Қар 08, 2016 07:27 Asia/Almaty

1969-шы жылдың қыркүйек айында Раббатта Ислам Конференциясы ұйымы құрылды.

Ислам Конференциясы ұйымының құрылу мақсаттарын ислам әлеміндегі интеграцияға себеп болатын факторлардың бірі ретінде қарастырып, бұл ұйымның құрылуына 1969-шы жылғы  мұсылмандардың бірінші қыбыласы саналатын әл-Ақса мешітіндегі өрттің себеп болды. Ырымшыл еврейлердің бірі іске асырған бұл қылмыс дүниежүзі мұсылмандарының ызасын тудырды. Сауд Арабиясы мен Марокко сол кезде бұл мәселеге қатысты отырыс өткізуге ерекше ықылас білдірген мемлекеттер  болды. Нәтижесінде 1969-шы жылдың қыркүйек айында Раббатта Ислам Конференциясы ұйымы құрылды. 20 исламдық елдің басшылары қатысқан бұл конференцияда әл-Ақса мешітіндегі өрт, Израильдің араб жерлерін басып алуы және Бейт әл-Мұққадас қаласының жағдайы сынды үш мәселе талқыға салынды.

Ислам Конференциясы ұйымы

Ислам Конференциясы ұйымының құрылуынан шамамен жарты ғасыр өтті. Ислам Конференциясы ұйымының исламдық елдер арасындағы интеграция мен бірлік орнату мақсаттарына назар аударып, аталмыш ұйымның жұмысын төрт кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңі ұйымының бірінші онжылдығы болып табылады. Бұл кезеңнің ерекшелігі Палестинаның  арман-мақсаттарының бұл ұйымның негізі ретінде қалыптасуы болды. Екінші кезең үшінші отырыс  пен Теһранда өткен отырысқа дейінгі 20 жылдан азырақ уақыт саналады. Бұл кезең мүше елдер арасындағы қарым-қатынастарды жанжандырумен танымал болды. Ислам Конференциясы ұйымының  үшінші кезеңі 1997-ші жылдағы Теһран отырысынан басталып, 2011-2012-ші жылдардағы араб мемлекеттерінің көбіндегі мұсылмандардың көтерілісімен аяқталды. Бұл кезеңде исламдық елдердің интеграциясы артты. Төртінші кезең үстемшіл үкіметтердің көбінің исламдық ояну деп аталған өзгерістерге реакция білдіру мен ислам әлеміндегі, әсіресе ұйымға мүше елдердің арасындағы қайшылықтардығ арту кезеңі болып табылады. Ислам Конференциясы ұйымының Стамбулдағы соңғы басқосуының соңғы мәлімдемесі осы қайшылықтарды  көрсетті.

Ислам Конференциясы ұйымы

Бірінші кезеңде,  яғни шамамен он жылға созылған ұйымның бірінші және екінші саммитінің арасындағы уақытта исламдық елдер басшыларының екі саммиті Раббат пен Лахур қалаларында өтті. Бұл кезеңде ұйым өзінің негізгі болмысын қалыптастырды. Бірінші басқосуда исламдық үкіметтердің  исламдық құндылықтарға негізделген ынтымақтастықтарын нығайтуы туралы қуаттағандарымен бірге олар БҰҰ-ның Жарғысы, Адам құқығы қарарларына табанды болып, өзара ынтымақтастықтарын кеңейту  үшін бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауға деген талпыныстарын жариялап, әл-Ақса мешітінің өртену оқиғасына жиіркенішін білдірді. Басқосуға қатысқан 25 елдің басшылары Бейт ул-Мұқадластың 1967-ші жылдың маусым айына дейінгі жағдайына оралуын талап етті. Бұл басқосуда  Ислам Конференциясы ұйымына мүше елдер барлық мемлекеттерден, әсіресе Франция, Ұлыбритания, Кеңес Одағы және АҚШ-нан Ислам дінінің жақтастарының Бейт ул-Мұқаддас қаласына жақын болуы және исламдық үкіметтің бұл қаланы босату шешімі, сондай-ақ Израильдің 1967-ші жылдың маусым айынан араб жерлерін әскери жолмен басып алуын жалғастыруының  мұсылман елдер мен үкіметтердің алаңдаушылықтарының арттуына себеп болуын жариялап, израильдік күштердің бұл жерлерден жылдам шығуы үшін шара қолдануларын талап етті. Сонымен бірге отырысқа қатысушы исламдық елдердің басшылары Палестина жерінің халқы мен бұл халықтың азаттықты мақсат ететін күресін толық қолдайтындықтарын жариялады.

