Ислам әлеміндегі бірлік 12
Имам Хомейни ислам әлеміндегі қайшылықтарды исламдық үкіметтер мен халықтардың уаһи тағылымдардан алыстап, мұсылмандардың Батыс пен Шығыстың үстемшіл үкіметтеріне сүйенулеріне байланысты деп атап, бұл жолдан шығу үшін «Ислам», «азаттық» және «тәуелсіздік» деген үш негізге иек арту керек деп санайды.
Имам Хомейнидің ой-пікірі бойынша, күрделі бағдарлама мен ой-пікірді тамырынан өзгертпей, исламдық қоғамда маңызды өзгерістер енгізіп, мұсылмандарды азат ету мүмкін болмайды. Өйткені ислам әлемінің қолайсыз жағдайы, оның ішінде мұсылмандардың идеологиялық, мәдени бұрмаланушылықтары мен отаршыл мемелкеттердің оларды билеуі отаршылардың әрқашан исламдық үмбеттердің наным-сенімдері мен мәдени болмыстарын өзгертіп, олардың табиғи ресурстарын талан-таражға салуға жол ашады. Сондықтан мұндай жағдайдан құтылып, армандарындағы жағдайға жету үшін идеологиялық, мәдени және наным-сенім тәуелділігінен босау қажет. Бұл мәселе барлық нәрседен бұрын мұсылман халықтар мен исламдық үкіметтердің барлық мүмкіндіктерін жұмылдыруды қажет етеді. Осыған орай исламдық әлем ортақ тарихи, мәдени, идеологиялық және саяси өткеніне ие болып, өзінің тарихи және мәдени негіздеріне оралып, діни және ұлттық болмыстарын жақсы танулары қажет. Имамның көзқарасынша, ортақ наным-сенімдердің қалыптасуына себеп болатын идеологиялық және мәдени қозғалысты басқару діни ғалымдар мен діни ойшылдардың міндеті. Имам Хомейни ислам әлеміндегі қайшылықтарды исламдық үкіметтер мен халықтардың уаһи тағылымдардан алыстап, мұсылмандардың Батыс пен Шығыстың үстемшіл үкіметтеріне сүйенулеріне байланысты деп атап, бұл жолдан шығу үшін «Ислам», «азаттық» және «тәуелсіздік» деген үш негізге иек арту керек деп санайды. Өйткені имамның пікірінше, бұл үш негіз арқылы олардың ұмытылған исламдық болмысын қайтаруға мүмкіндік туады. Осыған орай имам Хомейни діни орталықтарды, әсіресе діни ғұламлаар мен діни қайраткерлерден діни тағылымдарды жанданыруға талпынуды талап еткен. Имам Хомейнидің ойынша Исламды исламдық үкімет арқылы таратып, исламдық қоғамдардың мәселелерін тек хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пәк Исламы арқылы емдеуге болады. Пәк Ислам кез келген мазхаб пен кез келген тілге және кез келген ұлтқа жататын мұсылмандарды біріктіреді. Имам Хомейнидің пікірінше, пәк Ислам – ой мен ғамалдың жинағы; пәк Ислам өзінің кемелдігі, тартымдылығы және жан-жақты болуына байланысты халықтардың наным-сенімдерінің тереңдігін пайдаланып, исламдық бірлікті жаңғыртуға қажет қабілет, мүмкіндік және күш-қуатқа ие. Егер жұмысымызды дұрыс орындасақ, ислам әлемінің ұлылығы мұсылмандарға оралады. Азаттық – имам Хомейнидің наным-сенімдері мен исламдық бірлікке жету үлгісіндегі келесі маңызды мәселе. Өйткені исламдық үкіметтер ислам әлемінің негізгі органы немесе «исламдық үллкен үкіметті» құрып, мақсаттарға жету саласында маңызды рөл атқарады. Исламдық үлкен үкімет құрып, мұсылмандардың өткен кезеңдердегі бірлігі мен ұлылығын қайтару азаттыққа ие халықтық үкіметтерін құру арқылы жүзеге асады. Керісінше, исламдық мемлекеттерде үстемшіл үкіметтердің орналасуы ислам әлемінің бірлігіне кедергі болады. Сондықтан халыққа қарсы режимдерден құтылу – имамның саяси көзқарасының келесі маңызды факторларының бірі. Имам исламдық үкімет орнатуға жағдай тудыру үшін үстемшіл режимдерді құлату қажеттігін қуаттап: «Исламдық отанның жер-жеріндегі үстемшіл режимдерді құлату – біздің міндетіміз. Халыққа қарсы үкіметтік органдар өз орындарын халыққа қызмет ететін және ислам заңдары бойынша басқарылатын ұйымдарға беріп, бірте-бірте исламдық үкімет орнатылады. «Тәуелсіздік» – имам Хомейнидің наным-сеніміндегі исламдық бірлікке жету үшін қажетті үшінші түсінік. Тәуелсіздік, хабардар болу және өзіне сенім арту – исламдық үмбеттің Батыс пен Шығыс құдыреттерінің билігінен құтылуы үшін қажет мәселелер. Имам Алланың ешбір кәпірге мұсылманды билеуге рұқсат етпегенін және мұсылманның бұл билікті қабылдамауы қажеттігін қуаттайды. Ол ішкі және сыртқы салаларда тәуелсіздікке жету қажет санап, сыртқы саладағы тәуелсіздікке жетудің шартын ішкі тәуелсіздікке жету деп атады. Өйткені ішкі тәуелсіздіксіз халықаралық сахнада тәуелсіз болу мүмкін емес. Имамның пікірінше, мұсылман халықтар тәуелсіздікке бет алған бірінші қадамдарында исламдық және ұлттық құндылықтарға сүйенудің аясында өз болмыстарына оралып, екінші қадамдарында исламдық елдердегі отаршылықты жоюға міндетті. Имам Хомейни әлсіз халықтардың отаршылар мен алпауыт елдерге қатты тәуелді болуын идеологиялық және ішкі тәуелділік деп санайды. Өйткені тәуелділіктің барлық түрі осыдан тамырланады. Яғни, халықтың ой-өрісі тәуелсіз болмай, басқа тұрғыларда тәуелсіздікке жетпейді. Имам Хомейни ғұламалар, ойшылдар және басшылар мен ұлттық және діни ағартушылар арқылы үгіт-насихаттарды кеңейтуді мұсылмандардың арасындағы бірлікке жету жолдарының бірі деп санайды. Имамның ойынша әйгілі азаматтар өздерінің барлық мүмкіндіктері мен білімін халықтың ой-өрісінің алға ілгерілеп, исламдық үмбеттің арасында қоғамдық қарым-қатынастарды дамыту үшін пайдалануы қажет. Мәселен, діни-саяси жұма намаз рәсімін ұлттық деңгейде, қажылық рәсімін халықаралық деңгейде пайдалануды имам көп қуаттады. Имам діни жиындардың терең рөлінен хабардар болды. Ол діни рәсімдер мен жиындардың оқыту тұрғысын емес, мұсылмандардың арасында жаңа қоғамдық қарым-қатынас орнату және мұсылмандардың хабардар болуы мен адами күш-қуаты тұрғысынан қуаттайды. Сондықтан отаршылыққа қарсы және революцияшыл хабарға ие «Бірлік аптасы» мен «Құдс күнін» ислам әлемі бірлігінің екі символы ретінде өткізуді ұсынды. Дүниежүзінің барлық мұсылмандары мен исламдық елдерден құрылған біртұтас партияны құру имамның мұсылмандардың арасында бірлік орнату стратегияларының бірі болды. Хизболла мен әлсіздердің партиясы – имамның исламдық бірлікке жету саласындағы саяси әдебиетінің екі түсінігі. Ол исламның біртұтас партиясын құруды мұсылмандардың бүгінгі дағдарысқа толы дүниесіндегі ұйымдастырылған құдыреттің көрінісі деп санады. Имам осыған орай әлсіздер партиясын саяси орган ретінде баяндады. Сөйтіп, мұсылман халықтар мен әлемнің барлық мақұрымдары өздерінң саяси белсенділігін үйлестіріп, сол арқылы алға ілгерілетеді деп сенді. Имамның көзқарасынша, мұндай партияның құрылуының мақсаты исламдық үмбеттің қоғамдық наным-сенімдерін нығайту, содан соң ислам әлемінің қиындықтарын шешу болып табылады. Ол бұл салада: «Мен бүкіл әлемде әлсіздер партиясы деп аталған партия құрылып, бүкіл әлсіз халықтар соған қатысып, олардың алдындағы қиындықтарды шешіп, Шығыс пен Батыстың үстемшілеріне қарсы көтеріліп, үстемшілерге әлсіздерге зорлық-зомбылық жасауға рұқсат етпейтіндігіне үміттенемін»,- деді. («Сахифе нұр», 8-ші том).