Қыр 27, 2016 22:11 Asia/Almaty
  • Ислам әлеміндегі бірлік 24

Бүгін Кэмп-Дэвид келісімі мен Палестинаның мақсаттарына жасалған сатқындықтардың исламдық елдер арасындағы қайшылықтарға себеп болғаны туралы баяндаймыз.

Өткен жолы Палестина мәселесін ислам әлемінің ең маңызды мәселелерінің бірі ретінде қарастырып, оның ислам әлемінің интеграциясына себеп болатыны туралы баяндадық. Өйткені, Израильдің Ислам діні мен исламдық елдерге деген дұшпандығы анық әрі теріске шығарылмайтын мәселе.  Палестиналықтардың құқықтарын қайтару және Израильдің билікқұмарлығымен қарсыласу  барлық исламдық мемлекеттердегі халықтардың ең маңызды талаптарының бірі болып табылады. Осыған орай исламдық үкіметтердің бұл мәселеге назар аударуы исламдық елдердің бірлігіне жағдай тудырады. Сондай-ақ, Палестина мәселесінің Исламдық ынтымақтастық ұйымының  құрылуына маңызды әсер еткені туралы айттық. Бүгін Кэмп-Дэвид келісімі мен Палестинаның мақсаттарына жасалған сатқындықтардың исламдық елдер арасындағы қайшылықтарға себеп болғаны туралы баяндаймыз.

