Жетекшілік хадисі 88
Исламның ұлық пайғамбары: «Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер, өйткені сый кек пен дұшпандықты жояды»,- деген болатын.
Ислам адамдардың арасындағы адамгершілік негіздеріне сүйенген қарым-қатынастарды көп қуаттап, туыс-тумалар мен достардың хал-жағдайын білу және оларға сыйлық беру сынды ғамалдарға ерекше назар аударады. Өйткені сыйлық беру кек пен дұшпандықты жойып, мейірімділік пен махаббатты тудырады. Сыйлық беруді маңыздылығы садақа берудің маңыздылығынан жоғары. Егер сый Алла үшін ақ ниетпен берілсе, сыйлаушы мен сыйды алушы адамға да оң әсер етіп, олардың көңіл-күйін көтереді. Исламның ұлық пайғамбары: «Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер, өйткені сый кек пен дұшпандықты жояды»,- деген болатын. Діни тағылымдарда қуатталған ғамалдардың бірі басқаларға сыйлық беру болып табылады. Осыған орай Исламның ұлық пайғамбары: «Халық бір-бірімен дос болып, бір-біріне сыйлық тарту етіп, аманатқа берік болса. жақсылықта өмір сүреді»,- деген. («Эюне Ахбаре әр-Реза», 2-ші том). Ислам өмірдің қажеттіліктерін қамтамасыз ету және халықтың арасында мейірімділік пен махаббат орнату үшін материалдық сыйлықтарды тартуды қуаттағанымен, сый тек материиалдық мүлік емес. Исламда ең жақсы әрі ең сый болып, адамның рухани қажеттілігін қамтамасыз ететін және оны дұрыс жолға нұсқайтын сыйлар саналады. Имам Әли (ғ.с.)-ның айтуынша, «ақыл мен кеңес – өте жақсы сыйлық». Имам Садық (ғ.с.): «Мен үшін кемшіліктерімді айтатын адам ең сүйікті бауырларым саналады»,- деген. («Мизан әз-Зимат», 9-шы том). Кейбіреулер кемшіліктерін айтқанды жақтырмауы мүмкін. Бірақ, бұл адамның кемелдікке жетуі үшін өте пайдалы. Алла елшісінің келесі хадисінде: «Мұсылмандардың бауырына тарту ететін ең жақсы сыйы ақыл сөзі болып табылады. Алла Тағала бұл сөз арқылы оны дұрыс жолға нұсқап, күнә жасаудан алыстатады»,- деп айтылған. («Канз әл-Амал»).
Сыйлық – адамның мейірімділігі мен махаббатын білдіру үшін достары мен туыс-туғандарына беретін нәрсе. Алла елшісі: «Мұсылман бауырының сыйын қабылдап, оған өзінде бар нәрсені сыйлау адамның жомарттығының белгісі»,- деген болатын. Қасиетті ислам дінінде үлкен-кішілігіне қарамай сыйды қабылдау қуатталған. Алла елшісі сыйды Алланың ырзығы деп атап, өзіне берілген кез келген сыйлықты қабылдап: «Бауырының сыйын қабылдау оны құрметтеу саналады»,- деген. («Мизан әл-Хикмат», 14-ші том). Ол сонымен бірге сый тартқан адамға құрмет көрсету туралы: «Егер маған сиыр немесе қойдың аяқ-сирағы тарту етілсе де, мен оларды қабылдаймын»,- деп айтқан еді. Рауаяттардың бірінде: «Күндердің бірінде кедей әйел исламның ұлық пайғамбарының әйелі Айшаға сый тартады. Бірақ ол кедей әйелге жаны ашып, сыйын қабылдамады. Оқиға пайғамбардың құлағына жеткен кезде хазірет ренжіп, әйеліне: «Неге сыйды қабылдамадың? Бұл ісіңмен оны кемсіткеніңді білмейсің бе?»- деді»,- деп айтылған. («Канз әл-амал»). Туыс-туғандарға сый тарту Құран аяттарында қуатталған жақындар және туыс-туғандармен қарыс-қатынас орнату факторларының бірі саналады. Адам сый тартып, басқаларды өзіне қарай тартып, олардың жүректерін мейірімділікке бөлей алады. Сый тек туыс-тумаларға ғана емес, достарға, кейде тіпті дұшпандарға да беріледі. Айта кететін жайт, сый тартқан кезде оның құнын қайтару туралы ойламау қажет. Әрине сыйды алып отырған адам достық қарым-қатынасты сақтап, бауырластығын білдіру үшін сыйдың орнын толтыра алады. Бірақ сыйлыққа бір-бірінің арасындағы мәміле ретінде қарауға болмайды. Имам Әли (ғ.с.) өз хикметтерінің бірінде: «Сені көріп, халіңді білуге келмейтін адамға барып, оның халын сұра, саған сыйлық бермейтін адамға сый тарт»,- деп айтқан болатын. («Усул Кафи», 5-ші том), Барлық мәдениеттер мен діндерден сыйлардың түр-түрін кездестіруге болады. Кейбір сыйлар, соның ішінде мақтау қағазы, түрлі медальдар тек естелік үшін, олар ешқайда пайдаланбайды. Бірақ адамның қажеттілігінің бірі және дер кезде берілген сыйлық әдемірек саналады. Алланың елшісі: «Қажет болған кезде берілген сый қандай жақсы»,- деген.