Босқындық – соғыс пен қатыгездіктің салдары 3: палестиналық босқындардың жағдайына шолу
Халықаралық қауымдастық екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары палестиналық босқындарды БҰҰ-ның Босқындар істерімен айналысатын жоғары комиссарына тапсырмай, олардың істерімен айналысатын арнайы ұйым құру туралы шешім қабылдады.
Осыған орай 1949-шы жылы палестиналық босқындарға көмек көрсету үшін БҰҰ-ның палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмысты ұйымдастыру жөніндегі таяушығыстық агенттігі UNRWA ұйымы құрылды. Бұл ұйымның міндеті палестиналық босқындардың мәселелерін шешу болып табылады. UNRWA ұйымының ережелері бойынша 1946-1948-ші жылдар аралығында Палестинада өмір сүріп, қазіргі кезеңде өмір сүретін мекені мен пайдасынан айрылған және сионистік режим мен арабтар арасындағы соғыс салдарынан Палестинамен шекаралас елдерге қоныс аударған немесе солардың ұрпақтары болып табылатын палестиналық азамат босқын саналып, аталмыш ұйымның көмегінен пайдалана алады.
UNRWA ұйымының мәліметі бойынша, қазіргі кезде Палестина 5 миллион босқынымен дүниежүзі бойынша босқындардың ең көп санын құрайды. 2020-ші жылдың соңына дейін олардың саны 7 миллион 200 мыңға жетеді деген болжамдар айтылуда. Бірақ палестиналық статистикалық орталық қызметі 2007-ші жылы палестиналық босқындардың санын 7 миллион деп жариялап, 2026-шы жылға дейін олардың санының 12 миллионға жететінін болжады. Палестиналық босқындардың көбісі араб мемлекеттеріндегі 58 лагерьде өмір сүруде. Бұл лагерлердің 10-ы Иорданияда, 9-ы Сирияда, 12-і Ливанда, 19-ы Йордан өзенінің батыс жағалауында, сегізі Газа секторында орналасқан. Босқындардың 2 миллионнан астамы Иорданияда, 520 мыңы Сирияда, 450 мыңы Ливанда, 850 мыңнан астамы Йордан өзенінің батыс жағалауында, тағы 1 миллион 200 мыңы Газа секторында өмір сүреді. Сондай-ақ, олардың басқа мыңдаған адамы әлемнің түкпір-түкпірінде, әсіресе Латын Америкасы мен Америка және тағы басқа елдерде өмір сүреді. Палестиналық ұйымдардың мәліметі бойынша олардың саны 655 мыңға жетеді. Араб елдерінде өмір сүретін босқындар UNRWA ұйымы орналастырған лагерьлерде өмір сүреді. UNRWA-ның анықтамасы бойынша "лагерь" деп босқындарды қабылдаған мемлекеттің олар үшін бөліп берген жері аталады. Мұндай лагерлердің кейбіреулері негізгі қалашықтардан алыс емес, тағы біреулері ауылды жерлерде орналасады. Кедейшілік пен халықтың тығыздығы бұл жерлердегі нашар жағдай мен инфрақұырылымдар мен көшелер, алаңдар және гигиеналық мекендерді болмауы босқындардың тұрмыстарын қиындатады. Баспана, халықтың көптігі, гигиеналық жағдайлары жоқ өмір сүру ортасы босқындардың күнделікті кезігіп отырған мәселелері болып табылады. Осы мәселелер олардың өмірлерінің қиындықтарын көбейтіп отыр. Босқындардың көбі Иордания мемлекетінде өмір сүреді. Жарияланған мәліметтер бойынша бұл елде 2 миллионнан астам босқын тұрады. Олардың көбі Амман, Аз-Зарқа, Әл-Васфие және Ирбид сынды үлкен қалаларында өмір сүреді. Иорданиядағы босқындардың жағдайы басқа елдердегі босқындардың жағдайымен салыстырғанда жақсырақ. Иорданияға қоныс аударған палестиналықтар бұл елдің азаматтығын алып, әлеуметтік және саяси құқықтарға ие. Алайда бұл елдегі босқындар басқа мемлекеттерге қоныс аударған басқа палестиналықтар сынды өз отандарына оралғылары келеді. Ливанда өмір сүретін палестиналықтар бұл елге Палестинаның солтүстігі арқылы қашып келген. Олар Бурдж аль-Бараджне, Сабра, Шатила, Бар аль-Иас, Айн аль-Хильва, Рашидие, Тель- аль-Затаар, Нар эр-Барид, аль-Давақ және аль- Сибнес лагерлерінде өмір сүрді. Ливанда өмір сүретін палестиналық босқындардың жағдайы нашар. Олар бұл мемлекетке келгеннен бері әртүрлі апаттармен бетпе-бет келді. Ең үлкен апат Сабра мен Шатила лагерлеріндегі палестиналықтардың қырылуы болды. 