Қар 14, 2016 22:20 Asia/Almaty
  •  Жетекшілік хадисі 94

Адам басқалармен қоғамдық қарым-қатынас орнатқан кезде кейбір уақытта олардың қателіктерімен кезігіп, солар адамның ашуына себеп болады. Мұндай жағдайда адамның діни және ахлақи міндеті өз ашуын білдірмей, оны бақылауға алу саналады.

 Адамның болмысындағы сезімдердің бірі – ашу. Ашу – адамның жаратылысында қалыптасқан өзі мен өзінің құқығын қорғайтын күш. Алайда маңызды мәселе бұл күшті тепе-теңдікте  ұстау болып табылады. Өйткені, егер тепе-теңдіктен айрылса, үлкен қиындық тудыруы мүмкін. Егер ашу-ыза тепе-теңдігінен шықпаса және шындық жолында болса жағымды әрі Алланың ризалығына себеп болады. Имам Әли (ғ.с.) Алла елшісінің ашуы туралы: «Хазірет дүниелік істер үшін еш уақытта ашуланбайтын. Бірақ, егер шындық жолында ашуланса, шегін танымайтын, Шындыққа жетпегенше пайғамбардың ашуы басылмайтын»,- деп айтқан болатын. Адам басқалармен қоғамдық қарым-қатынас орнатқан кезде кейбір уақытта олардың қателіктерімен кезігіп, солар адамның ашуына себеп болады. Мұндай жағдайда адамның діни және ахлақи міндеті өз ашуын білдірмей, оны бақылауға алу саналады. Өйткені, егер ашу бақылауға алынбаса, оның жалыны артып, орны толмас шығындарға соқтыру мүмкін. Имам Әли (ғ.с.) ашуды өртпен салыстырып, егер ол діни негіздерден шықса, жеке адам мен қоғамның бақытының тамырын өртеп кетеді деп санайтын. Сондықтан ол ашудан абай болуға шақырып, оны өртке теңеген.  Егер адамды ашу билесе, оны дін мен ақылдан алыстатады. Сондықтан бұл адамның іс-қимылдары қасындағыларды таңғалдыруымен бірге, ашуы басылған соң оның өзінің істегеніне өкінуіне себеп болады. Имам Әли (ғ.с.): «Тез ашулану – жарыместіктің бір түрі. Өйткені ашу иесі кейін өз ісіне өкінеді. Егер өкінбесе, жарыместігі одан сайын арта түседі»,- деп ескерткен. Имам Садық (ғ.с.) да бұл туралы: «Өз ашуын бақыламаған адам өзінің ақылынан да айырылады»,- деген. Ашу адамның иманына теріс әсер етеді. Уақытының көбінде ашулы адам иманға қайшы күнәләр жасайды. Исламның ұлық пайғамбары: «Сірке суының балды бүлдіретіндігі сынды ашу иманды әлсіретеді»,- деген. Мұндай салыстыру орынсыз ашу-ызаның адамның иман және шын жүрекпен Алламен қарым-қатынас орнатуына ауыр соққы береді. Сондықтан ашу кезінде шайтан адамға оңай әсер етеді. «Мохаджат әл-Баиза» кітабында: «Зұлқарнайын періштелердің бірін көріп: «Маған  иманымды арттыратын білім бер»,- деп сұрағанда періштенің: «Ашуланба, өйткені адам ашуланған кезде оны шайтан билейді. Сондықтан ашуды сабырмен бас, оның өртін тыныштықпен өшір. Асығыстықтан тартын. Жұмыстарыңды асығыс орындасаң, несібеңнен мақұрым қаласың. Алыс және жақын адамдардың алдында мейірімді бол, қатал болма»,- деп айтқаны жазылған. Ашу қисынды адамды бұзады, оны бос сөйлеп, өтірік айтуға мәжбүрлейді. Имам Әли (ғ.с.)-ның хадистерінің бірінде: «Ашу-ызаның артуы адамның қисынын өзгертіп, дәлелдің тамырын жояды, түсініктерді бұзады»,- деді. («Бихар әл-Анвар», 68-ші том). Сондықтан, егер ашулы адам төреші болса, дұрыс төрелік жасай алмайды. Исламның ұлық пайғамбарының хадистерінің бірінде: «Төрелік ету міндетіне ие адам ашулы күйде төрелік етпеуі керек»,- деп қуатталған. Ашудың келесі салдарына адамның жасырын кемшіліктерінің әшкереленуі жатады. Өйткені, ашулы емес жағдайда адам кемшіліктерін жасырып, абыройын сақтау үшін өзін қадағалып отырады Алайда ашуланған кезде перделері ашылып, ақылынан айырылып, әртүрлі міндері әшкереленіп, абыройынан айрылады. Имам Әли (ғ.с.): «Ашу – жаман жолаушы. Ол жасырын міндерді әшкерелеп, жамандыққа жақындатып, жақсылықтан алыстатады»,- деген. («Шиіттер хадисінің жинағы», 13-ші том).

 

Тегтер