Қар 26, 2016 18:53 Asia/Almaty
  • Ислам әлеміндегі бірлік 30

Ислам Конференциясы ұйымы кейбір кезеңдерде өз мақсаттарына толық жете алмады. Алайдабұл ұйым еш нәтижеге жетпеді деп айтуға болмайды. Өйткені, егер бұл ұйым болмағанда ислам әлемі бірлігінің жағдайы қазіргіден нашар болар еді.

Ислам әлеміндегі бірлік

Ислам Конференциясы ұйымының жарғысындағы бұл ұйымның «мүше елдердің ұжымдық қауіпсіздігін орнату» және «мүшелері арасындағы қайшылықтарды бейбіт жолмен шешу» деген мақсаттарына тоқталып, ұйымның бұл мақсаттарына қаншалықты жеткенін бағалап, бұл салада ұйым аса нәтижеге жетпеді деген қорытынды жасаймыз. Өйткені ұйымның іс-әрекеттері көбінесе мәселені шеше алмады. Сонымен бірге Ислам Конференциясы ұйымы «қайшылықтарды бейбіт жолмен шешу» деген мақсатына да жетпеді. Керісінше, кейбір кездері қайшылықтарды күшейтіп, мемлекеттер арасындағы қантөгістер мен соғыстарға себеп болды.

Ислам Конференциясы ұйымының географиясы

Ислам Конференциясы ұйымының мақсаттарына жетпеуіне қандай мәселелер себеп болды? Ислам әлемінің әртүрлі кезеңдердегі себептерін зерттеу бұл ұйымның нәтижеге жетпеуінің ең маңызды факторларының бірінің мүше елдердің өздерінің ұлттық мүдделерін ұйымның ұжымдық мүдделерінен артық санауы екендігін  көрсетті. Негізінде исламдық мемлекеттердің ортақ ұжымдық мүдделері олардың біріктіретін фактор бола алады. Бірақ Ислам Конференциясы ұйымы бұл негізді бұзып, әрбір мемлекет өзінің ұлттық мүддесін ортақ мүддеден артық көріп, ұйымның стратегиясын бірнеше тармаққа бөліп, мүше елдердің арасындағы қайшылықтарға себеп болуда. Аймақтық және халықаралық ынтымақтастық ұйымда мүше мемлекеттер ынтымақтастық пен ортақ негіздері туралы ұмытып, жеке мүддесін  ортақ мүддесінен артық санаған жағдайда  ұйымның ынтымақтастығы мен оған деген сенім төмендейді.

 Мәселен, Мысыр Ислам Конференциясы ұйымы мүшесінің бірі бола тұра өзінің ұлттық мүддесін Израильмен бейбітшілік орнатудан көріп, Синай даласын қайтарып алу үшін Ислам Конференциясы ұйымының ең маңызды негіздерінің біріне, яғни Израильмен қарсыласуға қарсы шешім қабылдап, Кэмп-Дэвид келісіміне қол қойды. Мысырдың бұл шешімі Ислам Конференциясы ұйымына мүше елдердің арасында ортақ негіздермен санаспай, ұйымның ұзақ мерзімді мүдделерін қысқа мерзімді және ұлттық мүдделердің құрбаны еткенін көрсетті. Мысырдың Израильмен келісімге келуі мүше елдердің арасында сенімсіздік тудырумен бірге оның ең маңызды кейбір мүшелерінің ұйымнан шығуына соқтырды. Мәселен, Кэмп-Дэвид келісімінен кейін Ислам Конференциясы ұйымының бірінші басқосуының иесі  болған Марокко Израильмен саяси қарым-қатынас орнатуға кірісті.

Кэмп-Дэвид келісімі

Ұлттық мүддесін ұйымның ортақ мүддесінен артық көру Ирактың Иранға қарсы әскери шабуылына себеп болды. Ұйымның негіздерінде мүше елдердің арасындағы қайшылықтарды бейбіт жолмен шешу қарастырылғанымен бұл шабуыл орын алды. Ислам революциясының орын алуы және Иранда исламдық жүйенің орнатылуы Ислам Конференциясы ұйымын бұрынғыдан бетер күшейте алатын еді, бірақ Ирак ұлттық мүддесін алға ілгерілету үшін Эрвендруд өзені мәселесінде 1975-ші жылғы Иран мен Алжир арасындағы келісімді бұзуымен бірге ұйымға мүше елдердің негіздерін де бұзды. Ислам әлеміндегі ықпалды әрі Израильге қарсы күрестің көшбасшылары саналатын екі елдің соғысы сегіз жылға созылды. Ислам Конференциясы ұйымының бұл соғыстағы әсерлі әрі әділ рөлі  олардың қантөгістеріне тосқауыл қоя алатын еді.

