Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 33
Нәсілшілдік дұшпандық және халықтар арасындағы араздық пен әлемнің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіруден басқа еш нәрсе әкелмейді. Оның түтіні бүкіл әлемнің халықтарына таралып, теңдік, түс пен ұлт, дін мен тіл айырмашылығына қарамастан барша халықтардың құқықтарын құрметтеу мақсаттарының әлсіреуіне себеп болады.
Нәсілшілдік АҚШ тарихында 16-шы ғасырдың соңында еуропалық ақ нәсілділер сол жерге көшіп келіп, жергілікті қызыл түстілермен бетпе-бет келген уақыттан басталды. Сол кезден бастап АҚШ отаршылығының тарихы басталған еді. Сондықтан қара нәсілділер АҚШ нәсілшілдігінің жалғыз құрбандары емес. Қызыл түстілерді қыру, Екінші Дүниежүзілік соғысынан кейінгі жапониялықтарға қарсы қорқыту саясаты, 11-ші қыркүйек оқиғасынан кейінгі мигранттарға қарсы қоқыту саясаты пен мұсылмандарға тіл тигізу – АҚШ тарихындағы нәсілшілдіктің үлгілері. Олардың барлығы терінің түсінің өзгешелігі сылтауымен орын алды.
Әділет пен құқық теңдігін орнатуды көздеген нәсілшілдікке қарсы наразылықтар мен азаматтық қозғалыстарды АҚШ тарихынан әрқашан байқауға болады. Тегі африкалық АҚШ азаматтарының азаматтық құқықтар қозғалысының толқыны 1968-1995-ші жылдар аралығында Мартин Лютер Гингтің басшылығымен шарықтап, азаматтық құқықтар заңының бекітілуіне жеткізді. Соның негізінде қоғамдық мекендерде терінің түсі, дін немесе ұлтқа қатысты нәсілшілдікке тыйым салынды. Бірақ бүгінде АҚШ-тың нәсілшіл президенті Дональд Трамптың жеңісімен қайтадан нәілшілдік толқынның көтерілуіне куә болып отырмыз.
Дональд Трамп үгіт-насихаттық компаниясын бастай салысымен өзінің нәсілшіл уәждерін баяндады. Кейбір сарапшылар Трамптың сайлау жиындарының біріне жиналған адамдарды оған адал болу туралы ант ішуге мәжбүрлеуін АҚШ президенттік сайлауының бұл үміткерінің нацистік Германияның басшысы Адольф Гитлерге ұқсатады. Олардың екеуі де нәсілшілдік уәждерді пайдаланып, белгілі топтарды өз елінің қиындықтарына кінәлі деп санайды.
Бұл ұқсастық АҚШ президенттік сайлауының республикашыл үміткері Флорида штатындағы Орландо қаласында сайлау жиындарына жиналған адамдардан оң қолдарын көтеріп, Трампқа дауыс беретіндіктері туралы ант ішуді талап еткен кезде 1930-шы жылдардағы Германиядағы нацистік партияның сайлау жиындарын еске салды. Трамп сонымен бірге Ақ үйге аяқ басқан соң АҚШ-та заңсыз түрде өмір сүретін 11 миллион мигрантты бұл елден шығарып жіберіндігін қуаттады. Сондай-ақ мұсылмандар жамағатына қатысты АҚШ-қа кіретін мұсылмандардың мәліметтерін тіркеуімен бірге бұл елдегі мешіттерді де бақылауға алып, кейбіреулерін жабатынын баса айтты. Осылайша Дональд Трамп 1968-ші жылғы сайлауға қатысқан үшінші партияның үміткері Джордж Уоллес компаниясынан кейінгі ең үлкен нәсілшіл компания болды. Өткен жарты ғасырда нәсілшілдік пен діни ырымшылдық жұмсақ күш ретінде қолданылды. Керісінше Трамп мексикалықтар мен мұсылмандарды айыптап, оларға кемсітушілік білдіруді талап етті.
Нәсілшілдік АҚШ қоғамының ішкі өзгерістеріне себеп болуымен бірге бұл елдің шекарасынан асып, жанама түрде АҚШ-ның мүдделеріне де әсерін тигізді. Бұл салдарлар Трамптың президенттік міндетіне ресми кірісуімен бірнеше есе артады. Трамптың белгілі бір ұлт немесе бір дінге қатысты дұшпандығы экстремистер үшін сылтау болып отыр. Трамптың исламға қарсылығы экстремистер мен әлемнің жер-жеріндегі исламнан үркіту жобаларының мүддесіне сай. Трамп компаниясының келесі салдарларының бірін Батыс үкіметінің соңғы кездегі саясатының жалғасуынан байқауға болады. Бұл салада саяси билік саласына жаңа ырымшылдық енгізілді. Осыған орай Еуропада бөгделерге қарсы оңшыл партиялар жеңіске жетуде.
