформаторы. Ол Иран, Осман империясы мен Үндістан еуропалық үкіметтерінің, соның ішінде Ресей, Ұлыбритания және Францияның әскери саяси шабуылдарының қатерімен кезіккен жағдайда Шығыс халықтары мен мұсылмандарды ояту ісімен айналысты. Исламдық елдердің басқа аймақтары тікелей немесе жанама түрде Батыс үкіметтерінің отаршылығына түсті.
Сейед Джамаладдин исламдық елдердің осалдығы мен ислам әлемінің бірлігіне кедергі болып отырған факторларға шолу жасап, мұсылмандардың шынайы исламға оралып, діни наным-сенімдердегі ырымшылдықтарды жойып, жаман мінез-құлықтарды қойып, ұлтаралық және дінаралық қайшылықтарды ұмытып, үстемшіл басшылар мен халықтың саяси шешім қабылдау ісіне араласушылармен күресіп, білім керуеніне жетіп, Батыс отаршыларына қарсы исламдық болмысты қалыптастыруды ислам елдерінің күшейіп, алға ілгерілеуі мен бірлігінің себептері санайды. Мұхаммад Абде де Сейед Джамаладдин сынды ислам әлеміндегі іріткілердің себептерін шиіттер мен сүнниттердің мазхабаралық саңылау санап, «Наһдж ул-Балағеге» сараптама жасап, ислам бірлігін орнатуға талпыныс жасады. Абде ислам әлемінің бірлік теориясындағы үш негізді қуаттайды: біріншіден, ислам дінінде ақыл мен діннің теңдігі қажет; екіншіден, діни пікірталастардағы иджтихадттың қажеттілігі; үшіншіден, адамның азаттығы мен жігерінің жауапкершілігімен қатар жүруі.
Рашид Реза, Иқбал Лахури, Кавакаби және сүнниттердің басқа да көптеген ойшылдары Сейед Джамаладдин мен Абде сынды исламдық бірлік идеясын қарастырып, теорияға айналдырды. Шиіттердің арасында да ислам әлеміндегі жіктелудің себептерін анықтау мақсатында талпыныстар жасалып, бұл мәселені шешетін жолдар ұсынылды. Тарих бойында шиіттердің құқықтарына келтірілген көптеген соққыларға қарамастан, мұсылмандар бірлігінің қорғаушылары, әсресе шиіт ғалымдары мен ойшылдары барлық кезеңдерде сүннит ойшылдарымен бірге іріткі мәселесін шешіп, мұсылмандардың арасындағы бірлікті тереңдетуді мақсат етеді. Аятолла Хаменеи, ғұлама Бруджерди, имам Хомейни және аятолла Хаменеи – исламдық бірлік идеясын іс жүзіне асырған шиіт басшылар және ойшылдар.
Аятолла Бруджерди әрқашан мұсылмандардың бірлігі мен исламдық мазхабтарды жақындастыруға ерекше көңіл бөлген шиіттер әлемінің әйгілі ғалымының бірі саналады. Аятолла Бруджердидің пікірі бойынша фикх мәселелері имамие мазхабының деңгейінде ғана емес, барлық исламдық фикх мазхабтарының деңгейінде көтеріліп, қайшылықтарға ие болған әрбір маңызды мәселе бойынша барлық мазхабтар дәлел келтіруі қажет. Бұл ғалым Исламдық мазхабтарды жақындастыру ұйымының құрылуын қолдады. Аятолла Бруджердидің Мысырдың мүфтиі шейх Шалтутпен мұсылмандардың интеграциясы туралы пікір алмасуы исламдық бірлікке көп әсер етті. Бұл ұстаным бойынша шейх Шалтут өзінің маңызды пәтуасын шығарды. Сол патуаға сай сүнниттердің төрт мазхабының жақтастары он екі имамға ие мазхабтың фикхтарын ахкамдарында қолдана алады.
Иран Ислам революциясының іргетасын қалаушы имам Хомейни исламдық бірлік идеологиясын қалыптастырды. Ол мұсылмандардың бірлігіне қатысты стратегиясымен исламдық бірлікке жету үшін «Мәдени және наным-сенім стратегиясы» және «Саяси және ғамал стратегиясы» деген екі кезеңнен тұратын жобаны ұсынды. Имам Хомейни исламдық қоғамның идеологиялық және ахлақи қиындықтарын жан-жақты бағалап, мұсылмандарды басқаратын үкіметтер исламдық үмбеттің бірлігіне жету үшін мұсылмандардың діни және саяси наным-сенімдерін өзгертіп, оларды біріктіруді шынайы исламның негізі ретінде ұсынды. Ол ислам әлеміндегі іріткілерді исламдық үкіметтер мен халықтардың исламның өмірлік тағылымдарынан алыстау деп санап, мұсылмандардың Батыс пен Шығыстың үстемшіл құдыреттеріне сүйеніп, бұл қиындықтардан шығатын шешім жолын «ислам», «азаттық» және «тәуелсіздік» деген үш түсініктен іздестіру қажет деп есептейді. Имамның пікірінше бұл үш түсінік ұмытылған исламдық болмысты жандандыруға жағдай жасайды. Имам Хомейни ғалымдар, ойшылдар діни және ұлт басшылары арқылы үгіт-насихат базаларын кеңейту мен Хизболла партиясы мен әлсіздердің партиясын құруды мұсылмандардың арасындағы бірлікке жететін стратегиясының үлгісі деп санайды.
Иран Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісі аятолла Хаменеи исламдық бірлікті бүгінгі әлемдегі мұсылмандардың ең қажет факторы деп бағалап, бірліктің мағынасына тоқталып, оны әртүрлі исламдық ағымдардың идеологиялық және тарихи қайшылықтарын жою механизмі деп санауды теріске шығарып, мұсылмандардың тек шетелдік дұшпандарға қарсы бірге болуы керек деген пікірмен келіспейді. Ол бірлікті сылтауратып, діни пікірталас қажет емес деп санайтындарға: «Мұсылмандардың арасындағы бірлік ахлақи наным-сенімдерді ығыстыру емес. Діни ғалымдардың арасында ғылыми пікірталастар болуы керек. Пікірталастар дұшпандыққа айналмауы керек. Сол пікірталастарда Құран мен Алла елшісі және ақыл дәлел болуы керек. Өйткені Құран Кәрім ақылға шақырады. Сондықтан бірлікті сылтауратып, діни пікірталастарды тоқтатуға болмайды. Сондай-ақ пікірталастарды сылтауратып, бірлікке шектеу қоюға болмайды» деп қуаттайды.
Ол іріткіні ислам әлемінің уы деп атап, ислам елдерінің табиғи ресурстары мен байлықтарын талан-таражға салуды мақсат еткен отаршыларды қайшылық тудырушы фактор деп санайды. Аятолла Хаменеи бөгделердің шиіттер және сүнниттерге қарсы дұшпандығын Ислам дінінің негіздерімен күресу деп есептейді. Сол себепті кейбір шиіт және сүннит ағымдары өкілдерінің бір-біріне тіл тигізуін ислам дұшпандарының мүдделеріне сай санап, екі топқа мұндай мәселемен бетпе-бет келуден абай болуды ескертіп: «Сүнниттер мен шиіттер өздерінің діни рәсімдерін, салттарын, діни міндеттерін орындайды және орындауға міндетті. Алайда әр нәрсенінің шегі – «қызыл сызығы» болып, бір-бірінің құндылықтарына тіл тигізбеуі керек. Дұшпандар олардың «қызыл сызықтан» өтуін күтуде. Сондықтан қырағы болған жөн»,- деді.