Нау 21, 2016 12:41 Asia/Almaty

Екінші Дүниежүзілік соғыс шамамен 30 миллион адамның өмірін қиып, миллиондаған адамды өз елдерінен кетуге мәжбүрлеген, мыңдаған адамды панасыз қалдырып, жүздеген адамды қудалаған және көптеген халықты тұтқындап, лагерлерде жұмыс істеуге мәжбүрлеген апат болды.

Осындай жағдайда босқындық мәселесі бірінші рет халықаралық қоғамның назарын аударды. Аталмыш соғыс кезінде 1943-ші жылы «БҰҰ-ның жедел жәрдем және панажай департаменті» құрылды. Бұл ұйым 1947-ші жылы соғыстың салдарынан үйлерінен айрылған 8 миллион босқынды қайтару бағдарламасын жүзеге асырды. 1948-ші жылдың 20-шы тамызында Халықаралық Босқындар Ұйымы (IOR) ресми және әлемдік орган ретінде құрылып, босқындарды өз елдеріне қайтару міндетіне ие болып, босқындардың болмысы мен азаматтығын анықтап, оларға саяси және құқықтық қолдау көрсететінін жариялап, босқындарды қабылдауға келіскен елдерге орналастыру міндетін өз мойнына алды. Бұл халықаралық орган БҰҰ-ның қолдауымен осы ұйымға мүше мемлекеттермен ынтымақтастық жасап, 1948-1951-ші жылдар аралығында бір миллион адамды басқа елдерге орналастырып, мыңдаған адамның отандарына оралуына  жағдай жасап, 1 миллион 600 мың адамға әртүрлі гуманитарлық көмек көрсетті. Мұндай шаралардың қолдануына орай 1948-ші жылдың желтоқсан айының 10 күні жер бетіндегі барлық адамардың ортақ арманы және халықаралық  қоғамның көзқарасы бойынша  әлемдік деңгейдегі адамгершілік негіздері мен  адам құқығының теңдігін қорғайтын ең жоғарғы құжат – адам құқығының әлемдік Жарлығы бекітілді. Бұл Жарлық босқындар мәселесін өзінің басымдылыққа ие мәселесі ретінде қалыптастырып, оған ерекше назар аударатын болды. Аталмыш Жарлықтың 14-ші бабында пана іздеушілер туралы: «Кез келген адам қудалау мен азап-қорлықпен бетпе-бет келген кезде тіпті басқа елдерден пана іздеу құқығына ие»,- деп айтылған. Бұдан кейін 1949-шы жылы БҰҰ-ның қарамағында араб-израильдік соғыстың салдарынан босқынға айналған палестиналықтарды қолдау мақсатында UNRWA  агенттігі құрылды. Ол өзінің басты мақсаттары ретінде босқындарды азық-түлік және баспанамен қамтамасыз ету, олардың тәрбиесіне қажетті жағдай жасау және босқындарға кәсіптік және техникалық білім беріп, медициналық қызметпен қамтамасыз етуді жариялды. Әлем босқындарына көбірек көмектесу мақсатында 1951-ші жылы халықаралық Босқындар ұйымының орнына БҰҰ Жоғары комиссариаты (UNHCR) құрылды. Бұл Комиссариат БҰҰ-ның қарамағындағы белсенді әрі ресми орган ретінде пана іздеушілерді қабылдауға келіскен елдерге ауыстыруға жағдай жасау міндетіне ие болып, өз міндетін белгіленген уәделері бойынша іске асыруда. Босқындарға туған жерлеріне оралуға жағдай жасап, оларға халықаралық көмек көрсету – БҰҰ Жоғары комиссариатының (UNHCR) негізгі міндеті. Әлемде қарулы қақтығыстар мен қатыгездіктердің көбеюіне байланысты 1977-ші жылдан бері БҰҰ-ның Бас ассамблеясы «мигранттар мен босқындар» деген терминді қолдануда. Бұл термин адами апаттың құрбандары және өз отандарынанан жырақта босқындардың жағдайына ұқсас жағдайда өмір сүріп жатқан адамдарға қолданылады. 1969-шы жылдың Конвенциясында Африкадағы босқындардың қиындықтары ерекше зерттеліп, 1951-ші жылғы Конвенциядағы анықтама сақталып, мигранттар мен босқындар деп шабуыл, жаулап алу, бөгделердің бүлігі немесе мемлекеттің бүкіл жерлеріндегі қоғамдық жүйені бұзған оқиғалардың салдарынан елдерінен қашуға мәжбүр болған адамдар аталатын болды. Мигрант деп көбінесе өз елі мен жерінен жұмыс іздеп кеткен адамға айтылады. Бірақ кейде өз елінде қалған немесе елінен кеткенімен, өз үкіметінің қолдауына ие босқындарға да айтылатын болды. БҰҰ аталмыш адамдардың күтпеген оқиғаларға душар болып, көмек қажет ететін болса, үкіметтер мен халықаралық ұйымдардан көмек сұрай алатындықтарын қуаттайды. Халықаралық құқықтарды айқын түрде бұзу және адамзатқа қарсы қылмыс саналатын бір халыққа немесе арнайы топқа қарсы  геноцид те адами апатқа жатады.  