Жел 31, 2016 22:08 Asia/Almaty
  • Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры 21

Исламның ұлық пайғамбарының өмірбаянында дін мен саясат бірігіп, ешбір адам пайғамбар тек ғибадат, сенім және ахлақ мәселелерімен шектеліп, исламдық елдің ішкі және сыртқы істеріне реакция білдірмеді деп уәж айта алмайды.

Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры

Адамзат қоғамы қажеттіліктерінің бірі үкімет құру болып табылады. Үкіметтің аясында талан-таражға тосқауыл қойылып, қоғамда тәртіп орнатылады, жеке адамның, қоғамның  және әлемнің шектері мен шекаралары анықталып, іске асырылады. Сондықтан үкімет құру һәм ақыл қабылдайтын, һәм илаһи діндер оны растайтын негізгі қажеттілік саналады. Осыған орай дін мен саясаттың бірігуі орын алады. Өйткені барлық пайғамбарлар илаһи үкіметті орнату үшін  өз қозғалыстарын бастап, бірте-бірте залым басшылармен күрескке көтерілді. Хазірет Ибрахим Намрудқа, хазірет Мұса Перғауынға, хазірет Иса Қейсарға қарсы көтеріліп, оларға қарсы күресті. Осыған орай Исламның ұлық пайғамбары құдыретті Рим мен Иранның басшыларына  қарсы тұруымен бірге өз ғасырының барлық басшыларына хат жазып, елшілерін жіберіп, оларды ислам дініне шақырды. Исламның ұлық пайғамбарының  өмірбаянында  дін мен саясат бірігіп, ешбір адам пайғамбар тек ғибадат, сенім және ахлақ мәселелерімен шектеліп, исламдық елдің ішкі және сыртқы  істеріне реакция білдірмеді деп уәж айта алмайды. Алла елшісінің Меккенің ақсүйектері мен басшыларына қатаң қарсы тұруы, Мединедегі күпірліктің көріністеріне қарсы джиһад пен соғыстарға қатысуы, төрелік етуі мен байлықты әділ бөлуі, нәсілшіл кемсітушіліктерді  теріске шығаруы, теңдік пен бірлік және біртұтастық орнатуы хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның қасиетті Ислам діні көзқарасындағы дін мен саясат арасындағы қарым-қатынасын көрсетеді.

Басқа илаһи пайғамбарлар мен Исламның ұлық пайғамбарының саяси тарихының  қызықтыратын  жайттарына олардың залым саясаткерлерге керісінше саясат пен үкімет құру олардың әрі заңсыз, әрі адамгершілікке қарсы кез келген тәсілді пайдаланып жететін  мақсаты болмағанын көрсетті. Олардың мақсаты  тауһидтік армандарға жетіп, әділет пен адамгершілік негіздеріне сүйенген қоғам құру болды. Қысқа мерзімді үкіметі кезінде ең мықты үкімет орнатқан имам Әли (ғ.с.) исламның ұлық  пайғамбарының үкіметі туралы: «Расында, Ұлы Алла пенделерін құлдықтан құтқару және Аллаға құлшылық етуге жігерлендіру үшін Мұхаммадты (Оған және оның әулетіне Алланың нұры жаусын!) пайғамбарлық міндетке сайлады.  Пайғамбар  оларды міндеттемелерінен босатып, илаһи келісімге  жігерлендіріп, Алланың бұйрықтарына бағындырып, залым басшылардың  билігінен босатып, илаһи биліктің саясына енгізеді»,- деген болатын.

Мұхаммад (с.ғ.с.( - Алла елшісі

Шын мәнінде исламдағы дін мен саясаттың шекарасы, әлемнің саяси жүйелерінен ажырауы  дәл осы жерде басталады. Шіркке толы саяси жүйелерде  барлық бағдарламалар адамдарды құлдарға немесе тұтқындарға айналдыратын қоқан-лоққыларға толы. Осыған орай адамзатқа қарсы саясаттарға қарсы тұратын кез-келген адам басып-жаншылады. Азаттық талап ететін кез-келген дауыс тұншықтырылады немесе өлім жазасына кесіледі. Қорыта айтқанда, өз мүддесін қорғайтын кез келген кедергі жолдан алынады. Қазіргі кезде америкалық және еуропалық басшылардың  кейбір араб үкіметтерінің ынтымақтастығымен билеп-төстеу мақсатында соғыс ашып, аймақтың жазықсыз халқын қырып жатқанына куә болып отырмыз.   

