Қар 07, 2016 19:07 Asia/Almaty
  • Ислам әлеміндегі бірлік 26

20 ғасырдың екінші жартысына аяқ басқан жағдайда исламдық елдердің басшылары 50-ден астам исламдық елдің біртұтас үмбетін құрып, іріткілер мен қайшылықтардың орнына ынтымақтастық орнатуды таңдады.

Исламдық бірлік

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы деп танымал болған Ислам Конференциясы ұйымы – БҰҰ-нан кейінгі екінші үкіметаралық ұйым. Оған әлемнің төрт құрлығының 57 мемлекеті мүше болып кіреді. Бұл ұйымның тарихы мен іргетасының қалануы екінші дүниежүзілік соғыстан басталады. Осы соғыстың басталуымен исламдық халифатты жандандыруды көздеген исламдық іс-қимылдардың кезеңі аяқталып, ислам әлемі өзінің саяси өмірінің жаңа кезеңіне енді. Бұл кезеңдегі саяси және халықаралық өзгерістер,  әсіресе мұсылмандардың 1948-ші жылғы соғыста жеңіліс табуы мен Израиль үкіметінің құрылуы, сонымен бірге Үндістанның мұсылмандар өмір сүретін жерлерінде Пәкістан исламдық елінің құрылуы, ұлтшылдықтың идеология және маңызды саяси  күшке айналуы мен отаршылық кезеңнің аяқталып, елдердің бірте-бірте тәуелсіздік алуы  мұсылмандардың саяси ой-пікіріне терең әсерін тигізді. Мұның барлығы ислам әлеміндегі исламшыл күштердің халықаралық жүйеде исламдық елдерден құрылған ұйым құруына себеп болды.

Ислам Конференциясы ұйымы

Сөйтіп, 20 ғасырдың екінші жартысына аяқ басқан жағдайда исламдық елдердің басшылары 50-ден астам исламдық елдің біртұтас үмбетін құрып, іріткілер мен қайшылықтардың орнына ынтымақтастық орнатуды таңдады. Осыған дейін де мұсылмандардың, әсіресе ислам әлемі ойшылдарының арасында   исламдық бірліктің көрінісі болатын ұйым құру туралы ой байқалған болатын. Тіпті кейбір жайттарда исламдық елдердің барлық  басшылары дүниежүзіндегі мұсылман халықтарын біріктіретін ұйым құрып, қоқан-лоқыларға қарсы тұруды көздеді. Кейбір исламдық елдердегі конференциялар мен басқосулар, соның ішінде  1924-ші жылдың маусым айындағы Меккедегі, 1926-шы жылдың  мамыр айындағы Каир Конференциясы, 1926-шы жылдың маусым айындағы Мекке басқосуы, 1931-ші жылғы Бейт ал-Мұқаддас конференциясы, 1935-шы жылғы Женева  мен 1938-ші жылдың қазан айындағы Каирдегі Араб және мұсылман елдердің Палестинаны азат ету отырысы исламдық елдердің Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы исламдық болмысқа ие халықаралық ұйымдарды құрудың жақтастары болғанының  белгісі.  

Ислам Конференциясы ұйымының құрылуына 1969-шы жылы мұсылмандардың бірінші қыбыласы саналатын әл-Ақса мешітіндегі өрт себеп болды. Ырымшыл еврейдің бұл әрекеті әлем мұсылмандарының ызасына себеп болды. Израиль өртке австралиялық саяхатшының себепкер болды деп атады. Израиль соты сол кезде бұл австралиялық саяхатшыны қылмыс жасаған кезде психикалық науқас деп атап, Израильдің ішкі заңдары бойынша оны жазалау мүмкін емес деп шешім қабылдады. Бұл мәселе мұсылмандардың ашуына тиіп, үкімет басшыларын халықтың наразылықтарына оң жауап беріп, мұсылмандардың ашуын бүкіл әлемдіктерге жеткізуге мәжбүрледі.

Сионистер әл-Ақса мешітін өртеді

Сауд Арабиясы мен Марокко сол кезде бұл мәселені талқылау саласында отырыс өткізуге көптеген талпыныс жасаған елдер болды. Нәтижесінде 1969-шы жылдың қыркүйек айында Марокконың Рабат қаласында Ислам Конференциясы ұйымы құрылды. Исламдық 20 елдің басшылары қатысқан бұл конференцияда әл-Ақса мешітіндегі өрт, Израильдің араб жерлерін басып алуы мен Бейт әл-Мұқаддас қаласының жағдайы сынды үш мәселе талқыланды. Сол отырыста Иранның бұрынғы Пехлеви режимі мен Түркия өкілдері Израильді айыптау және Палестинаны азат ету ұйымын қолдауға қатысты қарарды бекіту кезде керісіп қалды. Бірақ кейбір мемлекеттердің талпыныстарымен басшылық деңгейдегі отырыстардың қарарларының іске асырылу тәсілін бақылап отыру үшін аталмыш отырысқа қатысушы елдердің Сыртқы Істер Министрлерінің басқосуын өткізіп, мүше елдердің ынтымақтастығын жылдамдату үшін ұйымның кеңсесін ашу туралы келісімге келді. 1970-ші жылдың наурыз айындағы Сыртқы істер министрлердің бірінші жиналысында ұйымның тұрақты кеңсесін құру туралы мәселе қарастырылып, Бейт ул-Мұқаддас азат етілгенше Джидда қаласы аталмыш ұйымның уақытша кеңсесі ретінде белгіленіп, Бейт әл-Мұқаддас азат етілген соң бұл кеңсенің осы қалаға ауыстырылатындығы жарияланды. Сыртқы Істер Министрлерінің екінші конференциясы Пәкістанның Карачи қаласында өтіп, Малайзия Премьер-министрі Тонкио Абдолрахман екінші конференцияның Бас хатшысы болып сайланып, оған Ислам Конференциясы ұйымының Жарғысын реттеп, келесі саммитте бекітілуге дайындау міндеті тапсырылды. Ислам Конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлерінің 1972-ші жылдың наурыз айының 24 күні Джиддада өткен келесі отырысында Жарғы бекітіліп, бұл ұйым ресми түрде құрылды.

