Қаң 08, 2017 21:18 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисі 101

Кейбір адамдардың шалдығатын жаман әрі жағымсыз сипаттарының біріне шектен тыс мансапқорлық жатады.

Олар билікқұмарлығы және өздерін басқалардан артық санауына байланысты өздерін қалай болса да билікке жеткізгілері келеді. Бұл өте қатерлі. Өйткені билікқұмар адам мақсатына жету үшін кез келген жолды қолданады. Ол өзінің ықтималды немесе шынайы  бәсекелесін сәтсіздікке ұшырату үшін алдап-арбау және өтірік айту, тіл тигізу, қауесет тарату сынды шайтандық тәсілдерді пайдаланады. Осыған орай имам Садық (ғ.с.): «Билік туралы ойлаған адам жойылады»,- деген. («Усул Кафи», 3-ші том). Сондықтан билікқұмарлықтың салдары күнәнің кесірінен беделінен айырылу болып табылады. Имам Садық (ғ.с.) келесі бір сөзінде: «Билікқұмар басшылардан абай болыңдар, өйткені Алламен ант етемін, ол өзі өліп, басқаларды да соңынан ілестіріп өлтірмейінше адамның басқан аяғының дыбысы естілмейді» деген. Билікқұмарлықтың зияндарының біріне дін мен адамның иманының жойылуы жатады. Мүмін адам әрқашан өз иманын сақтап қалуға талпынады. Бірақ  кейбір факторлар адамның иманынан айрылуына себеп болады. Мұндай факторлардың бірі – билікқұмарлық. Бұл ерекшеліктің мүмін адам үшін қатерлігі сондай, имам Бақер (ғ.с.): «Дүниеқұмарлық пен билікқұмарлық мүміннің дініне екі қасқырдың шопансыз қалған отарға жасаған шабуылынан артық  шығын келтіреді»,- деп айтқан болатын.  («Усул Кафи», 2-ші том). Осыған орай билікқұмар адам діні мен иманын оны өлтіретін жыртқыш қасқырдың ықтиярына тапсырғанмен бірдей. Имам Реза (ғ.с.) да жиындарының бірінде билікқұмар адам туралы сөз болған кезде: «Егер екі жыртқыш қасқыр шопансыз қалған отарға  шабуыл жасаса, билікқұмардың мұсылманның дініне тигізген шығынан азырақ шығын келтіреді»,- деп айтқан. («Усул Кафи», 2-ші том). Билікқұмарлардың көбі басқалардың оларға құрмет көрсеткенін жақсы көреді. Олар адамдардың өздерін құрметтеп, оларды көргенде орындарынан тұрғанын жақсы көреді. Негізінде мұндай тәкаппарлық илаһи азапқа себеп болады. Бұл туралы Исламның ұлық пайғамбарының сахабасы Абозар Ғаффариге айтқан рауаяттарының бірінде: «Халықтың оны  тұрып қарсы алғанын көргісі келген адам өзіне орынды тозақтан таңдасын»,- деп ескерткен. Шын мәнінде биліктің заңдары мен қажеттіліктері туралы дұрыс ойланатын адам алдап-арбаумен бірге болған биліктің  бұл дүние мен ақыретте абыройсыздықтан басқа еш нәрсе әкелмейтінін білгені жөн. Алайда егер адам өз іс-әрекеттері туралы ойланса, билік қиындықтан басқа  еш нәрсе емес деген нәтижеге жетеді. Алла елшісі: «Егер білгілерің келсе, биліктің не екені туралы хабардар етемін. Біріншіден – қорлық, екіншіден –  өкініш, үшіншіден қиямет күніндегі азап»,- деген. Құранның көптеген аяттары мен рауаяттарда билікқұмарлық айыпталған. «Қасас» сүресінің 83-ші аятынан: «Міне ақырет жұрты: оны жер жүзінде өзін-өзі көтеріп, бүліншілік ізденбегендерге нәсіп етеміз. Негізінде соңғы табыс тақуалар үшін»,- деп оқимыз. Бұл аятта ақыреттің бақыты өздерін басқалардан артық санайтындарға тиесілі деп айтылмаған. Тіпті олардың табысқа жететіндіктері туралы да айтылмаған. Сондықтан билікқұмарлықтан алыстау маңызды. Мүмін адамдар әрқашан  өздерін бақылап, басқалардан артық болуды немесе басқаларды басқаруды мақсат етпеуі керек.  Алла елшісі: «Жаратушыға бағынбауға алты сипат себеп болады. Олардың біріншісі –дүниеқұмарлық, екіншісі – билікқұмарлық»,- деген. («Бихар әл-Анвар»,73-ші том). Егер билікке жету адамның қорытынды мақсаты болса өте жаман әрі жағымсыз мұрат. Алайда, егер билікке жету әділет орнатып, халықтың құқықтарын қайтаратын құрал болса, жағымды болуымен қатар қажет болады. Исламның алғашқы кезеңінің әйгілі сарапшысы Ибн Аббас: «Күндердің бірінде имам Әли (ғ.с.)-ның қасына бардым. Ол өзінің аяқ-киімін тазалап отар екен. Мені көріп: «Мына аяқ-киіммнің құны қанша?»- деп сұрады. Мен оның құны жоқ дедім. Имам: «Алламен ант етемін, егер жалғандықты жоя алмасам, дәл осы құнсыз аяқ-киім  мен үшін биліктен артығырақ»,- деді»,- деп есіне алатын. («Наһдж ул-Балағе», 33-ші құтпа). Сондықтан мүмін адам басқаларға билік жүргізуді көздемейді. Бірақ, егер билікті міндеті ретінде қабылдаса, оны шындық пен әділет орнату үшін пайдалануы керек.

 -

 

 

Тегтер