Иран мен Ирактың арасындағы сегіз жылдық соғыс

Ислам Конференциясы ұйымының өз мақсаттарына толық жете алмауының келесі себептерінің бірі бұл ұйым мен басқа аймақтық және халықаралық ұйымдардың мақсаттары мен іс-әрекеттерінің арасында келісімнің болмауы саналады. Ислам Конференциясы ұйымының негіздері мен жарғысында аймақ пен әлемдік ұйымдармен органикалық қарым-қатынас орнату қарастырылғанымен  іс жүзінде бұл ұйым мен басқа ұйымдардың мүдделерінің қайшылығы байқалып, бұл ұйымның өз мақсаттарына баяу жетіп, басқа ұйымдардың ықпалына түсуіне себеп болды. Алайда бұл ұйымның мақсаттары басқа халықаралық ұйымдардың мақсаттарына қайшы келеді дегенді білдірмейді. Мәселен, Ислам Конференциясы ұйымы өз құжаттарында әрқашан БҰҰ-мен ынтымақтастық етудің қажеттілігін қуаттады. Ислам Конференциясы ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің 16-шы отырысында бұл ұйымның басқа аймақтық және  халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарын дамыту туралы қарар бекітілді. Тіпті кейбір кезде Ислам Конференциясы ұйымы өз мүддесіне кері БҰҰ-ның шешімдерін қуаттап, оларды іске асыруды басы мәселе санады. Мәселен, Ирак Кувейтке шабуыл жасаған кезде бұл ұйым БҰҰ-ның ұстанымы және онымен ынтымақтастық жасауды қуаттады. Көптеген сынмен кезіккен Ислам Конференциясы ұйымының мұндай ұстанымының себебі бұл ұйымның жарғысындағы «БҰҰ-ның негізі мен жарғысын  толық қолдау» деген негізіне қатысты. Бұл отаршылық пен ұлттық кемсітушілікпен күресу және бейбітшілік пен әділет орнату сынды негіздерге байланысты.  Ислам Конференциясы ұйымы мүшелерінің көбін араб елдері құрағандықтан кейбір уақыттарда ұстанымдары араб елдерінің мүдделеріне қарай қалыптасқан  жағдайлар да кездесті. Яғни, исламдық елдердің мүдделерін қолдаудың орнына Араб Лигасының ықпалына түсіп, араб елдерінің  мүдделерін қолдады. Мәселен, палестиналықтар мен Израильді татуластыру жобасы барысында Ислам Конференциясы ұйымы Араб Лигасының әсеріне түсіп, Израиль мәселесіне қатысты қалыптасқан кейбір негіздеріне қайшы бұл жоба Сауд Арабиясы мен басқа араб мемлекеттерінің ұсынысымен Араб Лигасының 12-ші отырысында бекітілді. Дәл осы мәселе Ирактың Иракқа қарсы соғысында да орын алды.

Араб Лигасының отырысы

Ислам Конференциясы ұйымының өз мақсаттарына жетпеуінің келесі себебіне шешімдерінің орындалуына кепілдіктің болмауы жатады. Шешімдердің уақытылы орындалмауы мүшелерінің өзара сенімсіздіктерімен бірге ұйымның халықаралық сахнадағы беделін де төмендетеді. Ислам Конференциясы ұйымы шешімдерінің орындалуына тиісті қадағалау жүргізбегендіктен шешімдері мүшелері үшін ақыл-кеңес қалпына қалып, әсері шектеулі ұйымға айналды. Осыған орай басқа мемлекеттер мен ұйымдар оның шешімдеріне көп сенім артпайды. Расында  мүше мемлекеттер экономикалық, саяси және әскери  ресурстарға ие бола тұра шешімдерін міндетті түрде орындап, әлемдік деңгейдегі сенімділігін арттыра алмады. Сол себепті мүшелерінің ішкі қайшылықтары  шешімдердің іске асырылуына кепілдік бере алмайды деген ой туады.  Қорыта айтқанда, Ислам Конференциясы ұйымының әртүрлі кезеңдердегі жұмыстарына жасаған шолу ұлттық мүдделерін ұйымның ортақ мүддесінен артық санауын, бұл ұйымның басқа аймақтық ұйымдардың мүдделерімен сәйкес келмеуін және шешімдерінің нақты орындалуына кепілдіктің болмауын аталмыш ұйымның өз мақсаттарына толық жете алмауының ең маңызды себептері болды деп айтуға болады. Сондықтан бұл мәселелер шешілгенше ұйымның сенімділігіне күмән туып, исламдық бірлік идеясы белгісіз жағдайда қалады.

 

 

 

 

 

 

Тегтер