Өткен онжылдықтарда бұрынғы Югославияда Босния, Герцеговиня және Косово немесе Африка елдері мұсылмандарының  бастарына түскен оқиға геноцидтің айқын түрі болып саналады. Осы кезде халықаралық қоғам халықтың босқынға айналуына байланысты үкіметтерді бүкіл әлемнің алдында жауапты деп санайды. Мұндай жағдайда үкіметтер өздерінің қайшы әрекеттерін тоқтатуымен бірге оны қайталамауға кепілдік беріп, босқындардың шығындарын қайтаруға  міндетті. Халықаралық құжаттарда соғыс босқындарының құқықтарына назар аударылғанымен, өкінішке орай, іс жүзінде  осы кезге дейін босқындарды қабылдау халықаралық үдеріске айналған жоқ. Бұдан бұрын мемлекеттер босқындармен ұлттық мүдделері мен ішкі заңдарына сәйкес қатынас орнатты. Мәселен, еуропалық мемлекеттер оларды қабылдау заңдарын қиындатты. Жарияланып жатқан хабарлар бұл мәселені растап, Сирия мен Ирактағы ДАИШ лаңкестік тобы әрекеттерінің салдарынан күнделікті мыңдаған адамның босқынға айналуын және «Боко харам» экстремистік тобының қылмыстары салдарынан босқындардың Нигерияда алаңдаушылық пен қорқынышта өмір сүріп жатқанын көрсетеді. Азияның оңтүстік-шығысындағы Мьянмадағы аз санды рохинья топтары көптеген қысымдардың салдарынан босқынға айналды. Қорыта айтқанда, әлемнің әртүрлі жерлерінде басқа да мыңдаған босқын  қазіргі кезде көптеген мәселелермен кезігуде. БҰҰ-ның Амнистия ұйымы: «Әлем деңгейіндегі қарулы қақтығыстар мен қатыгездіктер Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін босқындық дағдарысын шегіне жеткізді. Әлемдік қоғам әлем босқындарына гуманитарлық көмек көрсету саласында табысқа жете алған жоқ»,- деп жариялады. Халықаралық Амнистия ұймының мәліметі бойынша, халықаралық ұйымдар босқындардың құқықтарына көңіл бөлмейді, сондықтан миллиондаған босқын өмір мен өлімнің ортасында өмір сүреді. Қазіргі кезде шамамен бір миллион адам әлемнің түкпір-түкпірінде сенімді мемлекеттерге орналастыруды  күтіп отыр, бірақ кейбіреулері өмір сүретін жерлерін таппай, көмектердің келесі кезеңдерін күтеді. Халықаралық Амнистия  ұйымының мәліметі бойынша, төрт миллион сириялық азамат Түркия, Ливан, Иордания, Ирак пен Мысырдың лагерлерінде өте нашар жағдайда өмір сүруде. Бұл ұйым сонымен бірге Африканың оңтүстігінде де 3 миллионнан астам адамның босқынға айналып, 2014-ші жылы Жерорта теңізінде шамамен 3500 адамның батып кеткенін мәлімдеді. 2015-ші жылдың  бірінші жартысынан осы уақытқа дейін Жерорта теңізінде құрбан болғандардың саны 1865 адам болды. Халықаралық Амнистия ұйымының басшысы Салил Шати  бұл туралы: «Босқындардың дағдарысы – 21-ші ғасырдағы ең маңызды мәселе. Бірақ әлемдік қауымдастық осы уақытқа  дейін  нәтижеге жеткен жоқ»,- деді. БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі Жоғары комиссары Антонио Готрес осыдан біраз уақыт бұрын айтқан сөзінде бұл мәселені растап: «Бұл статистика соғыстардың аяқталмауынан туындаған көптеген шығынды көрсетеді. Қазір бейбітшіліктің жоқтығы айқын сезіледі. Гуманитарлық көмектермен айналысатын адам бұл қиындықтарды шешуге уақытша көмек көрсете алады. Сондықтан мәселені саяси жолдармен шешу қажеттілігі сезіледі. Халықаралық қоғам бейқамдығын жеңіп, осы кездегі Оңтүстік Судан, Сирия, Орталық Африка республикасы мен әлемнің басқа жерлеріндегі  қақтығыстарды шешуі керек. Осы күні босқындар саны Колумбия, Испания, Оңтүстік Африка мен Оңтүстік Корея елдерінің халқының санына тең»,- деді. Бұл ащы оқиға осы кезде  күн сайын әлемнің әртүрлі жерлерінде соғыс пен қатыгездіктің жалынын көтеріп отырған   билікқұмарлардың  ұжданына әсер етуі тиіс.

Тегтер