1973-ші жылдың 6-шы қазанында Мысырдың сол кездегі Президенті Анвар Садат 1967-ші жылдағы арабтар мен Израиль арасындағы соғыстағы жеңілістің кегін алу үшін күтпеген жайтта Суэд каналының бойындағы сионистік режимнің позицияларына шабуыл жасады. Мысырлық күштердің шабуылы басталғаннан көп ұзамай Сирия сарбаздары да 1967-ші жылы сионистік режимнің қолына түскен Голан жоталарында шабуыл жасап, израильдік әскерилерді 1967-ші жылғы соғыста басып алған жерлерінен шығарды. Израиль төтенше жағдай жариялап, күштерін жұмылдыруы және АҚШ-тың осы режимге жеткізген жедел көмектерінің арқасында соғыстың үшінші күні Мысыр мен Сирия күштерінің алға ілгерілеушілігінің алдын алып, соғыстың бірінші аптасының соңында шабуыл жасады. Соғыстың бірінші кезеңінде мысырлықтар жеңгенімен АҚШ-тың көптеген көмектерімен  үш аптадан кейін 1973-ші жылдың 24-ші қазанында соғыс арабтардың артқа шегінуімен аяқталды. Бұл  ұтылыстан кейін Анвар Садат басқарған Мысыр өзінің сыртқы саясатын түбегейлі өзгертіп, Израильмен тікелей келіссөздер жүргізуге жол ашты. Шын мәнінде 1973-ші жылғы соғыста сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Мысыр басқарған араб мемлекеттері Құдсты басып алған режиммен күресу туралы ойды ұмытып, дұшпанмен келіссөздер өткізіп, АҚШ және Израильмен бітімге келу саясатын ұстанып, сионистерді теңізге ағызып жіберу ұстанымның орнына оларды қабылдау саясатын ұстанды.  Мысыр Президенті Анвар Садат басқарған делегация 1977-ші жылы басып алынған Палестинаға барып, Менахем Бегинді құшағына алды.  1978-ші жылы Кэмп-Дэвидте  Анвар Садат пен Израиль премьер-министрі Менахем Бегин АҚШ-тың сол кездегі Президенті Джимми Картердің алдында «Кэмп-Дэвид» келісімі ретінде танымал болған бейбітшілік келісіміне қол қойды. Анвар Садат Израильмен келісімге келіп, бұл режимді ресми қабылдағын араб елінің  бірінші басшысы болды. «Кэмп-Дэвид» келісімі үш маңызды мәселені, атап айтқанда Мысыр мен Израиль арсындағы бейбітшілікті, Сина даласын босату және алты күндік соғыс кезінде Израиль басып алған жерлерді қайтаруды, сондай-ақ Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторындағы  палестиналық мемлекеттің автономиялық статусы туралы келіссөздерді бастауды талқыға салды. Бұл келісімнен кейін екі ел елшілерімен алмасып, екіжақты  дипломатиялық қарым-қатынастарды бастады. Палестина халқының талаптары мен исламдық үмбеттің мүддесіне көңіл бөлінбей қол қойылған Мысыр мен сионистік режимнің арасындағы келісім сионизмді қолдап, Палестина халқының құқықтарын таптау болды. АҚШ-тың бақылауымен реттелген бұл келісім басып алынған жерлерде Израиль режимін бекіту және исламдық араб елдері арасында қайшылық тудырудан басқа нәтижеге жетпеді. Ислам республикасының іргетасын қалаушы имам Хомейни хиджри шамси күнтізбесінің 1958-ші жылының 5-ші фарвардинінде Мысыр мен Израильдің бейбітшілік орнатуына қатысты  әлем мұсылмандарына жолдау арнап, бұл келісімді айыптады. Имамның жолдауының бір бөлігінде: «Мен 15 жылдан артық уақыт бойы заңсыз Израильдің қатері туралы ескерту жасап, араб үкіметтері мен халықтарына бұл шындықты жарияладым. Осы күні Мысыр мен Израильдің бейбітшілік келісімімен бұл қатер жақындап, шынайылана түсті.  Иран өзін араб елдеріндегі мұсылман бауырларымен бірге санап, олардың шешімдерінен ортақтасып, бұл келісімге қарсы мемлекеттердің саяси ұстанымдарын растайды»,-деп қуатталған. Бірнеше күннен кейін ИИР аталмыш келісімге наразылық білдіріп, Мысырмен арадағы саяси қарым-қатынасын тоқтатты. Мысыр мен Израиль арасындағы келісімнің салдарларының бірі араб елдерінің арасында қайшылықтардың пайда болуы болды. Бұл келісімге қол қойылмастан бұрын барлық араб мемлекеттері Израильмен дұшпан болды. Бірақ Мысырдың қол қоынан кейін бұл мемлекеттер үш топқа бөлінді: бірінші топқа бұл келісімге қарсылық білдіруші елдер кіріп, бұл топ табандылық майданы деп таныстырылды. Сөйтіп табандылық майданына Ливия, Ирак, Оңтүстік Йемен, Сирия, Алжир сынды елдер мен Палестинаны азат ету ұйымы кірді; екінші топ бұл келісімді қолдаған мемлекеттер кірген топ болды. Бұл топқа Марокко, Судан және Оман кірді. Үшінші топ аталмыш келісімге бейтараптық танытқан Сауд Арабиясы мен Иордания және Парсы шығанағы жағалауындағы мемлекеттер болды.  