Ислам әлеміндегі бірлік 13
Бүгін исламдық бірлікке жету тақырыбын Иран Ислам республикасының қазіргі діни жетекшісі аятолла Хаменеидің ой-пікірі негізінде қарастырамыз
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи исламдық бірлікті бүгінгі дүниедегі мұсылмандардың ең маңызды қажеттілігі деп санайды. Ол бірлікті ой-өріс пен тарихи қайшылықтарды шетке қойып, мұсылмандардың бөгде дұшпанға қарсы бірігуі деп санайды. Ол кейбіреулердің бірлік сақтауды сылтауратып, діни пікірталастарды тоқтатуды қуаттайтын дәлелдерін теріске шығарып: «Мұсылмандардың арасындағы бірлік ахлақи наным-сенімдерді шетке қою емес, өйткені діни ғұламалардың арасындағы пікірталастар дұшпандыққа айналмай, дәлелді әрі қисынды түрде жалғасуы керек. Бұл пікірталастар Құран мен Алла елшісінің сөздері мен ақылға сүйенуі керек. Құран Кәрім әрқашан ойлануға шақырады. Сондықтан бірлікті сылтауратып, діни пікірталастарды тоқтатпау керек. Бұл пікірталастарды сылтауратып, бірлік мәселесін тоқтауға болмайды. Егер пікір айырмашылығы қайшылықтарға себеп болады деп ойлайтын болсақ, қоғам, діни қоғам түгілі, тіпті жанұя құрылмайтын еді. Өйткені тіпті бір жанұя мүшелерінің өздері әртүрлі пікірлерге ие болады. Осыған орай біздің әйгілі тұлғаларымыздың айтқан бірлігі ішкі діни мәселелер мен наным-сенімдерге қатысты емес, кәпірлер мен Ислам дінінің дұшпандарына қарсы бірлікке қатысты. Аятолла Хаменеи ауызбіршіліктің болмауын ислам әлемінің уы деп атап, исламдық мемлекеттердің табиғи ресурстарын талан-таражға салуды көздейтін отаршылар қайшылық тудырып, мұсылмандардың арасын арандатуды мақсат етеді дейді. Аятолла Хаменеи шиіттер мен сүнниттерге қарсы бөгде дұшпандардың ислам негіздеріне қарсы тұрып, шиіт пен сүннит мәселесін исламдық үмбетті басу құралдарының бірі ретінде пайдаланып жатқанын айтады. Шиіттер де сүнниттер де, Иран мен ислам әлемінің халықтары да шиіттер мен сүнниттер арасында қайшылық тудырудың дұшпанның исламдық үмбетке қарсы қолданып отырған құралдарының бірі екенін жақсы біледі. Олар мүмкіндіктеріне қарай бұл құралды пайдаланады. Палестиналық сүнниттер қысым көріп отырған жағдайда кейбіреулер «олар сүнниттер, сендер шиітсіңдер» деген теріс насихаттарымен оларға көмектің көрсетілмеуін қалайды. Осы кезде Ливанның шиіттері қысым көріп отырған жағдайда басқа бір топ «сендер сүннитсіңдер, олар шиіттер, оларға көмектеспеңдер» дейді. Олар шиіттерді де, сүнниттерді де құрметтемейтіңдер. Олар исламның негіздеріне қарсы. Ислам дүниесінің мәселесі – ортада іріткінің тууында. Бұл қайшылықтар халықтарды бір-бірінен, жүректерді Алладан алыстатады. Ислам революциясының жетекшісі екі сенім жақтастары арасындағы қайшылықтарды табиғи мәселе санап, сонымен бірге тарихи және діни пікірталастарды халықтың көпшілігінің арасына жеткізу мен бұл мәселеге ілімге сай емес қисынсыз реакция білдіруді бөгделердің мұсылмандардың арасындағы қайшылықтарды күшейту құралдарының бірі деп санайды. Екі наным-сенімнің жақтастары арасындағы қайшылықтар табиғи мәселе, олар шиіттер немесе сүнниттерге байланысты емес. Тіпті қайшылықтар ұзақ мерзім бойы шиіт мазхабы мен сүннит мазхабының ішінде де байқалуда. Тарихқа шолу жасайтын болсақ, шиіттер мен сүнниттердің өзара қайшылықтарын көреміз. Мәселен ханбал, эхнаф, шафи сынды сүннит мазхабтары арасында, сондай-ақ шиіттердің әртүрлі мазхабтарының арасында қайшылықтар кездеседі. Қайшылықтар халықтың арасына жеткен кезде қатерлі болып, аяқ-қолды шырмайды. Ғұламалар