Бейт әл-Мұқаддас мекені

Пәкістанның Лахур қаласында өткен Ислам Конференциясы ұйымына мүше елдер басшыларының екінші басқосуы саяси және экономикалық деңгейде шешім қабылдады. Саяси деңгейде ұйым Мысыр, Иордания, Сирия мен Палестина халықтарының Израиль басып алған жерлерін қайтып алу саласындағы заңды талпыныстарын қолдап, мүше мемлекеттерден Израильді ешбір шартсыз басып алған жерлерінен артқа шегінуге мәжбүрлеуге шара қолдануды талап етті. Осыған орай Израильмен қарым-қатынасы орнатылған Ислам Конференциясы ұйымына мүше мемлекеттерден  бұл қарым-қатынастарын тоқтату талап етілді. Экономикалық деңгейде  саммитке  қатысушылар басқа мұсылман елдерімен ынтымақтастық жасауға қызықтыратын комитет құру туралы шешім қабылдады.

 Сол басқосуда исламдық елдердің ынтымақтастығын тереңдету және исламдық құндылықтар мен мәдениетті таратып, исламдық елдердің жоғары оқу орындарын арттыру мақсатында «Исламдық бірлік қоры» деп аталған қор құрып, мүше елдер  қаржы мүмкіндіктеріне қарай осы қорға көмектесетін болды. Қорыта айтқанда, бұл кезеңде бірлікке кедергі тудырған кейбір себептерге қарамастан Палестина мәселесіне негізделген Ислам Конференциясы ұйымының болмысы құрылып, ислам әлемі бірлігінің басты факторлары анықталды деп айтуға болады.

 Басып алынған Палестина

Мұндай себептердің біріне ұйымға мүше елдердің шешімдерге тұрақсыз болуы жатты. Мәселен, ұйымға мүше елдердің Палестина халқына бірауыздан қолдау көрсетулі мен басып алынған жерлерді қайтаруды араб мемлекеттерінің ұлттық мүдделеріне сай деп санауына қарамастан Мысыр өз еркімен Израильмен татуласып, бұл мәселе Мысырдың ұйымнан шығарылуына себеп болды.

 Мысыр мен сионистік режим арасындағы Кэмп-Девид келісімі Мысырдың Ислам Конференциясы ұйымынан шығуына себеп болды

Ислам Конференциясы ұйымының жұмысының екінші кезеңі үшінші басқосудан 1997-ші жылғы Теһрандағы отырысқа дейін жалғасты. Мүше елдердің арасындағы қайшылықтар Ислам Конференциясы ұйымының  қайшылықтарына себеп болып, бұрынғы бірлікке нұқсан келтірді. Саяси және әскери қайшылықтармен бірге бұл кезеңде ислам әлемінің ағымдарының арасында наным-сенімге қатысты қайшылықтар пайда болды. Ирак 1359-шы жылдың шахривар айында Иранға қарсы әскери шабуылын бастады.  Бұл шабуыл сегіз жылдық соғысқа ұласып, екі исламдық елге көптеген шығын келтіріп, олардың мақсаттарын шынайы дағдарысқа тіреді.                                                                                                       

