Жетекшілік хадисі 100
Исламның ұлық пайғамбары өзін басқалардан артық санау туралы: «Тәкаппарлықтан алыстаңдар. Өйткені әрдайым тәкаппарлық танытатын адамға Алла Тағала «Бұл тәкаппар пенденің есімін залымдардың қатарына жазыңдар» деп айтуы мүмкін»,- деген болатын.
Имам Садық (ғ.с.): «Алланың алдында қарапайым болмаған адам ғиззат пен ұлылыққа жете алмайды. Алланың алдында қарапайымдық танытпаған адам жоғары дәрежеге жете алмайды»,- деген. («Усул Кафи», 8-ші том). Сондықтан ғиззатқа жетуді мақсат етсек, тәкаппар болудан абай болу керек. Өзін басқадан артық санау – тәкаппарлық. Бұл ауруға шалдыққан, бірақ басқалардан өзін құрметтеуді күткен адам тәкаппар адам деп аталады. Көптеген аяттар мен рауаяттарда тәкаппарлық айыпталып, тәкаппар адамның орны тозақ екендігі қуатталған. Ахлақ саласының ғалымдары тәкаппарлықты өзін дұрыс танымау деп санайды. Сондықтан тәкаппарлықтан алыстау ислам дінінің бұйрықтарының қатарынан орын алады. Исламның ұлық пайғамбары өзін басқалардан артық санау туралы: «Тәкаппарлықтан алыстаңдар. Өйткені әрдайым тәкаппарлық танытатын адамға Алла Тағала «Бұл тәкаппар пенденің есімін залымдардың қатарына жазыңдар» деп айтуы мүмкін»,- деген болатын. («Мизан әл-Хикмат»,8-ші том). Тәкаппарлық адамның менмендігі мен кеудемсоқтығына себеп болады. Өзін басқалардан артық санайтын адам өзінің үлкендігін міндетсіп, олардан оны құрметтеп, оған қызмет етуді күтеді. Мұндай іс-әрекет тәкаппарлық деп аталып, менмен адамның басқалармен қарым-қатынасын бұзады. Имам Бақер (ғ.с.) рауаяттарының бірінде Меккені жеңіп алған күні Исламның ұлық пайғамбарының құтпа айтқанына және құтпаның басында Ұлы Алланы мадақтап: «Уа, халайық! Сөзімді естіп тұрғандар бұл жерде жоқ адамдарға Алланың исламның аясында надандықтың тәкаппарлығын жойғанын жеткізіңдер. Сендер Адамның ұрпағысыңдар. Адам топырақтан жаратылған. Бүгін Алланың алдындағы ең құрметті адамның тақуалығы мен Құдайға бағынуы көбірек адам екенін біліңдер»,- деген сөзіне тоқталды. Сондықтан ғиззатқа жетіп, халықтың арасында беделді болуды мақсат еткен адам халықпен қарым-қатынас орнатуын арттыруы керек. Керісінше, тәкаппарлық мен менмендік адамды халықтан алыстатады. Кейбір кезде тәкаппарлық қорғаныстық әрекет саналады. Өзін ешкім емес әрі кішкентай санайтын адам өзінің бағыныштылығынан қиындық көріп, оны түзетуге талпыныс жасайды. Оның бағыныштылығынан айрылу жолдарының бірі тәкаппарлық болып табылады. Бұл адам егер өзін басқалардан артық санаса, өзінің ішкі бағыныштылығын жасырамын деп ойлайды, бірақ бұл қате түсінік. Имам Садық (ғ.с.) бұл туралы: «Ешбір адам өзін бағынышты санамаса, зұлымдық жасамайды»,- деп айтқан болатын. («Усул Кафи», 2-ші том). Тәкаппар адам өзінің төмен, әлсіз екендігінің әшкереленуіне алаңдап, оны тәкаппарлықпен жасыруға талпынады. Ол бұл іс-әрекетімен өзін ғиззатқа жеткізбеуімен қатар, тіпті одан сайын бағынышты болады. Имам Әли: «Халыққа тәкаппарлық танытатын кез келген адам бағынышты болады»,- деген. Тәкаппарлық таныту – ақылсыздықтың белгілерінің бірі. Шамалы байлыққа немесе кішігірім мансапқа ие болған саяз адамдардың болмыстарынан тәкаппарлық байқалып, өздерін басқалардан артық санайды. Діни мәтіндерде Ібліс тәкаппарлықтың үлгісі ретінде таныстырылды. Имам Әли (ғ.с.) өз уағыздарынң бірінде: «Алла Тағала алты мың жыл ғибадат жасаған Іблісті тәкаппарлық танытқаны үшін бір сәтте қорлады. Ондай болса тәкаппарлық танытқан басқаларды жәннәтқа апарады ма?»- деген. («Наһдж ул-Балағе», 194-ші хат). Лұқман Хакимнің перзентіне берген ақыл-кеңестерінде: «Ұлым! Зорлық көрсетіп, тәкаппарлық танытатын адам қандай бақытсыз! Топырақтан жаратылып, топыраққа қайтатын және қайта баратынын білмейтін адам қалайша өзін айбынды деп санайды?!»- деп айтқан. («Бихар әл-Анвар», 13-ші том).