Жел 20, 2016 12:40 Asia/Almaty
  • Ислам әлеміндегі бірлік 33

Исламдық ояну тек басшыларға қарсы саяси көтеріліс қана емес, оның бір бөлігі халықтың ислам әлеміндегі мәселелердің себептерінен хабардар болуына да байланысты.

Бахрейн – Парсы Шығанағында орналасқан 32 аралдан тұратын өте кішкентай мемлекет. Бұл елдің астанасы – Манама, ресми тілі – араб тілі. Сонымен бірге парсы, урду және ағылшын тілдері де көп қолданысқа ие. Бахрейн Сасани билігі заманында, яғни 2000 жыл бұрын Иранның құрамына кірген. Бірақ 1522-1602 жылдары португалдықтардың бақылауына түскен. 1602-ші жыл португалдықтар Парсы шығанағынан шығарылған соң Бахрейн қайтадан Иранның құрамына оралып, 1971-ші жылға дейін Иранның бақылауында болды. 1971-ші жылы БҰҰ-ның арағайындығы және Иран үкіметінің келісімімен Иранның он төртінші облысы болған бұл арал Парсы шығанағында,ы тәуелсіз мемлекет статусына ие болды. Бахрейннің жері 706 км², халқының саны бір миллионнан артық. Олардың 70 пайызы шиіттер, қалған 30 пайызы сүннит мұсылмандар мен христиандар, және басқа да діндердің өкілдері. Бұл елдің Әмірі Шейх Хамад бен Иса әл-Халифа 1999-ші жылдан осы уақытқа  дейін билік етіп келеді. Бұл елде шамамен 15 партия, соның ішінде діни, либерал, солшыл және БААС партиясы белсенділік танытуда.

Бахрейн мемлекеті

Бахрейн шиіттері араб шиіттер және араб емес шиіттер деп екі топқа бөлінеді. Бахрейн халқының шамамен 20 пайызын бұл елдің тәуелсіздігінен бұрын сол жерлерде өмір сүріп келе жатқан ирандық және араб емес азаматтар құрайды. Ирандықтардың Бахрейн жеріне   қоныс аударған мерзімі белгісіз. Өйткені ирандықтар бұл жерлерде ертеден өмір сүріп келеді. Кувейт пен Біріккен Араб Әмірлігіне ирандықтар Ислам революциясының жеңісіне дейін  немесе кейін көшкен болса, Бахрейнде  ирандықтар әрқашан бұл елдің халқының құрамында болған. Бахрейнде өмір сүретін ирандықтардың тілі, мәдениеті мен салт-дәстүрлері уақыттың өткеніне қарамастан толығымен ирандық болып қалды. Олардың ана тілі және отбасыларында қолданатын тілі парсы тілі  болып, араб тілі екінші тілі саналады. Бахрейн халқының келесі бөлімін Иранмен ежелден қарым-қатынас орнатып келе жатқан араб шиіттері құрайды. Бұл қарым-қатынастар  Сафави билігі кезінде, яғни шамамен 500 жыл бұрын басталды. Ол кезеңде шиіт мазхабы Иранның ресми мазхабына айналды. Сол кезден бастап Бахрейн шиіттері мен ғұламалары Иран мен араб әлемінің қарым-қатынастары арасындағы дәнекер көпір болды.

Бахрейн халқының құрамы әртүрлі.  Қоғамның көпшілігін шиіттер құрайды, бірақ билік басындағы жүйе шиіттердің қолында емес. Бахрейн билігі әл-Халифе әулеті басқаратын аз санды сүннит мұсылмандардың қолында. Шиіттер биліктің тек шектеулі  бөліміне ие. Әл-Халифе Сауд Арабиясына қатты тәуелді әрі шиіттердің билік басына келуін  өзі үшін қатер санайды. Сондықтан Бахрейн үкіметі халықтың құрамын өзгерту мақсатында өткен бірнеше жылда Иордания, Палестина, Ливан, Сауд Арабиясы мен Мысыр азаматтарының өз еліне қоныс аударуына себеп болатын жаңа саясат жүргізіп,  халықтың құрамын сүнниттерге арттыруға талпыныс жасады. Бірақ бұл саясатқа қарамастан осы кезге дейін шиіттер бұл елдің халқының көпшілігін құрайды. Үкіметтің халықтың құрамын өзгерту шешімі мен Бахрейннің Конституциясында баяндалған олардың құқықтары мен азаттықтарын бұзу шиіттердің наразылықтарына себеп болды. Бұл наразылықтар мен билік басындағы үкіметтің өз уәделеріне табанды болмауы Бахрейн қоғамындағы  наразылықтарға себеп болып, ХХІ-ші ғасырдың екінші онжылдығында исламдық ояну толқынының басталуына әкелді.

Бахрейндегі исламдық ояну

 2011-ші жылдың ақпан айының он төрті күні Бахрейнде де Таяу Шығыс аймағының Тунис, Мысыр, Иордания, Йемен және Ливия мемлекеттеріндегі өзгерістердің ықпалымен исламдық ояну өзгерістері басталды. Сол күннен осы уаөытқа дейін Бахрейн Халифе режиміне қарсы халықтық шерулердің куәсі болуда. Халифе режимі бұл елдегі халықтық көтерелістерде наразы адамдарды әрқашан қатыгез  тәсілдермен басып-жаншыды. Бахрейн халқының Халифе режимі тарапынан басылуымен бірге саудиялық басқыншы әскерилер де 2011-ші жылдың наурыз айында бахрейндік басшылар және АҚШ үкіметінің қолдауымен «Арал қалқаны» күштері ретінде сол елге кіріп, халықты басты. Бірақ Бахрейн билігінің басындағы режимінің қолдауына ие әл-Сауд басқыншылары  Халифе режимінің шайқалған жағдайына көмектесе алмай, керісінше халықтың көтерілісін күшейте түсті.