Біріншіден, ұйымға мүше болып қабылдану негіздеріне қайшы екі елдің арасындағы Арванд өзеніне қатысты қайшылықтары бейбіт жолмен шешілмей, Ирак ұйымның мүшесі болып табылатын басқа елге  әскери шабуыл жасады. Екіншіден, Ислам Конференциясы ұйымы арағайындық арқылы дау-дамайды шеше алмады. Үшіншіден, аталмыш ұйым кейбір мемлекеттерге әсер етіп, қайшылықтарды күшейтіп, соғысқа тірейтіндей жағдай тудырды. Джиддада өткен исламдық елдер басшыларының үшінші саммитінде Иран мен Ирак арасындағы соғыс қарастырылған мәселелердің бірі болып, Ирактың Ислам Конференциясы ұйымының негізін бұзғанына қарамастан, бұл ұйым қарар шығарып, соғысты тоқтатуды талап етті. Бұл қарар соғысты тоқтатуды қуаттап, бірақ шапқыншы күштердің артқа шегінуі туралы ешнәрсе айтпай, Иракқа қолдау  көрсетті.  Ұйымның мұндай ұстанымы Иран тарапынан 598-ші қарар қабылданған уақытқа дейін жалғасты. Осыған орай екі елдің арасындағы қантөгістер аяқталмақ түгілі одан сайын арта түсті.

Иран мен Ирактың соғысы

 Палестина мәселесі – ислам әлемінің бірлігі мен тұтастығының  басты мәселелерінің бірі. Бұл исламдық елдердің бірлікке жетуі үшін жақсы потенциал саналуына қарамастан, бұл кезеңде аталмыш мәселе маңыздылығынан айырылып, Дакарда өткен Ислам Конференциясы ұйымына мүше елдер басшыларының төртінші саммитінде Мысыр үкіметі бұл ұйымға мүше болып кірді. Сонымен бірге  бұл саммитте Таяу Шығыс бейбітшілігі жобасын баяндалып, оны іске асыру қуатталды. Бұл жобаға сай Ислам Конференциясы ұйымына мүше елдердің басшыларынан Палестина мен Таяу Шығыс мәселесін қабылдау талап етілді.

Бұл жобаны Сауд Арабиясының патшасы ұсынып, аймақ мемлекеттерінің өз шекараларындағы барлық заңдылығын ресми таныды. Басқаша айтқанда, Израильдің азат мемлекет ретінде өмір сүру құқығын қуаттады. Ислам Конференциясы ұйымының Иран мен Ирак соғысы туралы шешімдеріне наразылық білдіруіне қатысты ИИР-ның аталмыш басқосуға қатыспауы ұйымның мақсаттары мен негіздерінде қалыптасқан бірлік мәселесінің шынайы қатерге тірелгенін көрсетті. Ислам әлемінің ішінде мүше елдер өзара шынайы қайшылықтармен бетпе-бет келді. Ислам Конференциясы ұйымының Кувейт басқосуында  Израильмен бейбітшілік орнатып, Ислам республикасына  қарсы қысымдарды күшейту тақырыбы ислам әлеміндегі бірліктің маңыздылығынан айырылуына себеп болды.

Сауд Арабиясының патшасы Фаһад

 Ислам әлемі мен Ислам Конференциясы ұйымындағы қайшылықтардың бірі Ирактың Кувейтке қарсы шабуылына қатысты болды. Иран мен Ирак арасындағы соғыс аяқталған жағдайда орын алған бұл шабуыл Иранның зұлымдық көргенін әшкерелеп, бұл ұйымның мәселені шешуге әділ қатыспағанын көрсетті. Бұл кезеңде  және ұйымға мүше араб елдерінің Ирактың шабуылынан қорқуына байланысты бұл ұйым  Сенегалдың астанасы Дакардағы  алтыншы басқосуында  Иракты Кувейтке әскери шабуыл жасағаны үшін айыптады.

Ирактың Кувейтке қарсы шабуылы

 Қорыта айтқанда, бұл кезеңде  исламдық елдердің қарым-қатынастарында жасырын оқиғалар орын алып, Ислам Конференциясы ұйымының жаңа дағдарыстармен кезігуіне себеп болды деп айтуға болады. Бұл қайшылықтардың шынайы болғаны сондай, аталмыш ұйымды өз мақсаттарынан алыстатып, мүше елдердің арасындағы түсініспеушіліктерге жол ашты.

 

 

 

Тегтер