бас қосып, пікірталастар жүргізеді. Кезек ғылыми қаруы жоқ адамдарға жеткен кезде сезім, жұдырық пен материалдық қаруды пайдаланады. Бұл қатерлі. Әрқашан мүмін және жақсылық жасағасы келетін адамдар жұмыстарын дағдарысқа тіремеуге талпынды. Мұсылмандардың келесі мәселесі – отаршылар. Шиіттер мен сүнниттердің арасындағы қайшылықтар әрқашан отаршыларға байланысты болды деп айтқымыз келмейді. Отаршылар кейіреулердің надандығы мен ырымшылдығын немесе дұрыс түсінбеуін өздеріне құрал ретінде пайдаланады. Аятолла Хаменеи кейбір шиіт және сүннит топтарының бір-біріне тіл тигізушілігін ислам дұшпандарының өз мақсаттарына жетуіне көмектеседі деп, екі топқа да абай болуды ескертіп: «Сүннит пен шиіттің әрқайсысы өздерінің діни рсімдері мен өз әдеп-ғұрыптарына сай өздерінің діни міндеттерін орындайды. Алайда олардың арасында кейбіреуінің бейқамдығына байланысты бір-бірін теріске шығаратын сөздер айтылмауы керек. Бұл дұшпан қалайтын нәрсе. Бұл жерде де қырағы болған жөн» деп, Исламның ұлық пайғамбарының әйелі Айшаға тіл тигізуді харам деп мәлімдеп: «Сүннит бауырлардың үлгілеріне тіл тигізу, соның ішінде Исламның ұлық пайғамбарының әйеліне (Айшаға) тіл тигізу – харам. Бұл мәселе барлық пайғамбарлардың, әсіресе хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның әйелдеріне қатысты» деді. Аятолла Хаменеи сүнниттердің қасиеттіліктеріне тіл тигізіп, қайшылықтар тудыратын бөгделерге тәуелді кейбір шиіт ағымдарын қатты сынап, оларды Ұлыбританияға тәуелді деп атап: «Біз орталығы Лондонда орналасқан шиіттерді қабылдамаймыз. Олар қайшылықтар тудырып, исламның дұшпандарына жол ашушылар. Олар шиіттер емес. Бұл бұрмаланушылық. Шиіт – қасиетті ислам діні мен Құран Кәрімнің көрінісі. Біз бірлікке көмектесетін адамдарды қолдаймыз, бірлікке қарсы әрекет жасаушыларға қарсымыз»,- деді. Иран Ислам революциясының жетекшісі сүннит тәкфіршіл ағымдардың пайда болуы мен олардың белсенділігін исламдық үмбеттің арасында қайшылық тудыруды көздейді деп біліп, оларды АҚШ тәрбиелеген деп санап: «Ислам дүниесі бүгін басқа заманнан артығырақ бірлікті қажет етеді. Қайшылықтар мен тәкфіршілік бір Қыбылаға қарай намаз оқып, бір қасиетті кітапқа ие, Аллаға құлшылық етіп, пайғамбарға ғашық мұсылмандардың жанына қауіп тудыратын мәселеге айналды. Исламның дұшпандары өткеннен көбірек мұсылмандардың арасына жік салу дабылын ұрып, исламдық жерлерге билік орнатуды мақсат етуде. Мұндай жағдайда бірлік – дәрі-дәрмектің бір түрі. Алла әрқашан өзінің мүміндерін бірлікке шақырған. Бірлік мүміндерді бақыт пен ғиззаттарына жеткізеді. Ұлыбританиялықтар ежелден діни қайшылық тудырудың мамандары болған. Америкалықтар солардан үйреніп, бүкіл ынталарымен әрекет жасауда. Қазіргі тәкфіршіл топтар солардың қолымен тәрбиеленген»,- деді. Аятолла Хаменеи исламдық бірлікке жету саласындағы іс-әрекеттерді исламдық бірлікке жету үшін қажет әрі маңызды деп атады. Қайшылықтар мен қақтығыстарды және қастықтарды шешу исламдық билік орнатуды қажет етеді. Ол: «Бірлік мәселесінен екі ұстаным байқалады. Олардың әрбіреуі жеке түрде маңызды. Бірлік туралы ұран айтқан кезде бұл екі мәселеге назар аударуымыз қажет. Олар мұсылмандардың өмірі үшін сындарлы. Бұл екі негіздің бірі өткен ғасырлардан осы кезге дейін мұсылмандардың арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстарды шешу болып табылады. Бұл қайшылықтар барлық мұсылмандарға зиян келтіреді. Екінші мәселе, бірлік исламға қызмет етуі керек.