Исламның ұлық пайғамбарының саяси және үкіметтік болмысының әлемдік үстемшілерден ғана емес, сырт көзге исламдық болып көрінетін үкіметтерден де көптеген айырмашылықтары бар. Исламның  ұлық пайғамбары үкімет құрудың мақсатын илаһи бұйрықтарды орындап, әділет орнату деп санады. Осыған орай хазірет күпіршіл биліктерге тәуелді болмауымен бірге бүкіл мүмкіндігін адамға қарсы шайтандық саясаттарға ие билікті құлату үшін пайдаланады. Ондай үкіметті құлатып, ислам дінін кеңейтіп, халықты құтқару  қажет. Алла елшісі билікті немесе набаватты таңдайтын жолайрыққа келген кезде хазірет пайғамбар және Алланың пендесі болуды таңдады.

Күндердің бірінде екінші халифа пайғамбардың қасына келіп, хазіреттің сабанның үстінде демалып отырғанын және төсенішінің қысқа болуына  байланысты оның денесінің жартысының жерде екенін көреді. Омар хазіретке: «Қейсар мен Касро салтанатты сарайларда өмір сүреді. Сіз болсаңыз мынадай жағдайда отырсыз»,- дегенде хазірет: «Мұны салтанат деп санайсың ба? Бұл салтанат емес, набават. Дүниенің бүкіл ләззатын  пайдаланып, ақыретімнен құр қалғым келмейді»,- деп жауап берді. Өмірін билікке ие болуға арнаған Абу Софиан мұсылмандар Меккені  жеңіп алған кезде пайғамбардың құдыретін көріп, хазіреттің көкесі Аббасқа: «Бауырыңның баласы билікке жетті»,- деді. Сол кезде Аббас Абу Софиянның қателесіп тұрғанын көрсетіп: «Бұл билік емес, набават»,- деді. Бұл жерде егер набават пен билік өзара байланысты болмаса, хазірет Сүлейменнің, хазірет Дәуіт пен хазірет Жүсіптің билігін қалай түсіндіруге болады деген маңызды сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауап ретінде исламның тауһидтік ой-пікірі бойынша билік Аллаға тән деп айта аламыз. Құран Кәрімнің «Анғам» сүресінің 57-ші аятының бір бөлігінде: «...Билік Аллаға ғана тән...»,- деп айтылған. Бірақ Алла Тағала  илаһи үкімет орнатуды өзі сайлаған пайғамбарлардың міндетіне тапсырған. Екіншіден, олар билікқұмарлар сынды үкіметке ие болу үшін кез келген жолды пайдаланған жоқ, заңсыз әрекетке  бармаған. Олар халықтың жүрегіне әсер етіп, билікті өз қолдарына алды. Исламның ұлық пайғамбары қырық жыл  бойы Меккеде халықтың арасында өмір сүріп, надандық кезеңнің ластанған кеңістігінде халықты өзіне тартып, олардың арасында сенімге ие болып, «Сенімді Мұхаммад» (амин) деп аталды. Ол зорлықшылардан қорғауға көтерілген адамдармен бірігіп, бірте-бірте халықтың арасында беделге ие болды. Пайғамбарлық міндетке сайланған соң мақұрымдардың қасынан табылып,  Меккенің ақсүйектеріне қосылуды мақсат етпеді. Бұл әйгілі ерекшелік Исламның ұлық пайғамбарының Мединедегі беделінің артып, хазіреттің халықтың жаппай қарсы алуымен Мединеге кіріп, билікті қолына алуына ұластырды. Сонымен бірге пайғамбарлар үкімет  басына келген кезде байлық немесе халықты билеп-төстеу мен билікқұмарлықты көздемеген. Олар билікқұмар саясаткерлерден керісінше тауһидтік үкімет орнатуды, таптар арасындағы қашықтықты жоюды, қоғамның әртүрлі салаларында әділет орнатуды мақсат еткен. Исламның ұлық пайғамбарының Мединедегі исламдық үкіметінің жарқыраған кезеңі хазіреттің Аллаға иман келтіру және адамгершілік саясаттарының белгісі болды.

Сондықтан Исламның ұлық пайғамбарының билік пен набаваттың арасын ажыратуы адамзат қоғамының билік иелері туралы теріс пікірлеріне байланысты. Бірақ, егер илаһи пайғамбарлар немесе әділет талап етуші адамдар билікке ие болса, олар адамгершілік негіздері мен илаһи жоғары армандарға жетуді мақсат етеді. Мұны Исламның ұлық пайғамбарының өмірбаянынан анық көруге болады.

 

Тегтер