Ислам әлеміндегі бірлік 25
Бүгін экономикалық мәселе, яғни исламдық ортақ нарықты ислам әлемінің ынтымақтастығына себеп болатын мәселе ретінде талқылап, бұл нарықтың құрылуының мұсылмандардың экономикалық мәселелерін шешіп, исламдық елдерді экономикалық құдыретті блок ретінде нығайтуына қандай әсерін тигізе алатындығына тоқталамыз.
Сараптамаларымыздың көбінде исламдық елдердің арасындағы қайшылықтар мен келіспеушіліктердің себебінің адамдарды илаһи тағылымдар мен құндылықтардан алыстататын иманның осалдығы мен шайтанның күдік-күмәндарының ықпалы екендігін атадық. Алайда мұсылмандардың Алла, пайғамбар және Құранға қатысты наным-сенімдеріне қарамастан шайтанның күдік-күмәндары неліктен адамға әсер етіп, өмірлік құндылықтардың маңыздылығының төмендеуіне себеп болады? Мұсылмандардың бұл құндылықтардан алыстауының негізгі себептерінің бірі ретінде кедейшілік пен экономикалық тоқырауды атауға болады. Хазірет Әли (ғ.с.) құнды хадистерінің бірінде кедейшілік есіктен кірген кезде иманның терезеден шығатыны туралы ескерткен болатын. Бұл рауаят экономикалық кедейшіліктің діни иманға әсер ететінін көрсетеді. Сондықтан исламдық елдердегі экономикалық кедейшілік мұсылмандардың иманының әлсіреп, оларды маңызды құндылықтардан алыстауына себеп болады деп айтуға болады.
Исламдық елдердің әлсіздігінің себептерінің бірі экономикалық кедейшілікпен бірге бұл елдердің басшыларының бөгделердің билігін қабылдауында. Тарих экономикалық тұрғыдан осал елдердің көбінің өз тапшылықтарын толтыру үшін дамыған әрі тұрмысы жақсы мемлекеттерге тәуелді болатындығын көрсетті. Бір мемлекет экономикалық тұрғыдан басқа мемлекетке тәуелді болған жағдайда, бұл мемлекет мәдени-саяси тұрғыдан да оның билігіне түседі. Бұл мәселе исламдық елдердегі іріткілердің пайда болуына себеп болуы мүмкін. Өкінішке орай, бүгінгі исламдық елдер материалдық мүмкіндіктер мен адами күштерге, сонымен бірге бай табиғи ресурстарға ие бола тұра ең нашар экономикалық жағдайға тіреліп, әлемдік экономикалық қозғалыстың ауыр жүгін өз иығымен көтеріп келеді. Бұл мемлекеттер әлемдік экономиканы алға ілгерілететін мотор саналатын мұнай мен газдың дүниежүзіндегі ең үлкен қорына ие болып, сондай-ақ ауылшаруашылықтың үлкен бөлімі мен бидай, күріш, мақта және өнеркәсіпке қажет шикізаттар өндірісінің қомақты үлесін өз қолдарында ұстағандарына қарамастан олардың табиғи байлықтары мен экономикалық жұмыстарының өнімдері алпауыт мемлекеттердің, әсіресе Батыс үкіметтері тарапынан талан-таражға салынуда. Исламдық елдер көптеген энергетикалық ресурстар мен пайдалы кендерге, ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өнімдерге ие. Дүниежүзіндегі мұнай қорының үштен бірі, табиғи газ қорының шамамен 70 пайызы исламдық елдерде шоғырланған. Сонымен бірге фосфат қорының 40 пайызы, қалайының 38 пайызы, уранның 15 пайызы мен хромның әлемдік қорының 12 пайызы мұсылмандардың қолында. Темір, көмір, мыс, сынап, мырыш, слюда, сақар, кобальт кендері және құрылыста пайдаланылатын тастар исламдық елдерде көп кездеседі. Ауылшаруашылық бөлімінің өнімдері, мақта, құрма, жүзім, күріш пен бидайдың үлкен бөлімі исламдық мемлекеттерде шығарылады. Мұның барлығына қарамастан бұл елдердің көбінің экономикалық деңгейі өте төмен, халқының көбі кедейшілікте өмір сүреді.
