Қар 17, 2016 14:43 Asia/Almaty
  • Арбағин – әлем мұсылмандары бірлігінің жолдауы

Ислам дінінің ғұламаларының көбі имам Хусейн (ғ.с.)-ды мұсылмандардың бірлігінің факторы санайды. Имам Хусейн (ғ.с.)-ға деген махаббат тек шиіттерге ғана қатысты емес. Осы күні «Арбағин» жолында бірліктен жоғары көрініс байқалады. Сол жолдан мұсылмандар мен әлемнің азаттық талап етушілерінің тілеулестігін көруге болады.

Ғарыштың бір бұрышында Алла Тағала: «Хусейн (ғ.с.) – құтқаратын кеме және жол көрсететін шырақ» деп жазған. Имам Хусейн – (ғ.с.) адамның жаратылысының үлкен сыры. Адамзат бұл сырды ашпай, бақытына қарай жолын таппайды. Дәл осы үлкен сыр әлемнің жартысы қантөгіске куә болып, келесі жартысы адамгершіліктің жоқтығы мен азғындықтан азап көріп отырған жағдайда миллиондаған ғашық адамды сырт көзге кішкентай «Кербала» деп аталатын қалаға жинап отыр. Расында, имам Хусейн (ғ.с.) – адамзатты  надандық  теңізіне батудан және хайуандық өмірге шырмалудан құтқарып, әлемдік құтқарушыны күтіп алуға дайындайтын жаратылыстың үлкен құпиясы. «Арбағин» – тарих бойында надандардың қолынан қаза болған имамның мұрагері саналатын адамдардың жүрегінде осы құпияның табылуының белгісі.

«Хусейн (ғ.с.) – құтқаратын кеме және жол көрсететін шырақ»

Ислам дінінің ғұламаларының көбі имам Хусейн (ғ.с.)-ды мұсылмандардың бірлігінің факторы санайды. Имам Хусейн (ғ.с.)-ға деген махаббат тек шиіттерге ғана қатысты емес. Сүнниттер де имамды исламның ұлық пайғамбарының қадірлі немересі және хазіреттің тәнінің бір бөлігі деп, оны өлтірген адамдарды ең жауыз адамдар деп санайды. Дінсіз және адамгершіліктен жұрдай адам ретінде танымал болған Муавиенің ұлы Язид  пайғамбардың әулетіне  зұлымдық  жасауымен бірге хазіреттің сахабалары мен сүннетінің жақтастарын да Мединеде қырып, мұсылмандарды қорлады. Ашура оқиғасынан кейін көп ұзамай Мединеде орын алған бұл оқиға 1Хоре оқиғасы1 деген атпен танымал болды.   Имам Хусейн (ғ.с.) барлық мұсылмандарға зорлық-зомбылық жасап, пайғамбардың сүннетін жоюды мақсат еткен залымға қарсы шықты. Сондықтан әр мазхабтың ғұламаларының пікірі бойынша, имам Хусейн (ғ.с.)-ға деген махаббат исламдық мазхабтардың ортақ мәселесі. Имам Хусейн (ғ.с.)-ға деген махаббат Исламның ұлық пайғамбары үмбетінің жүректерін жақындата алады.

Құран аяттары мен рауаяттарға жасаған шолудан Ислам дінінің мұсылмандар арасындағы бірлікті қаншалықты қуаттағанын көруге болады.  Тіпті Құранда мұсылмандарға басқа илаһи діннің жақтастарымен қарым-қатынас орнатқан кезде де ортақ мәселелерге сүйеніп, дұшпандық пен жіктелуден сақ болу  насихатталады. Шиіттер әлемінің    хиджридің 13-ші ғасырының ең мәшһүр ғұламаларының бірі Кашеф әл-Ғита: «Ислам екі негізге сүйенеді: біріншісі – бір Аллаға құлшылық ету, келесісі – исламдық қоғамның бірлігі.  Алла Тағала Құранда: «Ыдырағандар және илаһи анық дәлелдер келген соң бір-біріне қарсы шыққандар сынды болмаңдар, өйткені оларды үлкен азап күтуде»,- деп ескерткен. Исламның ұлық пайғамбары да: «Жалған топтардың шындық талап ететін топқа қарсы шыққаны болмаса, ешбір үмбет пайғамбарларынан кейін бір-біріне қарсы болмады»,- деп айтқан болатын. Мұсылмандардың, тіпті шынайы мүміндер мен басқа илаһи діннің жақтастарының арасындағы бірлігінің  берекесі адамның қабілет, дарындарының ашылып, дамуына себеп болады. Алланың өзінің жаратылысы адамға сыйлаған ең үлкен нығметі ақылды кемелдендіреді. Алайда, іріткі – адамның жақсылықтарын өртеп, соңында илаһи азаппен аяқталатын өрт сынды. Өйткені іріткі адами қоғам мен жеке адамнан кемелдікке жету мұрсатын алыстатады.

