Жетекшілік хадисы 98
Құран Кәрім жұмсақ мінез бен ымырашылдықты пайғамбарға жіберілген нығметтердің бірі деп атап: «(Мұхаммад с.ғ.с.) оларға Алланың мейірімі бойынша, жұмсақ сыңай байқаттың. Егер тұрпайы, қатал жүректі болсаң еді, әрине олар маңайыңнан тарқап кетер еді...»,- деп айтқан. («Әл-Имран» сүресі 159-шы аят).
Жұмсақ мінез бен ымырашылдық – қоғамды өзгертетін ең жақсы тәсіл. Исламның ұлық пайғамбары өзінің жұмсақ мінезімен қатыгездік, кек пен дұшпандықтың көрінісі болған сол кездегі қоғамды өзгертіп, Ислам дінінің таралуына себеп болды. Мейірімділік және жұмсақ мінезсіз адамды дұрыс жолға нұсқау мүмкін емес. Сол себепті Құран Кәрім жұмсақ мінез бен ымырашылдықты пайғамбарға жіберілген нығметтердің бірі деп атап: «(Мұхаммад с.ғ.с.) оларға Алланың мейірімі бойынша, жұмсақ сыңай байқаттың. Егер тұрпайы, қатал жүректі болсаң еді, әрине олар маңайыңнан тарқап кетер еді...»,- деп айтқан. («Әл-Имран» сүресі 159-шы аят).
Жұмсақ мінез – мейірімділік және сөз бен істегі әлімжеттіктерден тартыну. Жұмсақ мінезді адам барлық жағдайда, яғни оған мейірімділік немесе қатыгездік жасалса да көңілді жауап береді. Мұндай жауап отбасы мен қоғамның өміріне сындарлы әсер етеді. Жақсылық пен береке, достық пен мейірімділік білдіру, кемшіліктерді жасыру, кек пен дұшпандықтан алыстау мұның барлығы жұмсақ мінез бен ымыраның әсері. Жұмсақ мінез Алланың сипаттарының бірі. Имам Бақер (ғ.с.): «Алла жұмсақ және жұмсақ мінезді жақсы көреді. Осыған орай Хаққа қарай шақырған кезде дұрыс негіздер мен және дұрыс тәсілдерді пайдаланып, қатыгездікке жол бермеген жөн. Алла Тағала «Таһа» сүресінің 43-44-ші аяттарында хазірет Мұса мен Харунге Мысырдың залым патшасы Перғауынмен жұмсақ сөйлесуді бұйырды: “Екеуің Перғауынға барыңдар, өйткені ол шектен шыққан. Оған сыпайы сөз сөйлеңдер, мүмкін үгіт алар немесе қорқар.” Исламның қисыны бойынша жұмсақ мінез қасиетті және құрметті адамның ерекшеліктерінің бірі. Имам Садық (ғ.с.) адамның жомарттығының белгісі ретінде үш сипатты таныстырды: жұмсақ мінез, ашуды басып, оны бақылауға алу және басқалардың кешірімді болу. Бұл ерекшеліктер қоғам мен жанұя ортасында бейбітішлік пен тыныштық орнатады. Имам Әли (ғ.с.) өзінің бүкіл айбындығымен өте жұмсақ мінезді, қарапайым және адамға қатаң қарамайтын адам еді. Ол өзінің өсиетнамасында барлық перзенттері мен жақтастарына жұмсақ болуды насихаттап: «Саған қатты сөйлеген адамға жұмсақ, ұстамды түрде жауап бер. Өйткені сенің жұмсақтығың оның көзқарастарының жылдам өзгеруіне және оның да жұмсақ әрі ұстамды болуына себеп болады»,- деген. («Наһдж ул-Балағе» 31-ші хат). Имам Әли (ғ.с.) келесі бір кеңесінде: «Тіліңді жұмсақ және сыпайы сөйлеп, сәлем беруге әдеттендір. Сонда достарың көбейіп, дұшпандарың азаяды»,- деген. Келесі бір хадистен: «Жұмсақ мінезді адам жанұясының тұрақты махаббатына ие болады»,- деп оқимыз. Адамның іс-әрекеті мен ахлағының арасында тікелей байланыс бар. Өйткені жақсы ахлақ іс-әрекеттерге оң әсерін тигізеді. Керісінше ахлақсыздық қызбалық пен тасжүректікке себеп болаы. Жомарт адам басқалардың қалауына жұмсақтық білдіреді. Ал жаман адам басқалардың мейірімділігіне дұшпандық білдіреді. Имам Әли (ғ.с.) жұмсақ мінезді айбындықтың белгісі деп атаған. Имам Хасан Аскари да бұл туралы: «Жомарт адамнан бір нәрсе сұраған кезде ол жылдам жұмсарады. Бірақ жаман адам жақсылыққа бөленгенімен дұшпандығынан бас тартпайды. Бұл олардың жамандығының белгісі»,- деген болатын. Имам Саджад (ғ.с.)-ның «Макарем әл-Ахлақ» дұғасында: «Уа, Алла, халықпен жұмсақ мінез, ұстанымды және қарапайым қатынас орнатуыма көмектее гөр»,- деп айтылған. Жұмсақ мінез адамның қоғамдық өміріне сындарлы әсер тигізеді. Адам өмірінде көптеген қиындықтармен бетпе-бет келеді. Егер адам басқаларға жұмсақ мінез көрсетіп, ымыраға келіп, қарым-қатынас орнатпаса және қиындықтармен бетпе-бет келген кезде ашуланып, қатыгездік көрсетсе өзінің ахлағы мен діни саулығына зиян келтіреді. Имам Садық (ғ.с.) Алла елшісінен: «Халықпен ымыраға келу – иманның жартысы. Оларға мейірімді болу өмірдің жартысы» деген. («Усуль Кафи», 2-ші том). Имам Бақер (ғ.с.) бұл туралы: «Әр нәрсенің құлпы бар. Иманның құлпы – жұмсақ мінез»,- деген. Халықпен келісімге келіп, мейірімділік білдіру адамның дамуына себеп болады. Бұл туралы имам Садық (ғ.с.): «Құрайыштардың бір тобы халыққа мейірімсіз болған. Мұндай қарым-қатынас орнатудың салдарынан құрайыштықтар оларды өздерінен алыстатты. Керісінше құрайыштардан емес бір топ халықпен жақсы қарым-қатынас орнатып, жоғары әулеттің қатарына қосылды»,- деп айтқан болатын.