Исламдық елдердің табиғи байлықтары талан-таражға салынып, саяси және мәдени тұрғыдан да оларға билік жүргізіледі. Мұндай жағдайда исламдық елдер өз мүмкіндіктерін пайдаланып, бірлік пен ынтымақтастық арқылы өздерінің экономикасын жақсартудың орнына бір-біріне дұшпандық білдіріп, саяси және экономикалық мақсаттарына жету үшін исламдық елдермен ынтымақтастық етуден гөрі әртүрлі салаларда Батыс мемлекеттерімен ынтымақтастық жасауды артық көреді. Ислам әлемінің экономикалық бөлімдегі ынтымақтастығы мен интеграциясы және қолдарындағы экономикалық потенциалдар мен жетістіктерді біріктіру оларды мақсаттарына жеткізетін еді. Дүниежүзілік алпауыт елдердің экономикалық және саяси билеп-төстеушіліктерінен құтылып, саяси және экономикалық тәуелсіздікке ие болу, жан-жақты даму үшін ислам әлемінің мүмкіндіктерін пайдалану, исламдық елдердің аймақ пен халықаралық салалардағы саяси және экономикалық бәсекелестігін арттыру, исламдық елдердің ішіндегі саяси-экономикалық тұрақтылық пен қауіпсіздікке ие болу, экономикалық тоқырауға байланысты мәдени және қоғамдық қиындықтардан туындаған жұмыссыздық, есірткі қолдану сынды мәселелер әлем дейгейіндегі экономикаға әсерін тигізеді. Қорыта айтқанда, ортақ мүдделеріне сүйенген исламдық елдердің экономикалық ынтымақтастықтары ислам әлеміндегі интеграцияны нығайтып, экономикалық тәуелділіктен шығуға көмектесетін ең маңызды жолдардың бірі саналатын исламдық ортақ нарықтың құрылуына әкеле алады. Әлемдік экономиканың азат нарыққа ілгерілеуі мен ішкі шекаралар мен кедендік кедергілерді алып тастау үддерісіне қарамастан әлемде экономикалық интеграцияға ілгерілеу бойынша талап-тілектер байқалады, бірақ оларға көңіл бөлмеуге болмайды. Әлемдік деңгейдегі экономикалық және саяси бәсекелестіктің нәтижесі болып саналатын бұл талап-тілектер экономика, қоғам, саясат, мәдениет және географиялық факторларды пайдаланып, екіжақты мүдделерді назарға алады. Ортақ исламдық нарық – ынтымақтастық факторларының бірі. Ортақ исламдық нарық құру әлемдік экономиканың қазіргі жағдайы мен әлемдік сауда құрылымындағы өзгерістер мен әлемдік еңбектің бөлінуі кезінде исламдық елдер үшін қажет мәселе. Өйткені әлемдік экономиканың қазіргі жағдайы мен оның өзгерістері дамушы, соның ішінде исламдық елдердің мүдделеріне сай емес.
Мемлекеттердің экономикалық топтарға қатысуының ең маңызды мақсаттарының бірі даму мен алға ілгерілеудің жоғары сатысына жету болып табылады. Бұл мақсаттың өзі мемлекет басшыларын аймақтық экономикалық топтарға қатысуды қанағат тұтқызады. Дамуші елдер интеграцияны қажет деп санайды. Интеграция мәселесі мен артта қалған елдердің әлемдік экономикалық саясаткерлерден үміттерін үзуі Исламдық ынытмақтстық ұйымына мүше елдердің көбін аймақтық топтарға қатысудың қажет екендігіне көзін жеткізді. Нәтижесінде исламдық мемлекеттер аймақ шеңберіндегі сауда мүмкіндіктерін арттырады. Бірақ тәжірибелер мен исламдық елдердің аймақтық одастықтар және ортақ исламдық нарық құру қажеттігін түсінуіне қарамастан исламдық елдердің сауда айналымына жасаған шолу бұл мемлкеттердің экономикалық қарым-қатынастарының деңгейінің төмен екенін көрсетті.
1997-ші жылы исламдық елдердің экспорты 6,416 миллиард доллар құрағанымен, тек 5,38 миллард доллары, яғни шамамен тек 9 пайызы топтың ішіндегі сауданың, 91 пайызы исламдық елдердің сыртқы нарықтарға жіберген экспортын құрады. Сонымен бірге азық-түлік саудасы саласында БҰҰ-ның Ауылшаруашылығы ұйымының мәліметі бойынша, исламдық елдердің арасындағы бұл сауда 3,3 миллиард долларды, яғни 11 пайызды құрады. Исламдық елдердің азық-түлік қажеттіліктері исламдық емес мемлекеттер арқылы қамтамасыз етіледі. Исламдық елдер үшін қажет бидай, күріш, арпа АҚШ, Еуропалық экономикалық қоғам, Австралия, Канада, Таиланд және Аргентинадан алынатын. Мұндай жағдай өткен 20 жылда айқын байқалды. Әлемнің әртүрлі аймақтарындағы экономикалық одақтардың тәжірибелері мен исламдық елдердің өзара бәсекелестігі ортақ экономикалық нарық құрудың көптеген мәселелермен бетпе-бет келтіретіндігін көрсетті. Алайда исламдық елдердің бірлігі экономикалық интеграцияны қажет етеді. Интеграция саяси және мәдени ынтымақтастықтармен бірге экономикалық ынтымақтастықтарды арттырып, исламдық ортақ нарық құруға себеп болады. Исламдық ортақ нарық бүкіл исламдық елдердің мүддесін қарастырады. Басқаша айтқанда, ислам әлемінің саяси-экономикалық мүдделері – басқа тұрғыларды нығайтуға әсер ететін бөлімдердің бірі.