Жел 24, 2016 19:10 Asia/Almaty

Әғраф сүресі, 216-шы бөлім, 16-19 аяттар

"Әғраф" сүресінің 16-17 аяттары:

"(Ібіліс): "Ендеше, мені қаңғыртқаның себепті әлбетте мен де оларға қарсы сенің тура жолыңда отырып аламын. (16) Сонан соң оларға алды-артынан, оң-солынан келемін де олардың көбін шүкір етушілерден таппайсың",-деді. (17)"

Өткен бағдарламада айтқанымыздай, шайтан адамға сәжде ету жөніндегі А...-ның әміріне бағынбаған соң, А...-ның алдынан қуылып, Оның ашуына ұшырайды. Алайда А... тағаланың салты бойынша жаза мен сауап қияметте берілетін болғандықтан, күнәһарлардың дүниеде тәубе етуі немесе күнәлары одан сайын толу үшін мұрсат беріледі. Шайтанға да қиямет күніне дейін тірі жүруге мұрсат берілді. Бұл аяттан, шайтан адамнан кек алу үшін оны да өзі секілді адастырып, А...-ның алдынан қуылуына жағдай жасау мақсатымен ант ішеді. Сөйтіп: "Мен адамға жан-жақтан шүйлігіп, оны шамам келгенше адастыруға тырысамын",-дейді. А...-ның елшісінен (с) келтірілген бір көркем рауаятта: "Шайтан: "Адамның жолын төрт жақтан тосамын",-деп ант ішкен кезде, періштелер: "Уа Раббымыз! Енді адам қалай құтылар?-дегенде, А... тағала: "Асты мен үстінен екі жол ашық. Адам әрқашан дұға оқып қолын көтерсе немесе маңдайын жерге тигізіп, сәждеге жығылатын болса, шайтанның қастандығынан аман болмақ",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, өз күнәң мен бағынбаушылығыңды А...-ның қалауы мен маңдайға жазғанынан  көру - шайтанның ісі.

Екіншіден, шайтан - адамның ант ішкен жауы. Оған ерудің орнына мейірімді А...-ға бойсұнайық.

Үшіншіден, шайтанның азғырулары адамды жан-жақтан қоршаған және мәңгі оның жолын тосады. Сондықтан үнемі сақ болу керек.

Ал енді "Әғраф" сүресінің 18-ші аятын тыңдайық:

"(Алла): "Қорланып қуылған түрде ол жерден шық. Әрине олардан кім саған ілессе, сендердің барлықтарыңмен тозақты толтырамын",-деді. (18)"

Осы аят бойынша, А... тағала да шайтанның "мен адамдарды адастырамын" деген антына жауабында: "Сен және сенің жолыңа ерген әркім қорлық көрушілерден болып, тозақ пен менің азабыма душар болады. Мына тұрған ізгі тұлғалар мен ғибадат етушілердің орнынан шық",-деді. Шайтанның А... тағаланың алдынан қуылуына себеп болғаны күнә – тәкәппарлық пен менменшілдік және өркөкіректік болды. Сондықтан А...-ның нүұсқауларына тәкәппарлық еткен әр адам шайтанның жолына түскен болып, шайтан сияқты қор болмақ.Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, шайтан азғырғанымен ешкімді күнә жасауға мәжбүрлемейді. Шайтанның ізіне еруді адам өз еркімен қабылдайды.

Екіншіден, дүниеде шайтанға ілескен кісі, қияметте онымен бірге отырады.

"Әғраф" сүресінің 19-шы аяты:

"(Алла): "Әй Адам! Сен және жұбайың жаннатқа орналас. Екеуің қалағандарыңша жеңдер. Алайда осы ағашқа жоламаңдар. Әйтпесе залымдардан боласыңдар." (19)"

Шайтанның адамға сәжде ету жөніндегі әмірден бас тартып, А...-ның алдынан қуылуынан соң, осы және кейінгі аяттар Адам ата мен Хауа ананың жұмаққа орналасуы оқиғасына меңзеп: "Олар да илаһи бұйрыққа бағынбауы салдарынан жұмақтан қуылып, қиыншылықтарға душар болған» деп еске салады. Бұл аят былай дейді: "Біз хазірет Адам мен жұбайына түрлі ағаштар мен жемістері бар жұмақ сынды бақ әзірлеп, оларды осы жерге орналастырдық. Оларға кез-келген жемісті пайдалануға рұқсат беріп, тек бір ғана ерекше ағаштан тыйдық. Алайда олар сол тыйым салынған ағаштың жемісін жеп, өздеріне зұлымдық жасады. Бұл, адамның илаһи тапсырманы орындау бұйрығына тұңғыш бағынбауы болып, оның кейіндегі қиыншылықтарына себеп болды". Адам мен Хауаның тұрған жәннаты А...-ның уәделеген жұмағы ма, жоқ дүниедегі жұмақ па? деген сұрақ туралы тәпсіршілер арасында түрлі пікірлер бар. Бірақ уәде етілген жұмақта тыйым салынған ағаш, нұсқау мен тыйым және тапсырма болмағандықтан, кейбір тәпсіршілердің сенімінше, олардың жұмағы осы дүниедегі және жер бетінде орналасқан "жұмақ сынды" бақ болған көрінеді. Сондықтан олар бұйрыққа бағынбағаны себепті ол жерден қуылған. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, А... тағала адамның игілігі мен рахатын қалап, оны жұмаққа орналастырды. Бірақ бұйрыққа бағынбай, өзіне қиынышылқ пен машақат тудырған адамның өзі болып табылады.

Екіншіден, асқазанымыз бен тамағымызға сақ болайық. Адамның тұңғыш бағынбаушылығы – қарынның қалауынан болды.

Үшіншіден, қажеттіліктерді табиғи жолмен қамтамасыз етуге жағдай орнату үшін тыйым салынған және харам нәрселерді баяндамас бұрын, алдымен рұқсат етілген және халал жолдарды таныстыруымыз керек.

Төртіншіден, А... тағала күнә жасаудан бұрын, оған жақындаудан тыяды. Өйткені күнәға жақындаудың соңы, оған ластануға соқтырады.