Ислам әлеміндегі бірлік 29
Ислам Конференциясы ұйымы мүше елдерінің деңгейінде интеграция тудырды деген нәтижеге жетуге болады. Мұны дәлелдеу үшін ұйымның жарғысындағы мақсаттары мен негіздеріне шолу жасау қажет.
Исламдық Ынтымақтастық ұйымы немесе Ислам Конференциясы ұйымының құрылған кезде қойылған мақсаттарына жетуін бағалау үшін біріншіден бір ұйымның табысты болуының критерийі не деген сұраққа жауап беруге талпыныс жасаймыз. Бір ұйымның жұмысын бағалау үшін қолданылатын маңызды критерийлердің бірі оның әлеуеті болып табылады. Халықаралық ұйым халықаралық сахнада әлеуеті мен мүдделігін дәлелдеп, өз мақсаттарына жету үшін халықаралық деңгейдегі өзгерістерге әсерін тигізе алғаны жөн. Кейбір сарапшылар халықаралық ұйымның біліктілігі дағдарыстарды шешуге әсер ете алады деп санайды. Басқалар бір халықаралық ұйымның табысын мүше болып кіретін елдердің ұйымның негіздеріне сүйеніп, шешім қабылдауы және мәселені шешуімен байланыстырады.
Егер екінші түсініктеме сәйкес Ислам Конференциясы ұйымының іс-әрекеттерін бағалайтын болсақ, ұйымның жарлығында ескерілген мақсаттар мен негіздерге назар аударып, ұйымның жағдайының 2011-ші жылы араб мемлекеттерінде исламдық ояну кезеңі басталмастан бұрын орташа болғанын байқаймыз. Басқаша айтқанда, ұйым бұл кезеңде өз мақсаттарына толық жете алған жоқ. Бірақ бұл ұйымның жетістіктері болған жоқ деп айтуға болмайды, өйткені, егер бұл ұйым болмағанда ислам әлемінің жағдайы бұдан нашар болатын еді. Сондықтан Ислам Конференциясы ұйымы мүше елдерінің деңгейінде интеграция тудырды деген нәтижеге жетуге болады. Мұны дәлелдеу үшін ұйымның жарғысындағы мақсаттары мен негіздеріне шолу жасау қажет. Бұл жарғыда мүше елдер арасындағы бірлікті кеңейту, отаршылдықты тамырымен жою, кемсітушілікпен күрес, мұсылман халықтардың тәуелсіздік пен ұлттық құқықтарын қорғаудағы күрестерін нығайту сынды мәселелер қарастырылған.
Исламдық ынтымақтастық ұйымының жарлығында қуатталған маңызды мәселелердің бірі мүше елдердің қауіпсіздігін қорғау мәселесі болды. Осыған орай, аталмыш ұйым өз мүшелерінің қауіпсіздігін қорғай алды ма, егер қорғай алса, қаншалықты қорғай алды деген сұрақтар туады. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін ұйымның ең маңызды әрекеттерін бағалаған дұрыс. Орын алған зерттеулерден Ислам Конференциясы ұйымы мүшелерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін екі топтың әрекеттерді іске асырғаны белгілі болады. Бірінші топқа Ислам Конференциясы ұйымының мүше елдерімен тілеулестігін жариялауына себеп болған әрекеттер кіреді. 1982-ші жылы Израильдің шабуылы кезінде Ливан халқын қолдайтынын жариялауы, 1997-ші және 1999-шы жылдары Ливан үкіметінің өз жерінде егемендігін қорғап, аумақтық тұтастығын бақылауға алуы, 1984-ші жылы Эфиопияның шабуылы кезінде Сомали халқын қолдауы мен 1993-ші жылы Арменияның шабуылы кезінде Әзірбайжан халқына ынтымақтастығын жариялауы ұйымның осы саладағы әрекеттері болды.
Ислам Конференциясы ұйымы әрекеттерінің екінші тобына кейбір уақытта сөзбен қолдау көрсетумен шектелмей, мүше мемлекеттеріне іс-жүзінде қолдау көрсетуі жатады. Мәселен, Кеңес Одағы Ауғанстанға шабуыл жасағаннан кейін аталмыш ұйым Исламабадтағы мүше елдерінің Сыртқы істер министрлерінің төтенше отырысында басқыншы үкіметке қарсы арнайы әрекет білдірді. Ислам Конференциясы ұйымы Ауғанстанның мүшелігін тоқтатып, Мәскеудегі Олимпиада ойындарына санкция салды. Сондай-ақ Ауғанстандағы Кеңес Одағының араласуына қарсы көтерілген жиһадтық күштерді қолдап, Кеңес Одағының бұл елден шығуын талап етті.