Трамптың штабы ырымшылдықты саяси күшке айналдыруға талпынуда. Бұл үлгі Еуропадағы бөгделерге қарсы оңшыл партиялардың жеңіске жетуіне өз әсерін тигізді. Еуропадағы алдағы сайлаулар біріншіден, әр елдің экономикалық және қоғамдық мәселелеріне тәуелді болады. Трамптың құбылысы – нәсілшілдік. Басқа мәселелер Еуропадағы ұқсас ырымшыл әрі нәсілшіл қозғалыстар үшін сенім артудың бір түріне айналды.
Еуроодақтың статистикасы бойынша қазіргі таңда әртүрлі елдердің 14 миллион мұсылман мигранты еуропалық мемлекеттерде өмір сүруді таңдады. Мұсылмандардың Еуропаға ағылған бірінші миграциясының толқыны 60-шы жылдарға тиесілі. Сол кезде мұсылмандар Еуропаның зауыттарына жұмысшы болып орналасып, содан соң отандарына оралудың орнына Еуропада өмір сүруді жөн санады. Бүгін алғашқы мигранттарға керісінше Еуропада өмір сүретін мұсылмандар қоғамның әр саласында әртүрлі қызмет атқарады. Сонымен бірге кейбір еуропалық парламенттер мен шешім қабылдайтын басқа орталықтарда мигрант мұсылмандар бір-екі орынға ие бола алды. Крест соғыстары кезінен еуропалықтардың ойларында мұсылмандар туралы қалыптасқан тарихи түсініктермен бірге Еуропадағы мұсылман мигранттардың жетістіктері кейбір еуропалық басшылардың Германия, Италия және Испаниядағы нәсілшілдіктің жаңа толқынын қолдауына себеп болды. Еуропада өмір сүретін мұсылмандардың қоғамдық, экономикалық және мәдени қиындықтарының барлығының тамыры нәсілшілдік ой-пікірлерде жатыр. Нәсілшілдіктің жаңа түрі бұл елдің мектептерінде мигранттардың ана тілінің оқытылуына төзе алмайды. Олар дінаралық және мәдениетаралық келіссөздердің негізгі дұшпаны. Нәсілшілдіктің нәтижесі шетелдіктерге дұшпандық танытып, айырмашылықтарды қуаттау болды.
Үкімет басшыларының аузынан демократия, адам құқығы, мәдени құндылықтар деген сөздер түспейтін Германия, Италия және Ұлыбритания сынды мемлекеттердегі нәсілшіл әрекеттер кеңейіп, өкінішке орай, бірте-бірте Еуропаны өмір сүруге болмайтын құрлыққа айналдырмақ. Еуропалық мемлекеттер жариялаған мәліметтер бойынша бұл елдердегі нәсілшіл ой-пікірлер кең таралып, 2004-ші жылы Германияда 2000-нан астам нәсілшіл шабуыл тіркелді.
Нәсілшіл саясаттардың салдарынан Еуропадағы мигрант мұсылмандардың балаларының білім алу үшін жеткілікті мүмкіндіктері жоқ. Мигрант мұсылмандар мен еуропалықтардың балаларының арасындағы айырмашылық бастауыш сыныптардан байқалып, мұсылмандардың балаларының жоғары сыныптар мен үниверситеттерде оқуына кедергі тудырады. Техникалық және кәсіби білім алу саласында да мигрант мұсылмандар еуропалықтардан кейін тұрады. Сол себепті Германияда жұмыссыз немістердің саны 9 пайыз, ал жұмыссыз түрік мигранттардың жұмыссыздығы 20 пайызға тең. Франция, Бельгия және Голландия сынды мелекеттерде бұл жағдай Германиямен салыстырғанда нашар. Мигрант мұсылмандар күннен күнге кедейлене түсуде. Бұл әрекеттердің топтамасы мигрант мұсылмандар өмір сүретін мекендердің «қоғамдық бомбаларға» айналуына себеп болуда.
Теледидарда «мұсылман лаңкес» деген сөзтіркесін пайдаланып, жұма намазынан шыққан мұсылмандардың жеке куәлігін тексеру және полиция күштерінің мешіттердің ішіне аяқ киімдерімен кіруі сынды әрекеттер мұсылмандардың көңілдеріне қаяу түсіреді. Басқа діндердің жақтастары өздерінің діни белгілерімен білім алу мүмкіндіктеріне ие болып отырған жағдайда мұсылман қыздарға мектептер мен жұмыс орындарына орамал тағуға рұқсат берілмейді.
Алайда АҚШ президенттік сайлауында Трамптың жеңіске жетуімен Еуроодақта мұсылмандарға қарсы әртүрлі нәсілшіл шабуылдар мен кемсітушіліктер артып, оңшыл экстремистердің көбі нәсілшіл әрекеттерін іске асырып, Еуроодақтың шешім қабылдаушыларына ықпал етіп, бұл құрлықтағы жаңа сайлауларда көпшілік дауыстарға ие болуда.
Нәсілшілдік дұшпандық және халықтар арасындағы араздық пен әлемнің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіруден басқа еш нәрсе әкелмейді. Оның түтіні бүкіл әлемнің халықтарына таралып, теңдік, түс пен ұлт, дін мен тіл айырмашылығына қарамастан барша халықтардың құқықтарын құрметтеу мақсаттарының әлсіреуіне себеп болады.