Қар 14, 2016 22:13 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисі 93

Кек алу – Алла Тағаланың барлық адамдардың болмысында жаратқан сезімдердің бірі. Алла адамның болмысында ақылға сай негіздер бойынша қалыпастырған бұл сезім қоғамның жүйесін қорғау және шындыққа жету үшін қажет.

Ислам діні жеке адамға немесе қоғамға қарсы зұлымдық пен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы. Сол себепті залымдарға қарсы шығып, олардан кек алу қажет, тіпті  кейбір кездері уәжіп саналады. Құран Кәрім «Тәубе» сүресінің 14-15-ші аяттарында мұсылмандарға кәпірлер мен мүшіріктерге қарсы соғысып, олардан кек  алумен бірге мүміндердің ашуын басуды бұйырады: «Олармен соғысыңдар. Алла оларға сендердің қолдарыңмен азап етсін де оларды қорласын. Әрі оларға қарсы сендерге нұсырат берсін. Сондай-ақ иман келтірген елдің көңілдерін ашсын. Және (олардан жапа шеккендер) жүректерінің ашуын тарқатсын. Алла кімді қаласа, тәубесін қабыл етеді. Алла толық білуші, аса дана». Құран Кәрімнің аяттарында кек алу Алламен байланыстырылған, яғни бұл илаһи дін мен шариғат заңдарын бұзғандардан кек алу қажет дегенді білдіреді. Имам Зейн әл-Абидин (ғ.с.) «Макарем әл-Ахлақ» дұғасында залымдармен қарсыласу үшін Алладан күш-қуат сұрап: «Уа, Алла, зұлымдық жасағандарға қарсы тұруым үшін күш бере гөр... Маған дұшпандық пен зорлық-зомбылық жасағандарды жеңуім  үшін күш-қуат бере гөр...»,- деп сұрады. Алайда кек алудың дұрыс емес, бұрыс түрі де бар. Кек алудың бұл түрі ахлақи ең жағымды сипаттардың бірі – кешірімділікке қарсы. Кек алудың бұл түрінде кек адамның жүрегінде қалып, ол әрдайым дұшпанды жеңіп, одан кек алатын күнді күтеді. Кейбір уақытта жамандыққа жамандықпен жауап беруімен бірге жамандықа бірнеше жамандықпен жауап қайтарады. Және бәрінен сорақысы, ол адамның өзінің бұл жағымсыз сипатын мақтан тұтатындығында. 

Надандық ырымшылдықтар мен дұшпандықтардан  туындаған және зорлық-зомбылықтармен бірге жүретін кекшілдік айыпталады. Өйткені, мұндай кекшілдікте шындық анықталмақ түгілі, зұлымдық жойылмайды, керісінше басқалардың құқықтарын бұзып, зұлымдық пен зорлық-зомбылықты арттырады. Сондықтан илаһи  тұлғалар еш уақытта зорлық-зомбылық немесе басқалардың әдепсіздігіне олардың өздері сынды жауап қайтармайтын. Олар егер мәселе олардың өздеріне қатысты болса кешіретін. Исламның ұлық пайғамбарының әйелі: «Алла елшісінің өзіне жасалған зұлымдыққа байланысты кек алғанын еш уақытта көрмедім. Бірақ, егер Аллаға тіл тигізілген болса, өте қатаң болдын»,- деп айтқан болатын. Келесі бір хадиста Алланың елшісі: «Адамдар әртүрлі. Кейбіреулер кеш ашуланғанымен ашуларын тез басады. Басқалардың ашулануы да, ашуларын басуы да жылдам. Үшінші біреулер жылдам ашуланып, ашударын кеш басады. Келесі топтың ашулануы да ашуын басуы да кеш болады. Олардың ішіндегі ең жақсылары – кеш ашуланып, ашуларын жылдам басатындар. Ал ең жамандары – жылдам ашуланып, ашуларын кеш басатындар»,- деген.

Ислам діні зұлымдық пен зорлық-зомбылық  халықтың құқықтарын бұзған жағдайда зұлымдықтың алдын алып, кек алуды қажет санап, оны қуаттады. Бірақ, егер жеке адамның құқығы бұзылып, оны кешіру зұлымдық пен бұзақылықтың таралуына себеп болмаса, кек алудан кешірімді жақсы санайды. Ислам мұндай жағдайда кек алуды рұқсат емес санап, кешірім сұрауға жігерлендіріп, кешіргендерге сауап жазу туралы уәде береді. Исламның ұлық пайғамбары: «Оған жасалған зұлымдықты кешірген әр адамға Алла Тағала дүние мен ақыретте ғиззат сыйлайды»,- деген. Имам Әли (ғ.с.): «Егер дінге соққы беріп, Исламның күш-қуатының әлсіреуіне соқтырмаса, жамандықты кешіріп, жақсылық жаса»,- деген.  Кек алып, қарсы тұратын күш-қуатқа ие бола тұра кешірген адам әлсіз емес. Бұл кешірім пайдалы әрі сындарлы. Имам Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Күш-қуатын бар кезде кешір, сонда кемелдікке жетесің»,- деген. Ислам мүмінді кешірімді болуға шақыруымен бірге мүмінге жамандыққа жақсылықпен жауап қайтаруды насихаттайды: «Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. (Жамандыққа қарсы жақсылық қыл). Сол уақытта сені мен екеуің араңда дұшпандық болған біреу өте жақын достай болып кетеді». («Фуссилят» сүресі, 34-ші аят).

 

Тегтер