Келесі мәселе Палестинаға қатысты. Палестина Ислам Конференциясы ұйымының негізгі мәселелерінің бірі болып қалыптасқанына және жылдар бойы Палестина халқының күресіне қолдау көрсеткеніне орай Палестина халқының жиһадын қорғау үшін Сыртқы істер министрлерінің жетінші басқосуында Құдс қоры мен 1975-ші жылы Құдс комитетін және Израильге санкция салу исламдық кеңсесін құрды. Бұлар ұйымның іске асырған жұмыстарының қатарына жатады.
Қорыта айтқанда, мүше елдердің ұжымдық қауіпсіздігін қалыптастыру саласында Ислам Конференциясы ұйымының жұмыстары аса жақсы көрінбеді. Өйткені ұйымның әрекеттерінің көбі мәселені шешетіндей деңгейде болған жоқ. Басқаша айтқанда, ұйымның орындаған жұмыстары мен жарлығында тіркелген мақсаттарының арасында үлкен қашықтық болды. Ислам Конференциясы ұйымының жарлығында тіркелген негіздерінің бірі мүше елдердің қайшылықтарын бейбіт жолмен шешу болып табылады. Сондықтан ұйымның табыстарының мөлшерін бағалау үшін Ислам Конференциясы ұйымы мемлекеттер арасындағы қайшылықтардың алдын қаншалықты ала алды және туындаған қиындықтар мен мәселелерді арағайындық немесе келіссөздер арқылы шеше алды ма деген сұраққа жауап беру қажет. Ислам әлеміндегі өзгерістерге шолу жасап, Ислам конференциясы ұйымы бұл салада нәтижеге жетпеді, тіпті кейбір кездері мемлекеттер арасындағы қайшылықтар мен соғыстар және қантөгістерді күшейту бағытында қадам басты деп айтуға болады. Мәселен, Иран мен Ирактың арасындағы соғыста ислам Конференциясы ұйымының іс-әрекеттері қорғайтындай болған жоқ. Араб елдерінің келісіміне орай қайшылықтар күшейе түсті.
1989-шы жылы Мавритания мен Сенегал арасындағы қайшылықтарда екі жақтан дұшпандылықты тоқтату талап етілді. Бірақ іс жүзінде екі елдің арасындағы қайшылықты шешетін ұсыныс жасалған жоқ. Африканың бірлік ұйымына арағайындық ету үшін жағдай жасалды. Сонымен бірге Ислам Конференциясы ұйымы 1990-шы жылы Ирактың Кувейтке шабуыл жасауына кедергі жасай алмады. Шабуыл жасалып, Кувейттің жері басып алынған соң Ирактан бұл елден шығуды талап етумен ғана шектелді. Сондай-ақ БҰҰ Иракқа қарсы біріккен кезде Ислам Конференциясы ұйымы бұл шешімді қолдады. Ауғанстанды татуластыру мәселесінде де ұйымның шешімдері әсер етпей, моджахедтер қақтығыстарын қайтадан бастады. Ұйымның оларды тоқтату талпыныстары да нәтижеге жете алмады. Сондықтан Ислам Конференциясы ұйымының қайшылықтарды бейбіт түрде шешу талпыныстары да мүшелерінің ұжымдық қауіпсіздікті қорғау тақырыбынан соншалықты анық болмады деп айтуға болады.
Қорыта айтқанда, Ислам Конференциясы ұйымының жұмысына жасаған шолу аталмыш ұйымның бұл кезеңдегі және өз жарлығында жазылған мақсаттарына жетпегенін көрсетеді. Сондықтан бұл ұйымның жұмысы аса нәтижелі болған жоқ. Бірақ бұл ұйымның кейбір дағдарыстарды шешу талпыныстары мен әрекеттеріне мән бермеу дұрыс болмайды деп айтуға болады. Бірақ қазір ортақ наным-сенімдер мен көптеген ортақ мүдделерге ие және ортақ мақсаттарына сүйеніп, бір ұйым құрған исламдық мемлекеттер халықаралық өзгерістер тарихындағы бірнеше жыл белсенділіктен кейін бірлік пен біртұтастыққа неліктен жете алмады деген сұрақ туындайды.