Шұғара сүресі, 658-ші бөлім, 167-175 аяттар
Шұғара сүресі, 658-ші бөлім, 167-175 аяттар
«Шұғыра» сүресінің 167-68 аяттары:
«قَالُوا لَئِنْ لَمْ تَنْتَهِ یَا لُوطُ لَتَکُونَنَّ مِنَ الْمُخْرَجِینَ»، «قَالَ إِنِّی لِعَمَلِکُمْ مِنَ الْقَالِینَ»
Олар: "Әй, Лұт! Егер тыйылмасаң, әлбетте (жұрттан) шығарыласың" десті. (167) Лұт (Ғ.С.): "Әрине мен сендердің қылықтарыңнан жиіркенемін" деді. (168)
Алдыңғы бағдарламада хазірет Лут қауымының ұят істері туралы айтып, хазіреттің оларды сол істен тыйғанын айтқан болатынбыз.
Бұл аяттар былай дейді: «Олар пайғамбарларының ақыл-кеңесін тыңдап, біржынысты қатынастан тыйылудың орнына хазірет Лутқа «Егер уағыз бен ақыл айтып, біздің мазамызды алуыңды қоймасаң, өзіміздің талап-тілектерімізге жету үшін сені қаладан қуып шығамыз» деп қоқан-лоққы жасады. Алайда хазірет Лут олардың қоқан-лоққыларынан қорқудың орнына кесімді түрде істерінен жиіркенетінін, олардың ұят істерімен қарсыласуын қоймайтынын кесіп айтты. Лут «Мен сендердің дұшпандарыңмын» деудің орнына «Мен сендердің істеріңнің дұшпанымын» деді. Яғни, хазірет: «Егер өздеріңнің ұят істеріңді қойсаңдар, біздің арамызда қайтадан достық пен шынайылық орнайтын болады. Сендердің жағымсыз істерің менің күрес жолында, оның таралуына тосқауыл болуда ешбір әрекеттен аянып қалмауыма себеп болады» демек болды.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Пәк ерлерді қудалау – пасық, зұлым адамдардың тәсілі. Олар осы тәсілді ұстанып, өздерінің қылмыстары мен бұзақылықтарын алаңсыз жалғастыруды көздейді.
2. Тыйым салынған істердің алдында үнсіздік танытуға болмайды. Жаман істер әшкере түрде жасалатындығы сынды, жеккөрініш пен жиіркеніш те ашық түрде айтылуы керек. Жөнсіз істермен һәм тілмен, һәм іс-әрекет арқылы күресу керек.
3.Пайғамбарлар тек Құдайға ғана арқа сүйегендіктен олар дұшпандардың жасаған қоқан-лоққыларынан қорықпай, қандай жағдайда болса да зұлымдық және бейбастақтықпен күрестен бас тартқан жоқ.
«Шұғыра» сүресінің 169-170-171 аяттары:
«رَبِّ نَجِّنِی وَأَهْلِی مِمَّا یَعْمَلُونَ»، «فَنَجَّیْنَاهُ وَأَهْلَهُ أَجْمَعِینَ»، «إِلَّا عَجُوزًا فِی الْغَابِرِینَ»
"Раббым, мені мен отбасымды бұлардың қылықтарынан құтқар!" (169) Сонда оны да, үй-ішін де тұтас құтқардық. (170) Жоқ болатындардың ішіндегі кемпірден басқа. (171)
Хазірет Луттың үздіксіз насихаты және жетекшілігімен бұзақыларға дәлел аяқталды. Бірақ олар Құдайдың пайғамбарына қарсы қастандық жасамақ болды. Сол себепті хазірет Лут Құдайдан күнәһарлардан құтылу үшін өзі мен серіктерінің алдынан құтқарылатын жол ашуды сұрады. Құдай хазірет Луттың қалауын орындады. Оған және оған иман келтірген, оның адамдары саналған баршаға түнделетіп, жұрт ұйқыға кеткен кезде азап түсетін кезде қалада болмау үшін шаһардан шығып кетуге бұйырды. Бірақ Луттың отбасы мен серіктерінің арасында хазіреттің әйелі жолдан тайған болатын. Ол хазірет адамдарды ұят істерден тыйғанда оған көмектеспейтін. Хазірет Луттың әйелі қауымның арасында қалып, басқалар сынды азапқа душар болды. Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Лас, бұзылған кеңістікте қалуға болмайды. Сондай кеңістіктен құтылуды ойлау керек. Не кеңістікті түзету керек, болмаса сол жерден өзіңді құтқарған жөн.
2. Заң Құдайдың алдында қатынасқа қарағанда маңызды. Пайғамбардың әйелі де, егер тура жолдан тайған болса, өледі. Құдайдың пайғамбарымен қатынасы оның құтқарылуына себеп болмайды.
«Шұғыра» сүресінің 172-173-174-175 аяттары:
«ثُمَّ دَمَّرْنَا الْآخَرِینَ»، «وَأَمْطَرْنَا عَلَیْهِمْ مَطَرًا فَسَاءَ مَطَرُ الْمُنْذَرِینَ»، «إِنَّ فِی ذَلِکَ لَآیَةً وَمَا کَانَ أَکْثَرُهُمْ مُؤْمِنِینَ»، «وَإِنَّ رَبَّکَ لَهُوَ الْعَزِیزُ الرَّحِیمُ»
Сосын қалғандарды да жоқ еттік. (172) Оларға жаңбыр жаудырдық. Ескерту берілгендердің жаңбыры нендей жаман! (173) Рас бұнда бір ғибрат бар. (174) (Мұхаммед Ғ.С.) рас Раббың тым үстем, ерекше мейірімді. (175).
Хазірет Лут пен оның отбасы және серіктері имандарымен түн жамылып, қаладан шығып кетті. Ол жерде қорқынышты зілзала болып, қаланы тұрғындарының үстіне құлатты. Түнді күнә мен бейбастақтық жасаумен өткізген, қапылдықтың ұйқысында жатқан адамдар қирандылар мен үйінділердің астарында қалды. Олардың қаласын тек зілзала ғана теңселткен жоқ, сондай-ақ Құдай ұсақ тастардан олардың бастарына жаңбыр жауғызды. Жер мен аспан бейбастақ әрі қырсық қауымға бірдей зілін шашқандай, қаланы асты-үстіне төңкеріп, тұрғындарын үйінділердің астына көміп, толығымен көздерін құртып, тамырымен жоюды мақсат еткендей болды. Тастан жаңбырдың қалай жауғаны туралы біреулер былай деп сипаттады: «Ірілі-ұсақты тастарды аспанға көтерген үлкен дауыл тұрды немесе өшіп жатқан вулкан ашылып, вулканның лаваларынан жаңбыр жауды...».
Аяттардың жалғасы басқа пайғамбарлардың оқиғаларының соңында айтылғандай, былай дейді: «Азап түсірілудің себебі мынада: Адамдардың көбісі белгілер мен нышандарды, сонымен қатар дәлелдің аяқталғанын көре тұра иман келтіруді мақсат етпей, Құдайдың пайғамбарына қарсы қастандық жасамақ болды».
Осы аяттардан үйренетініміз.
1. Күнәһар және бейбастақ қауым Құдайдың жазасы мен азабын күтуі керек. Жаза кез келген жақтан және әр түрде түсуі мүмкін.
2. Дәлелдің аяқталғанын ескерту лазым. Дәлел аяқталмай азап түсірілмейді.
3. Табиғат – Алланың құдіретінде. Аспаннан жаңбыр жаудыратын күш тастан да жаңбыр жаудыра алады.