Жетекшілік хадисі 90
Абырой – адамның құрметі, беделі және болмысы. Ислам мүміннің абыройын сақтап, оны құрметтуге ерекше көңіл бөледі.
Қасиетті Ислам дінінің маңызды тағылымдарының біріне басқалардың абыройын құрметтеудің қажеттілігі жатады. Бұл мәселенің маңыздылығы сондай, басқалардың абыройына шабуыл жасау ең үлкен күнәләрдың қатарына енгізілген. Алла мұндай күнә жасаушыны азаптайды. Имам Садық (ғ.с.) бұл мәселенің маңыздылығы туралы: «Мүміннің жамандықтарын әшкерелеп, абыройын түсіру ниетімен сөйлеген адамды Алла Тағала өзінің панасына алмайды, оның қамқоршысы шайтан болады»,- деген.
Абырой – адамның құрметі, беделі және болмысы. Ислам мүміннің абыройын сақтап, оны құрметтуге ерекше көңіл бөледі. Сондықтан Исламның маңызды бұйрықтарының бірі әртүрлі мүмкіндіктермен адамның өзі мен басқалардың абыройын сақтау болып табылады. Кейбір уақытта тіпті абыройды сақтау үшін мүліктен бас тарту керек болады. Исламның ұлық пайғамбары бұл туралы: «Мүлкіңді жұмсап, абыройыңды сақта»,- деген. Кейде адамның беделін сақтау үшін пікірталасқа қатыспаған жөн. Өйткені қайшылықтар тіл тигізушілікке жол ашады. Имам Әли (ғ.с.) мұсылмандарға айтқан ақыл-кеңестерінің бірінде: «Өз абыройын жақсы көретін әр адам дау-дамайдан алыс болуы керек»,-деп айтқан. («Наһдж ул-Балағе»). Имам Хасан Мұджатаба да абырой сақтауды ақылдың белгісі деп атап: «Ақылсыз адам мүлкін ақылсыздыөпен жұмсап, өз абыройына жеңіл қарайтын адам»,- деген болатын. («Бихар әл-Анвар» 78-ші том). Қасиетті Ислам дінінде қоғамның саулығы мен қауіпсіздігінің жан мен мүлікті қорғаудан кейінгі ең маңызды себептеріне адамдардың, әсіресе мүміндердің абыройын сақтау жатады. Өйткені адамның абыройы өмірдегі талпыныстар мен қиындықтардың нәтижесі саналады, сондықтан мұсылманның абыройын төгуден үлкен күнә жоқ. Сол себепті мүміннің абыройына нұқсан келтіріп, оның қорлыққа ұшырауына себеп болатын іс-қимылдарға тыйым салынды. Исламның ұлық пайғамбары: «Алла Тағала «менің достарыма қорлық көрсететіндер менімен соғысқандары» деп айтқан болатын»,- деді. Имам Бақер (ғ.с.): «Алланың елшісі миғражға көтерілген түні Жаратушыдан «мүміннің Құдайдың алдында қандай құны бар?» деп сұрағанда: «Уа, Мұхаммад! Менің досыма тіл тигізген адам маған қарсы шыққандай, мен досыма тез көмек көрсетуге асығамын»,- деген жауапты естіді»,- деп айтқан болатын. («Усул Кафи» 2-ші том). Абу Басир деген адам: «Имам Бақер (ғ.с.)-нан: «Біздің серіктеріміздің бірі кедей. Мен зекетімді соған бергім келеді. Бірақ ол зекетті алуға ұялады. Оған бұл мүлкімнің зекеті екені туралы айтуым қажет пе?»- деп сұрадым. Хазірет: «Алла уәжіп еткен, бірақ мүмін қорлық деп санайтын істі жасама»,- деп жауап берді»,- деп айтқан. Имам Садық (ғ.с.) да мүміннің абыройын сақтау туралы: «Сендердің әр біреуің Алламен мұсылмандардың қаны мен мүлкіне ластанбаған қолы және оның абыройына тіл тигізбеген тілімен кездесуі кеерк. Сондықтан солай жасаңдар»,- деген. Құран Кәрім көптеген аяттарында жақтастарының құрметі мен мұсылмандардың қыбыласы Қағбаның маңыздылығын қуаттайды. Осыған орай Қағбаны құрметту баршаға уәжіп, керісінше оған тіл тигізу үлкен күнә саналады. Айта кететін жайт, рауаяттарда мұсылмандардың абыройын құрметтеу Қағбаны құрметтеумен бір қатарға қойылмақ түгілі, имам Садық (ғ.с.)-ның айтуынша «мүміннің абыройын құрметтеу Қағбаны құрметтеуден жоғары». Сондықтан Қағбаға тіл тигізу харам саналғандай, мүмінге тіл тигізу де харам саналады. Рауаяттардың бірінде: «Күндердің бірінде Исламның ұлық пайғамбары Қағбаға қарап тұрып: «Уа, Қағба! Қандай бақыттысың. Алла сені айбынды санап, құрметтеуді уәжіп етті. Алламен ант етемін! Мүмінді құрметтеу сені құрметтеуден жоғары. Өйткені, Алла мүміннің үш нәрсесіне: мүлкі мен жаны және абыройына тіл тигізуге тыйым салды. («Бихар әл-Анвар» 64-ші том). Соңғы сөздерінде Алла Тағала адамның беделі мен адамгершілігін қорғауды маңызды деп атап, «Юсеф» сүресінің 50-ші аятында хазірет Юсуфтың болмысын қорғау талпынысын еске салады. Хазірет өз абыройын құнды санап, патшалардың кешіруін қабылдап, тұтқындықтан шығуға келіспейді. Сондықтан Мысыр басшысы жиын өткізіп, хазірет Юсуфтың абыройын қайтарған соң ғана тұтқыннан шығуға келіседі.