 Дүниежүзінің бір жарым миллиард мұсылмандары қоғамы бірлігінің нәтижелеріне жасалған сараптама Исламның дұшпандарының неліктен әрқашан бұл үмбеттің арасында іріткі салуды көздейтінін анықтады. Қазіргі кезде басқа заманнан көбірек исламның дұшпандары исламның атымен лаңкестіктің өртін мұсылмандарға қарсы лаулатып, әртүрлі исламдық мазхабтарды бір-біріне қарсы қоййып отыр. Бүгін исламдық үмбет бұрынғыдан көбірек  іріткінің қиындықтарын сезуде. Ирак, Сирия, Йемен, Бахрейн, Ауғанстан және басқа да исламдық мемлекеттер қантөгістермен бетпе-бет келіп, жүздеген мың әйел мен бала үйлері мен отандарынан кетіп, босқынға айналды. Үміттің орнын үмітсіздік жайлаған осындай жағдайда имам Хусейн (ғ.с.)-ның дұрыс жолға нұсқайтын шырағының жарығы қараңғылықты жарып, Исламның ұлық пайғамбары әулетінің ғашықтары үлкен жиынға жиналады. Бұл ғажайып әлемді таңғалдырып, исламдық үмбет үшін үлкен мұрсат тудырады. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның қырқы-«арбағин» – адамның өз болмысына оралуының жаңа кезеңі.

Арбағин – әлем мұсылмандары бірлігінің жолдауы

Осы күні жылдар бойы бейберекеттіктер мен лаңкестіктен азап шегіп отырған Ирак жерінде әлемнің ең үлкен жиыны өтіп, пайғамбар әулетінің шамамен 20 миллион ғашығы тілдері мен түстеріне және дәреже-деңгейлеріне қарамастан бір-бірінен ажырамай, бірігуде. «Арбағин» күні имам Хусейн (ғ.с.)-ды зиярат ету үшін орын алып отырған үлкен шеруге шиіттермен бірге әлемнің әртүрлі елдерінің сүннит мұсылмандары, христандары мен тағы да басқа діндердің жақтастары қатысуда. Дұшпан әртүрлі өтіріктері және айлаларымен ДАИШ сынды лаңкестік топтарды қолдап, исламдық мазхабтардың арасындағы қайшылықтардың атымен іріткі өртін жалындатты. Бірақ имам Хусейн (ғ.с.)-ның жанкештілігі пәк жүректерді өзіне тартып, барлық қайшылықтарды тілеулестікке айналдырады.

حضور اهل سنت در راهپیمایی اربعین حسینی

Кербалаға жететін жолдар осы күндері имам Хусейн (ғ.с.)-ның ғашықтарының жараланған аяқтарына куә болуда. Бұл жолда қадам басқан сайын имам Хусейн (ғ.с.)-ға зиярат ету үшін жолға шыққан адамдарға қызмет етіп жүрген ирактық және ирандық шиіттердің шатырларын көруге болады. Бұл жерде әсіресе Ирактың ауыл тұрғындары қолдарында барларын жолдың жиегіне әкеліп, үлкен исламдық өркениеттің басталуына өз үлестерін қосуда. Сүннит мазхабының өкілдері де имам Хусейн (ғ.с.)-ға махаббаттарын білдіріп, зияратшыларға қызмет етуде. Тіпті христиандар да Иса бен Мариямның атымен аталған шатырларында «Арбағин» керуендерін күтіп: «Хусейн (ғ.с.) бізге де қатысты»,- дейді.

Пәкістан, Үндістан және Ауғанстан елдерінің шиіттері «Арбағин» кеңістігіне қосылу үшін Иранның сүннит мұсылмандары өмір сүретін аймақтарынан өтеді. Бұл аймақтарда шиіт зияратшыларды Иранның сүнниттерінің қара жамылған шатырлары жылы қарсы алады. Шайтанның сарбаздарының Исламның ұлық пайғамбарының үмбетін бөлшектеуді  мақсат еткен әрекеттеріне қарамастан имам Хусейн (ғ.с.) тарапынан мұғжиза орын алуда. Әлемнің алып ақпарат құралдарының үнсіздік танытуына қарамастан имам Хусейн (ғ.с.)-ның махаббаты азаттық талап ететін жүректерді әр жерден өзіне қарай жинауда. Бұл шындық, расында әлемді таңғалдырған имам Хусейн (ғ.с.)-ның үлкен сырының бір бөлімі.

Бүгінгі күндері «Арбағин» жолдарында бірліктен жоғары оқиға орын алуда. Сол жолдардан мұсылмандар мен әлемнің азаттық талап етушілерінің тілеулестігін байқауға болады. «Арбағин» ағымында әлемдіктер мүміндердің арасындағы келісім, бірлік және махаббатпен бірге әлемдегі рухани бірліктің қалыптасуын байқайды. Мұндай бірлік имам Хусейн (ғ.с.)-ның айналасына жиналу арқылы ғана мүмкін. Мүмкін, пайғамбар әулетінің имам Хусейн (ғ.с.)-ның зияратын, әсіресе «Зиярате арбағинді» қуаттауы бақытқа жеткізетін нәтиже әкелер. Имам Хусейн (ғ.с.) туралы хабары жоқ адам үшін христиандар әлемі басшыларының бірінің лаңкестіктен зардап шеккен Ирактың даласында  Алланың соңғы елшісінің перзентіне зиярат жасау үшін мұсылмандармен бірге жолға жаяу шығуы таңғалдырарлық жайт болар. Алайда имам Хусейн (ғ.с.) туралы аздаған болса да білімі бар адам үшін тек имам Хусейн (ғ.с.)-ның болмысы ғана бүгінгі қайшылықтарға толы әлемді илаһи мақсаттарға қарай жігерлендіре алады. Сөйтіп, адамзаттың үлкен жиыны рухани маңызды мүмкіндік саналып, әлемдіктердің рухани бірлігі және адамгершілік құндылықтары мен илаһи мақсаттарына оралуы үшін мұрсат бола алады.