Бахрейндегі өзгерістер

 Осы бағытта 2013-ші жылдың тамыз айында Бахрейннің әртүрлі аймақтарында Халифе режиміне қарсы «Бағынбау дауылы»  атты бірінші шеру өтті. «Бағынбау» қозғалысының жақтастары Бахрейн тәуелсіздігінің жылдығымен орайлас «Жүйе құрысын!» сынды ұрандарымен Бахрейн тағдырының  бұл елдің халқының қолымен өзгерту қажеттілігін қуаттады. «Бағынбау қозғалысы» тарапынан азаматтық бағынбаушылық және қоғамдық мобилизациялауда жарияланған соң Халифе әскери күштері  бұл елдің жер-жерінде қауіпсіздік шараларын күшейтіп, халықты басып- жаншу үшін оқтар мен улы газдарды пайдаланып, шерушілердің көбінің тұншығуына себеп болды. Бұл қозғалыс Мұхаммад Морси үкіметін құлатқан Мысырдың  бағынбау қозғалысынан үлгі алып құрылды. Бахрейннің бағынбау қозғалысы Халифе режимінің басып-жаншуларының артуына қатысты  азаттық пен демократияға жету мақсатында құрылып, бейбіт шеру өткізу және азаматтық бағынбаушылық арқылы Халифе режимін құлату әрекеттерін жалғастыруда. Бахрейннің әртүрлі партиялары мен халықтарының мәліметтері бойынша Халифе режимінің күштері 2011-ші жылдың ақпан айынан бейбіт қозғалыстар мен наразылықтар басталғаннан бері бұл елде 135 азамат қайтыс болды, 10 мыңнан астам адам жарақат алып, 2900 адам қамауға түскен. Сонымен бірге бейбіт шерулерге қатысқандары үшін 800 адам жұмыстан шығарылды.

 Сонымен бірге Бахрейн Парламенті шілде айында елдегі жиындар мен шерулерге қатысты заңды өзгертті. Жаңа заң бойынша Манама қаласында шеру өткізуге тыйым салынды. Осыған орай Бахрейн астанасындағы шеруге қатысушы елдің азаматтығынан айырылады. Бұл заң бекітілген соң БҰҰ-ның Адам құқығы жоғары комиссариаты Бахрейн Парламентінің бұл әрекетін қатты сынап, мәлімдемеде: «Бахрейн Парламентінің қоғамды лаңкестік әрекеттерден қорғауды сылтауратып, шеру заңына енгізген өзгерістері бұл елдегі адам құқығы жағдайына теріс әсер етеді»,- деп жариялады. Бұл мәлімдемеде Манамада шеруді ұйымдастырушы мен оған қатысушының негізгі құқығы саналатын азаматтыққа ие болу құқығы қуатталды. Шын мәнінде, азаматтыққа ие болу БҰҰ-ның Адам құқығы жарғысының 15-ші бөлімінде айтылған адамның негізгі құқықтарының бірі болып табылады.

Бахрейннің адам құқығы орталығының  мүшесі Низал әл-Салман Халифе режимінің шерушілерді азаматтықтан айыру арқылы  азаматтық және адами құқықтарын   бұзуы туралы: «2012-ші жылдан осы уақытқа дейін шамамен 280 адам Бахрейннің азаматтығынан айрылды»,- деді. Осы салада Бахрейннің Ішкі істер министрлігі шиіттердің басшысы шейх Иса Ахмад Қасемді  «Бахрейнде бүлік ұйымдастырды» деп айыптап, оны азаматтығынан айырды. Риядтың қолдауына ие болған Бахрейн үкіметінің бұл шешімі Халифе режимі мен оның қолдаушыларының басып-жаншу саясаттарын одан әрі әшкерелеп, ислам әлеміндегі наразылықтарды күшейтті. Бахрейн үкіметі халықтың  заңды және бейбіт тілектерін  орындаудың орнына ИИР-н бұл елдің ішкі істеріне араласты деп айыптады. Екі елдің арасындағы терең діни және мәдени қарым-қатынастар болғанымен Иран Бахрейннің ісіне араласушылық туралы уәжді теріске шығарды. Иран Бахрейн үкіметі бөгде елдердің, әсіресе Сауд Арабиясының араласушылығына тыйым салуы қажет деп санайды. Сонымен бірге бұл ел халықтың заңды құқықтарын ресми қабылдаса,  наразылық пен исламдық елдердің ішкі қайшылықтарын шеше алатын еді.

Шейх Иса Ахмад Қасем

Осындай жағдайда АҚШ Бахрейн арасындағы стратегиялық қарым-қатынастарын, әсіресе бұл елдің суларында АҚШ-ның бесінші флотилиясының орналасуына байланысты Бахрейн мен сол елдің  демеушісі Сауд Арабиясының басып-жаншу саясаттарын қолдайды. АҚШ басшылары адамзаттың барлық мәселелерін достық пен демократия арқылы шешудің орнына Халифе режимінің қылмыстарына көзін жұмып, исламдық елдерді арандатуды көздеп отыр. Йеменнің халықтың қолдауына ие   үкіметін құлату үшін сол елге шабуыл жасағаны сынды Бахрейнде де Сауд Арабиясы маңызды рөл атқарды. Алайда ислам әлемінің қоғамдық пікіріне жауап берудің орнына әрқашан Иран Ислам Республикасын Бахрейннің ішкі істеріне араласты деп айыптайды.

Айта кететін жайт, исламдық ояну  тек басшыларға қарсы саяси көтеріліс  қана емес, оның бір бөлігі халықтың ислам әлеміндегі  мәселелердің себептерінен хабардар болуына да байланысты.