Ислам Конференциясы ұйымының жарғысында мүше елдердің нақты мақсаттары  анықталған:

  1. мүше елдер арасындағы исламдық тілеулестікті арттыру;
  2. мүше елдердің экономика, қоғам, мәдениет, ғылым және басқа да маңызды салалардағы өзара ынтымақтастықтарын қолдау және халықаралық ұйымдарға мүше елдермен кеңесу;
  3. отаршылдықтықтың қандай түрі болса да жою, нәсілдік кемсітушілікке жол бермеу;
  4. халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау үшін әділдікке негізделген тиісті шараларды қабылдау;
  5. қасиетті жерді сақтауға байланысты бағытталған күштерді үйлестіру және Палестина халқының күресін қолдап, оларға өз жерін азат етіп, өз құқықтарын қайтарып алуы үшін көмек көрсету;
  6. барлық мұсылман халқының өз тәуелсіздігі, ұлттық құқығы мен абройын сақтау мақсатындағы күресін қолдау;
  7. мүше мемлекеттердің бір бірімен және басқа мемлекеттермен ынтымақтастық жасауы мен өзара түсіністігін нығайту мақсатында тиімді жағдай қалыптастыру.

Ислам Конференциясы ұйымына мүше исламдық мемлекеттер ұйымның негізгі мақсаттарын қабылдауымен бірге бес принцип туралы келісімге келді: біріншіден, аталмыш ұйымға мүше елдердің арасында теңдік орнатылады. Бұл принцип бойынша мүше елдердің арасында экономикалық және саяси кемсітушілік болмайды; екінші принцип – өзін-өзі басқару құқығын құрметтеп, мүше мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау. Үшінші принцип мүше мемлекеттердің қайсысының болмасын территориялық тұтастығы мен ұлттық бірлігіне немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы күш көрсету мен қауіп тудырудан және қолданудан бас тарту; төртінші –  қандай да болмасын туған шиеленістерді бейбіт жолмен келіссөз, бітістіру, арағайындық, татуластыру арқылы реттеу; бесінші – өзара бірлік пен бір-бірінің саяси тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығына  қарсы күш немесе қоқан-лоққы пайдаланбайды. Бұл принцип бойынша ұйымға мүше елдер мұсылман емес елдерге қарсы бірлік пен біртұтастығын көрсеткенімен, бірлік күшін мүше елдердің біріне қарсы қолданбайды. Осылайша Ислам Конференциясы ұйымы ислам әлемін біріктіру мақсатында құрылды. Ислам Конференциясы ұйымы өз мақсаттарына жетіп, міндеттерін орындау үшін төрт негізді, атап айтқанда бұл ұйымның басшыларының саммиті ең жоғары фунционалдық негіз, содан соң мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің отырысы, ұйымның кеңсесі және мүше елдер тарапынан жарлығының дайындалмауына байланысты осы кезге дейін құрылмаған исламдық халықаралық сот сынды органдарды қарастырылған болатын. Бұл халықаралық ұйымның бірнеше органдары мен комитеттері бар.  Қарамағындағы органдар қайырымдылық істері, мәдени мәселелер, ақпараттандыру және осыған ұқсас басқа да жұмыстармен айналысады. Ислам Конференциясы ұйымының (ИКҰ) Жарғысына сәйкес саммит үш жылда бір ұйымға мүше исламдық елдердің бірінің астанасында  өткізіледі. Аталмыш саммитті өткізетін мемлекет үш жылға бұл ұйымның басшылығын өз міндетіне алады. Осы күнге дейін 13 саммит өтті. Солардың соңғысы шамамен екі ай бұрын Стамбұлда өтті. Ислам Конференциясы ұйымына мүше елдер басшыларының саммиті бұл ұйымның Бас хатшысын сайлайтын ең жоғары орган болып саналады.

Ислам Конференциясы Ұйымының құрамында Исламдық сауданы дамыту Орталығы, Ислам мемлекеттерінің радио хабар тарату ұйымы (ISBO), Ислам мәдениеті мен өнерін зерттеу жөніндегі орталық, Кәсіптік-техникалық білім мен зерттеулер жөніндегі орталық, Исламдық ынтымақтастық қоры, Исламдық білім, ғылыми және мәдени ұйым (ISESCO) сынды бірнеше орган жұмыс істейді.

 

 

Тегтер