Қыр 04, 2016 21:27 Asia/Almaty
  • Ислам әлеміндегі бірлік 21

Талибан ағымының ой-пікірлерін сараптау бізге исламдық қоғамдағы мәдени және экономикалық кедейшілік пен исламдық мемлекеттердегі басшылардың надандығының бір жақтан, және сыртқы дұшпандардың қастықтарының басқа жақтан ислам әлемін ең айқын апатқа, экономикалық, қауіпсіздік және халықаралық тоқырауға тірей алатынын көрсетеді.

Талибан ағымының атауы жаңа идеологиялық, саяси және әскери топ ретінде бірінші рет 1994-ші жылы Ауғанстандағы өзгерістер мен текетірестер туралы мәліметтерде естілді. Сол кезде аталмыш топ Ауғанстанның шығысы мен оңтүсігінде  кейбір аймақтарды, соның ішінде  Кандагар мен Джалалабад қалаларын басып алған болатын. Олар 1995-ші жылы Ауғанстанның Герат пен басқа он облысында алға ілгерілеп, Кабулды қоршауға алды. Раббани үкіметінің Қорғаныс министрі Ахмадшах оларды бір жыл бойы Кабул аймағында тоқтатты. Бірақ біраз уақыттан кейін тәліптер Кабул мен елдің Мазаршариф сынды солтүстік аймақтарын жаулап алды. Олар Пәкістаннан көмекке келген тәліптер арқылы бұл елдің аймақтарының көбін өз бақылауына алып, билікті қолдарына түсірді. Пәкістан, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігі Талибанды Ауғанстанның заңды үкіметі  ретінде ресми қабылдаған алғашқы мемлекеттер болды. Сарапшылардың көбі сол кезде бұл ағымға шынайы назар аудармады. Бірақ уақыт өте келе Талибанның ислам әлемінің тамырына зиян келтіретін идеологиялық-саяси ағым екені анықталды. Аталмыш ағым өткен жиырма жылда әртүрлі топтар түрінде мұсылмандардың арасында дұшпандық пен кек тудырып, әлемінің әртүрлі жерінде мұсылмандардың болмысына кір келтірді. Талибан тобының, нақтырақ айтқанда талибандықтың  Ауғанстанда  пайда болуына ішкі және сыртқы факторлар себеп болды. Осыған дейін үстемдік пен бөгделердің араласуының исламдық елдердің артта қалуы мен  ислам әлеміндегі қайшылықтардың ең маңызды себебі болғаны туралы айттық. Ауғанстанда үстемдік пен бөгделердің  тынышсыздық пен талан-тараж тудыруға, экономикалық және мәдени артта қалуға, Талибан сынды діни экстремизм мен бұрмаланған ой-пікірлерге  араласуы бір тиынның екі жағы саналады. Бес жылдан кейін 1973-ші жылы Давудхан  төнкеріс арқылы билікті өз қолына алды. Бірақ Ауғанстанның халық демократиялық партиясы ұйымдастырылған төңкеріс Ауғанстанда Кеңес Одағы күштерінің орналасуына жағдай тудырды. Мұндай жағдайда Ауғанстанның Халық демократиялық  партиясы мен Кеңес Одағы арасындағы жақсы қарым-қатынас Кеңес Одағы күштерінің 1979-жылы  сол кезде ыдырап, ұмытыла басталған Ауғанстан үкіметін қолдау үшін Ауғанстанға әскери күштерін аттандырды. Кеңес Одағының әскери күштері  1979-шы жылдың 24-ші желтоқсанында  ресми құзырын бастап, Ауғанстанға бірнеше жақты шабуыл жасап, «Кеңес Одағының Вьетнамы» деп атады. Бұл кезеңде Кеңес Одағының әскеріне қарсы  тұру үшін «моджахедин» деп аталған топтар құрылып, Ауғанстанның әртүрлі аймақтарында қызыл әскерді нысанаға алды. Кеңес Одағының араласуын  жақтырмаған АҚШ моджахединдерді әскери  қару-жарақпен қамтамасыз етуді бастады. Сол уақытта Асаме бен Ладен АҚШ-тың Орталық барлау ұйымының қолдауымен Сауд Арабиясынан Ауғанстанға келіп, Кеңес Одағымен қарсыласты. Кеңес Одағының Ауғанстанды басып алуы мен АҚШ-тың бұл елдің ішкі істеріне араласуы бір жақтан, ауған топтары мен басшыларының саяси тұрақтылық пен ішкі қауіпсіздік орнату және үкімет құру саласындағы әлсіздігі   сондай-ақ экономикалық-мәдени кедейшіліктің таралуы мен ұлтаралық қайшылықтардың артуы басқа жақтан бұл қатерлі ағымның ислам әлеміндегі пайда болуының ең маңызды себептері болып табылады. 