1978-ші жылдың 19-шы қыркүйегінде  Палестинаны азат ету ұйымы мәлімдеме шығарып, Кэмп-Дэвид келісімі мен Садатқа шабуыл жасап, Кэмп-Дэвид келісімінің Садаттың Бегин жобасына толық бағынып, Палестина мен Голан жоталарын, тіпті Мина даласының бір бөлігін сионистердікі екенін растайтынын қуаттады. Палестинаның ұлттық Конгресі де 1978-ші жылдың 1-ші қазанында мәлімдеме шығарып, келіссөздер мен Кэмп-Дэвид келісімін айыптап, бұл келіссөздердің Палестина халқының тағдырын таңдау құқымен санаспағанын қуаттады.  Сирияда Хафиз Асад Кэмп-Дэвид келісімі туралы пікір айтып, табанды майдан басшыларының Дамасктегі үшінші конференциясының ашылу рәсімінде оны қатты айыптады. Конференцияның соңғы қарарында Садаттың бағынуы мен Кэмп-Дэвидте сионистік және империализмнің дұшпанымен келісімге келіп, арабтардың бірлігіне қарсы шығып, Палестина мәселесіне көңіл бөлмей, бұл халықтың саяси жетістіктеріне соққы беруін айыптап, Кэмп-Дэвид келісімін АҚШ империализмі мен сионизмнің Мысыр мен араб әлемі және Африка құрлығына араласу жобасының бір бөлімі деп атады. Ливияда да Муаммар Каддафи Кэмп-Дэвид келісімі мен Садатты Мысырды күрескерлер қатарынан шығарып, араб, яғни Палестина жерлерін басып алған заңсыз  дұшпанды заңды деп қабылдағаны үшін айыптады. Ирак революциясының қолбасшылары кеңесі де мәлімдеме жариялап, Кэмп-Дэвидтегі қастандықтар мен қиянаттарды айыптап: «Ирак сионистік дұшпанмен қақтығысқа түскен солтүстік әскери майданның бір бөлігі саналады және белсенді әскери күштерді Сирияға аттандыруға дайын»,- деп жариялады. 1978-ші жылғы Кэмп-Дэвид отырысы мен 1979-ші жылғы Вашингтондағы қорытынды қол қойылудың арасында араб әлемінің екінші маңызды реакциясы орын алды. Араб басшыларының басқосуы 1978-ші жылдың қарашасында Бағдатта өтіп, Араб лигасының орталық бюросын Каирден Туниске ауыстыруға шешім қабылданды. Сондай-ақ Мысырға қарсы санкциялар салынатын болды. Бұл Кэмп-Дэвид келісімінен кейін шегіндіруді көздеген Каирге қарсы маңызды наразылық болды. Бірақ Садат Ақ үйде сионистік режимнің  премьер-министрі Бегин мен АҚШ президенті Картердің алдында  келісімге қол қойды. Арабтар Каирдегі елшіліктерін жауып, Мысырмен  арасындағы сауда және саяси қарым-қатынастарын тоқтатты. Мысыр Кэмп-Дэвид келісіміне қол қойған соң Израиль оған қарсы шығады деп ойлаған негізгі майданының біріне қатысты алаңдаушылықтардан босады. 1982-ші жылы Израиль үш мақсатымен, атап айтқанда палестиналық партизандарды Ливаннан шығарып, Сирия күштерін шығарып және бұл режимді ресми қабылдайтын үкіметті билік басына әкелу үшін Ливанға шабуыл жасады. Мысыр Израильмен бейбітшілік орнатуды қабылдаған кезде шамамен барлық исламдық мемлекеттер оған қарсылық білдірді. Бірақ бірнеше жылдан кейін Израильмен бейбітшілік орнату сапына Иордания мен Ясер Арафат басқарған Палестинаны азат ету ұйымы қосылды Палестина мәселесі исламдық үмбеттің бірлігінің өзегі. Сионистік режим мұсылмандардың ант ішкен дұшпаны. Палестиналықтардың құқықтарын қайтару - бүкіл исламдық үмбет қуаттайтын және мұсылмандарды біріктіретін мәселе. Бірақ исламдық мемлекеттер Израильдің ислам мен мұсылмандардың бірлігіне дұшпан екендіг туралы хабардар болмайынша исламдық бірлікке жету мүмкін болмайды. Ортақ дұшпаннан хабардар болу және оның қастықтарына  сенім арту бірліктің негізі болады. Ислам әлемі шамамен 70 жыл бұрын бұл дұшпанмен кезікті, бірақ мұсылмандар мен исламдық елдердің үкіметтерінің арасында бұл дұшпандық анықталмады. Құдс күні - ислам үмбетінің дауысы алданған басшыларды оятуға және қасиетті Құдсты азат етумен Палестинаның езілген халқының құқығын қайтарып, Израиль сынды ортақ дұшпанмен қарсыласу үшін орынды мұрсат. Ислам үмбеті оянды. Палестина  исламдық ояну үдерісінде өз орнына ие болып, келешекте аймақтың мұсылман халықтарының үкіметтерге көрсететін қысымдары үкіметтерді ислам әлемінің бірлігін қорғап, нығайту туралы шешім қабылдауға мәжбүрлейді. Бұл үдеріспен бірге бола алмайтын немесе болғылары келмейтін  үкіметтер аймақ пен өз елдерінің мұсылман халықтарынан оқшау қалатын болады.

 

 

Тегтер