Жетекшілік хадисі 87
Ислам дініндегі ерекше көңіл бөлініп, қуатталған мәселелердің бірі қарыз беру мәселесі саналады. Имам Джафар Садық (ғ.с.) ол туралы: «Алла үшін мүмінге қарыз берген әр мүмін садақаның сауабына ие болып, оның мүлкі өзіне оралады»,- деген болатын.
Мәселені шешіп, жүректі қуантып, Алланың ризалығына себеп болатын жағымды істердің бірі қарыз беру болып табылады. Ислам дінінде қарыз берудін маңыздылығы сондай, Алла Тағала халыққа қарыз беруді өзіне қарыз беру деп сипаттап, «Бақаре» сүресінің 145-ші аятында: «Алладан бірнеше есе артық алу үшін қарыз беріңдер» деп айтылған.
Құранның басқа бір аятында қарыз туралы айтылған кезде қарыздың «жақсылық» деген сөзбен бірге жүру керектігі қуатталған, яғни халыққа қарыз Аллаға жақындау ниетімен, халал мүліктен және ықыласпен беріліп, міндетсіну мен азап-қорлық көрсетуден ада болғаны жөн.
Өсімсіз берілген қарыз қарыз алушыны оны қайтару үшін еңбектеніп, талпыныс жасауға мәжбүрлейді. Мұның өзі қоғамдағы экономика мен қабілеттердің дамуына себеп болады. Бірақ садақа берген кезде оны қайтару мақсаты болмағандықтан адамның талпынысы байқалмайды. Хадистердің бірінде Алла елшісінен: «Садақа берген адам оны қайтып алу туралы ойланбайды, ал қарыз беруші оны қайтып алуды мақсат етеді. Бірақ қарыз берудің сыйы садақа беруден артығырақ, неге? Мұның хикметі не?»- деп сұрағанда хазірет: «Иә! Садақа алған адамның мұқтаждығы нақты емес, ал қарыз алған адамның мұқтаж болғаны анық. Яғни, садақа шынайы мұқтаж адамға жетпеуі мүмкін. Бірақ қарыз алған адам шынайы мұқтаж. Осыған орай қарыз берудің сауабы садақа беруден артығырақ»,- деп жауап берді. («Бихар әл-Анвар», 103-ші том).
Қарыз беру Алла елшісінің қуатталған сүннеттеріне жатады. Хазірет хадистерінің көбінде мұсылмандарды Алла қолдайтын осы іске шақырып: «Мың дерхемді садақа ретінде біржолата берудің орнына екі рет қарыз ретінде бергенді көбірек жақсы көремін»,- деген». («Бихар әл-Анвар», 103-ші том).
Сонымен бірге ол қаржы мүмкіндіктері бола тұра мұқтаждарға қарыз бермейтіндерді айыптап: «Діни бауыры қарыз сұрап келгенде беретін мүмкіндігі бола тұра, қарыз бермеген адам үшін Алла жәннәтті харам еткен»,- деп айтқан болатын. («Бихар әл-Анвар», 103-ші том).
Исламның ұлық пайғамбары мұсылмандарға бір-бірінің өмірлеріне бейқамдық танытпау туралы көп насихаттап: «Жаратушы уайым-қайғыны одан алыстатсын деген адам қарыз алған мүмінге қарызын қайтаруға қысым көрсетпейді»,- деген. («Бихар әл-Анвар», 103-ші том ).
Алла елшісі бір жақтан мұсылмандарды қарыз беруге жігерлендірсе, басқа жақтан қаржы қиындықтары бар адамдарды мүмкіндіктеріне қарай қарыз алмауға тырысуға шақырып: «Алла Тағала халықты қарызды қайтарудың уайым-қайғысы мен ауыртпалығынан құтқар»,- деген. Имам Әли (ғ.с.) де өз достарын қарыз алудан тартынуға шақырып: «Қарыз алу түнгі уайым-қайғы мен күндізгі қорлыққа себеп болады»,- деп айтқан болатын. («Васаел әл-Шие»).
Ислам тағылымдарында қарыз беруші адам ақшасын қайтарған кезде сабырлы болуға жігерлендірілгендей, қарыздар адам да қарызын төлеуді кешіктірмеуге шақырылады. Исламның ұлық пайғамбары мүмкіндігі бар адамның қарызын қайтаруды кешіктіруін зұлымдық деп атар: «Басқаның құқықтарын қайтару күші бар адам қарыз берген адамды күттіріп қойса, оның әрбір кешіктірген күні күнә болып тіркеледі»,-деген. («Бихар әл-Анвар», 103-ші том).
Исламның ұлық пайғамбары қарыздар адамды қарызын кешіктіріп төлеуге тыйым салуымен бірге оны тіпті қарызын төлеуді кешіктіру туралы ойлаудан да абай болуға шақырады. Ол қарыз алуды екі түрге бөліп: «Қарыздың бір түрі қарыз алушы оны төлеуді көздейтін, бірақ мұрсаты туралы уәде бермеген қарыз. Мұндай жағдайда мен, пайғамбар, оның уәкілімін. Қарыздың екінші түрі – иесі оны қайтаруды мақсат етпейтін қарыз. Мұндай жағдайда қиямет күні қарыздар адамның жақсылықтарынан алынып, қарызды талап етушіге тапсырылады.
Ол сонымен бірге ұқсас хадисінде қарыз берушілердің құқықтарын сақтауды қуаттап: «Қарыз алушыға мұрсат берген әр адамды Жаратушы өзінің мейіріміне бөлейді»,- деп айтқан еді. («Усул Кафи»).