1989-ші жылдың 15-ші ақпанында  Ауғанстаннан Кеңес күштерінің шығуына  қарамастан біраз уақыт бойы Наджибулла коммунистер мен Кеңес Одағының қолдауына ие болып, Кабулдегі биліктің басында қалды. Бірақ бұл үкіметтің құлауымен моджахединдердің арасында көптеген қайшылықтар  күшейді. Осылайша, Ауғанстандағы азамат соғысының жалыны лаулады. Бұл талан-тараждар бөгде мемлекеттің исламдық елге араласуы мен мұсылмандар арасындағы ұлтаралық және мазхабаралық қайшылықтардың  нәтижесі болып, экстремистік ағымдардың пайда болуына жағдай тудырды.  1979-1989-ші жылдар аралығындағы Ауғанстанның жиһадтық күштерінің Кеңес Одағының әскерилері арасындағы 10 жылдық соғыс бір жақтан және тұрақсыздықтың таралуы мен жиһадтық топтардың арасындағы ішкі қақтығыстар, Ауғанстанның экономикалық негіздеріне нұқсан келтіріп, бұл елдің жалпы кедейшілігіне себеп болды. Қоғамдық кедейшіліктің жалғасуы мен күшеюі Талибанның пайда болуының ең маңызды себебі болды. Талибан күштерінің көбін Ауғанстан қоғамының төмен және мұқтаж таптарының жастары, әсіресе пуштулар құрайды. Кеңес Одағы тарап, жиһадтық соғыс аяқталған соң олар Пәкістанның діни мектептерінен білім алып, мектептеріндегі діни басшыларының қаржы көмектерінің арқасында кедейшіліктен босады. Экономикалық дағдарыс пен мәдени тапшылық бір жақтан, діни сүннеттердің әсері мен діни мектептерде оқу талаптары басқа жақтан аймақтың кейбір үкіметтерін Талибанды мазхаби-әскери күш ретінде  пайдалануға мәжбүрледі. Исламдық мемлекеттердің арасында бәсеке мен кекке жол ашқан Талибан қозғалысы діни ырымшыл қозғалыс ретінде мазхабаралық қайшылықтар мен соғыстардың күшеюі мен көптеген мұсылмандардың қанының төгілуіне соқтырды. Олар кейбір діни мектептерде білім алған кездеріндегі жаттығуларына сәйкес Ауғанстанда діни жүйе орнатуды мақсат еткен қарулы әрекеттерге қатысуды діни міндеттерінің бірі деп, мұндай әрекеттерді Алланың жолындағы жиһад сынды жоғары санаған. Олардың шиіттерге қарсы майданы мен шиіттерді дінсіз ретінде  көрсетуі, мұсылман бауырларды қырып-жою мен әскери әрекеттерге қарсылық білдіруі Талибандардың қатарын екі есе көбейтті. Алайда бұл үдерісте исламдық мемлекеттердегі кейбір үстем басшылардың рөлін ұмытуға болмайды. Мәселен Сауд Арабиясының басшылары «Исламдық ғалымдар қарым-қатынасы» ұйымы арқылы әлемнің әртүрлі жерлеріндегі мешіттер мен діни мектептерге көмектесіп, тәкфіршіл лаңкестік топтың құрылуына тікелей әсер етті. Әрине Сауд Арабиясы мен  аймақтың басқа кейбір үкіметтерінің көмектерінсіз Талибан қозғалысы күшейіп, ислам әлеміндегі  қайшылықтардың артуына әсерін тигізе алмайтын еді. Талибан қозғалысының құрылуына себеп болған сыртқы факторлар Кеңес Одағының араласуы мен АҚШ-тың немесе кейбір исламдық мемелкеттердің ауғандық моджахедтерді қолдауы ғана болмады, Батыс мемлекеттері әсіресе АҚШ Талибан қозғалысының Ауғанстанда күш-қуатқа ие болуында маңызды рөл атқарды. АҚШ Талибан Ауғанстанды билеп, АҚШ компанияларын мұнаймен қамтамасыз етеді деп көздеп, бұл қозғалыстың Иранға қарсы болуына назар аудартып, Иранның Ауғанстан мен Орталық Азия елдеріндегі әсеріне зиян келтірмек болды. Басқаша айтқанда, АҚШ Талибанды қолдап, діни халықтық демократияның үлгісін ішкі салада таратып, мұсылмандарды біріктіріп, шиіттер мен сүнитердің арасындағы қайшылықтарды теріске шығарған Ислам революциясын қатыгездік ретінде көрсетпек болды.   АҚШ-тың лаңкестікті сылтауратып, Ауғанстанға шабуыл жасауы және 11-ші қыркүйек оқиғасынан кейін Талибанды құлату әрекеттері бұл елдің аталмыш лаңкестік топтың құрылуына қатыстылығын көрсетеді.

 

Тегтер