1982-ші жылдың 16-18-ші қыркүйегінде Ливандағы азаматтық соғыс кезінде ливандық фалангистер «Катаиб» партиясының төрағасы Башир Жмайельге қарсы лаңкестік әрекеттің кегін алу үшін Бейруттың батысындағы Сабра мен Шатила лагерлерін басып кірді. Кейбір мәліметтер бойынша бұл шабуылда 3500 палестиналық қырылған. Ливандағы палестиналық босқындардың тұрмысы да нашар. Жаңа лагерть салуға рұқсат болмағандықтан босқындар көп жылдар бұрын салынған лагерлерде өмір сүруде. Палестиналық босқындарды паналатқан мемлекеттердің бірі Сирия болды. Бұл ел осыдан біраз уақыт бұрын 500 мыңнан астам палестиналық босқынды қабылдаған болатын. UNRWA ұйымының мәліметі бойынша, бүкіл палестиналық босқындардың шамамен 67 пайызы Сирияның Дамаск қаласында, 8 пайызы Дера мен Алеппода, басқалары Әл-Қанитре облысына қарасты аймақтарда өмір сүрген еді. Бірақ палестиналық босқындар өмір сүретін ең маңызды лагердің бірі 1950-ші жылдары Дамаск аумағында салынған Ярмук лагері саналады. Аталмыш лагерь мыңдаған палестиналық босқынды қабылдаған еді. Алайда Сириядағы қақтығыстар мен дағдарыстың басталуымен аталмыш лагерь көптеген қиындықтарға тірелді. Басында Башар Асад үкіметінің қарулы қарсыластарының шабуыл жасауының нәтижесінде лагерьдің үлкен бөлімі олардың қолына түсті. Палестинаны азат ететін «Халқ» майданының әскери мүшелері мен Сирияның әскері бір жақ болып, Башар Асадтың қарсыластары мен әл-Қаиданың тармағы Ән-Носрат лаңкестік ағымы басқа жақ болып, осылардың арасындағы ұзаққа созылған қақтығыстарда екі жақ күштерінің біразы өліп, жарақат алды. Ярмук лагері көп уақыт бойы Сирия әскерінің қоршауында болды, бірақ ИСИМ лаңкестік тобының бұл лагерьге жасаған шабуылынан кейін палестиналық босқындардың жағдайлары қатты нашарлап, бұл езгідегі халықтың апатына айналды. Су мен азық-түлік тапшылығы, босқындрдың үйлерінен шығу мүмкіндіктерінің жоқтығы және халықаралық ұйымдардың азық-түлікпен қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің болмауы палестиналық босқындардың екінші рет босқынға айналып, аталмыш лагерьден кетулеріне себеп болды. Ағымдағы 2015-ші жылдың 1-ші сәуірінде ИСИМ Ярмукке шабуыл жасаған кезде сол жерде палестиналық және сириялық 160 мың босқын өмір сүріп жатқан болатын. Бірақ осы кезде бұл лагерьде тек 16 мың адам қалды. Ярмук лагерінің шамамен 2 мың тұрғыны өткен 4 жылдағы қақтығыстарда, әсіресе ИСИМ мен Ән-Носрат лаңкестік топтарының шабуылдарында қаза болды. ИСИМ-нің шабуылынан кейінгі Ярмук лагерінің жағдайы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун баспасөз отырыстарының бірінде: «Ярмук лагері тозақтың ең терең жеріне ұқсас»,- деп айтқаны сынды болды. Ол «Ярмук лагерінің жағдайы өлім лагерлерін еске салады» деп, бұл лагердегі әскери емес қарапайым халыққа көмектесуді талап етті. Бірақ мұндай қуаттаулардың болуына қарамастан айлар өтсе де осы кезге дейін лагердің электр тоғы қосылған жоқ, ауыз су мәселесі шешілген жоқ. Аталмыш лагердің жағдайы өте нашар, бұл лагерде қалған палестиналық босқындардың өмірі тоқтап қалған сынды. Сионистік режимнің қылмыстары салдарынан Сириядан пана тауып, жылдар бойы Сирия үкіметінің қанатында өмір сүрген палестиналық босқындар осы кезде сионистік режимнің тікелей немесе жанама түрдегі қолдауына ие және бұл режимнің мүддесін ашық түрде қамтамасыз етіп отырған лаңкестік тәкфіршіл топтардың қылмыстарымен кезігіп отыр. Өткен жылдарды көптеген қиындықтармен бетпе-бет келген палестиналық босқындардың келесі тобы ретінде Газа секторында өмір сүретін босқындарды атауға болады. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, Газа секторы тұрғындарының 70 пайызы, яғни 1 миллион 200 мың тұрғыны босқындар қатарына қосылады. Олардың жартысы шамамен 8 лагерде, атап айтқанда Шати, Әл-Баридж, Дир-Балах, Джебалиа, Хан Юнус, Раффах, Әл-Мағази және Әл-Насират лагерлерінде өмір сүреді. Палестиналықтардың бұл тобы ең көп жәбір көрген палестиналық босқындар саналады. Олар сан рет сионистік режимнің шабуылдарына тап болып, олардың көбі, әсіресе балалары қаза тапты.