Қар 15, 2016 17:00 Asia/Almaty
  • Сандар жаңылыспайды (15)

Алланың атымен бастаймыз! АҚШ тың екі үлкен партиясының 2016 жылы қарашада осы елде өтетін президенттік сайлаудағы өз үміткерлерінің үгіт насихаттарына жұмсаған қаражатымен 5 жыл бойы 5 жастан төмен балаларға сал ауруына қарсы вакцина егуге болады.

Бір қарапайым салыстыру

Балалардың сал ауруы немесе қысқаша «полио» деп аталатын полиомелит ауруы – ауыр вирустық сырқат. Ол адамның тыныс алу жүйесі мен жүйке жүйесіне шабуыл жасайтын өте қатерлі ауру. Көбінесе 5 жастан төмен балалардан тұратын науқастардың 5-10 пайызы қайтыс болады, ал басқаларының кейбір дене мүшелері сал тартады. Балалар шалдығатын сал ауруының емі жоқ. Одан тек вакцина салу арқылы ғана сақтануға болады. Вакцина салуды тарату сал ауруына шалдыққан адамдар санының 1988 жылдан осы күнге дейін 99 пайызға азаюына себеп болды. Алайда әлі де кейбір елдерде, әсіресе Үндістан түбегі елдері мен Ауғанстанда басқа елдермен салыстырғанда сал ауруына шалдыққан адамдар туралы көбірек хабарланады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Дүниежүзілік бастама ұйымы вакцина салудың шектеулігі салдарынан жылына 200 мың адамның осы ауруға шалдығу мүмкіндігін ескертті. Ал әр вакцинаның құны 50 цент қана. Статистикалық мәліметтер бойынша, әлемде 1 млрд 900 млн адамның жасы 15‑тен төмен. 5 жастан төмен балалар шамамен олардың үштен бірін, яғни 630 миллионын құрайды.  

АҚШ‑тың екі үлкен партиясының 2016 жылы қарашада осы елде өтетін президенттік сайлаудағы өз үміткерлерінің үгіт‑насихаттарына жұмсаған қаражатымен 5 жыл бойы 5 жастан төмен балаларға салға қарсы вакцина егуге болады.

https://www.gapminder.org/news/world-peak-number-of-children-is-now/

http://www.unicef.org/sowc2014/numbers/

http://www.povertyprogram.com/health.php

Балалардың сал ауруына қарсы вакцина

 

Тегтер