Ақп 19, 2017 17:55 Asia/Almaty
  • Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 37

АҚШ басқарған кейбір Батыс мемлекеттері бұл заңсыз режимнің қолдаушылары ретінде әрқашан сионистік режимнің сансыз қылмыстарына қолдау көрсетіп, БҰҰ-ның қарарларына вето қолданып, халықаралық қоғамда әділет орнатуға кедергі болуда.

Құдсты жаулап алған режим жылдар бойы басып алған жерлерде қатыгездік және айуандықпен Палестинаның жазықсыз  халқына қарсы әртүрлі қылмыстар жасауда. АҚШ басқарған кейбір Батыс мемлекеттері бұл заңсыз режимнің демеушілері ретінде әрқашан сионистік режимнің сансыз қылмыстарына қолдау көрсетіп, БҰҰ-ның қарарларына  вето қолданып, халықаралық қоғамда әділет орнатуға кедергі болуда.  Енді бұл жолда Дональд Трамп қадам басып, әлемнің қоғамдық пікірі сионистік режимнің палестиналық әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстарынан хабардар болып отырған кезде ұялмастан бұл заңсыз режимнің қылмыстарын қолдайтынын жариялады.

ن

2016-шы жылдың соңғы күндеріндегі ең маңызды хабарлардың бірі АҚШ-тың сол кезде жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың сионистік режимді қолдауы болды. Дональд Трамп Твиттердегі өз парақшасында  оның кезеңінің басталуы үшін Израильдің мықты болуы керектігін, сондай-ақ   Израильге қазір емес, кезінде «үлкен дос» болғаны үшін оны кемсітіп, оған тіл тигізуге рұқсат етпейтіні туралы жазды.

Трамп сионистік режимді қолдады

2016-шы жылы басқыншы режимнің әскерилері мен сионистік қалашықтардың тұрғындары өткен жылдармен салыстырғанда Құдс пен әл-Ақса мешітінде палестиналық азаматтарға қарсы әрекеттерін күшейтті. Сионистер палестиналық жерлерді басып алуымен бірге Құдстың әртүрлі бөлімдерін еврейлендіруге кірісті.  Олар бір жақтан күнделікті әл-Ақса мешітіне басып кіріп, бұл қасиетті мекеннің айналасында қазба жұмыстарын жүргізіп, басқа жақтан Палестина халқына шабуыл жасауын тоқтатпады. Сионистік әскерилердің палестиналықтардың үйлерін қиратуын көріп отырған халықаралық, исламдық, сондай-ақ араб қоғамдары үнсіздік танытты.

2016-шы жылы сионистік режимнің әскерилері шамамен 3230 палестиналықты, соның ішінде 1040 баланы жараландырды. Олардың 60 пайыздан астамы газдан уланды. Мұндай газдар көбінесе бейбіт шерулер кезінде қолданылды. Йордан өзенінің батыс жағалауы мен басып алынған Құдста сионистер 6500 зейтүн, жүзім және бадам ағаштарын шауып тастады.

Палестинаның жазықсыз  халқына қарсы шабуыл

Басқыншы режимнің басшылары Газа секторына қарсы теңіз бен құрлықтан қоршауларын жалғастырып, Газаға жақын жерлерді басып алуды тоқтатпай, бірнеше адамның қамауға түсуі мен шәһид болуы және жаралануына себеп болды. Газа қоршауының құрылғанына тоғыз жылдан асып барады.

Газа нашар жағдайы

 2015-ші жылдың қазан айында Құдс интефазасы басталғаннан бері сионистік режим палестиналықтарды, тіпті балалар мен әйелдерді әр түрлі сылтаумен қамауға алатын болды. Палестинаның тұтқындары мен босқындарының істері жөніндегі топ 2015-ші жылдың қазан айында Құдс интефазасы басталғаннан бері 9920 палестиналықтың қамалғанын мәлімдеді.

Палестиналықтарды қамауға алу

Палестина тұтқындары мен босқындары істер жөніндегі топ өз мәлімдемесінде: «Бұл кезеңде сионистік әскерилер 18 жасқа толмаған 2884  бала мен жасөспірімді қамауға алды. Сонымен бірге бұл кезеңде сионистік әскерилердің тұтқынына 262 әйел мен қыз түсті.

Палестиналық балаларды қамауға алу

Географиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, Йордан өзенінің батыс жағалауында  6297 палестиналық, яғни тұтқынға түскендердің 63,5 пайызы, Құдста 3192 адам, Газа секторында 250, 1948-ші жылы басып алынған жерлерде 181 палестиналық  қамауға түскен. Палестинаның  ресми құқық орталығы және тұтқындар істерімен айналысатын белсенді органдардың мәліметі бойынша, бүгінде  сионистік режимнің абақтыларында  7000-нан астам палестиналық, соның ішінде 64 әйел, 13 бойжеткен, 700 бала қамауда. Олардың 700 уақытша қамауға алынып, осы уақытқа дейін оларға айып тағылмаған.  Сионистік режимнің абақтыларына түскендер әртүрлі азап-қорлықты бастан өткеруде.

 2016-шы жылы сионистік қалашықтардың тұрғындары бұл режимнің әскерилерін қолдап, әл-Ақса мешітіне құрметсіздік білдіруді күшейтті. Шамамен 16000 сионист әл-Ақса мешітінің алаңына жиналып, мешітке құрметсіздік білдірді. Олар мешіт күзетшілерін салық төлеуге мәжбүрлеп, мұсылмандардың бірінші құбыласы саналатын мешітке жаңа шарттар белгілемек болды.

Әл-Ақса мешітіне құрметсіздік білдіру

2016-шы жылы сионистік режим әскерилерінің палестиналық азаматтардың үйлерін қирату мақсатында оларға қарсы шабуыл жасауына куә болдық. Сионистер сол шабуылдарында  халықты үйлерін өз қолдарымен қиратуға мәжбүрледі. Израильдіктер бұл әрекеттерін палестиналықтардың үй салуға рұқсаттарының жоқтығымен түсіндірді.

Палестиналықтардың үйлерін қирату

Израильдіктер басқа жақтан сионистік қалашықтардың тұрғындарына пәтер салу рұқсаттарын көбейтті. 2016-шы жылы сионистер палестиналықтардың 300-ден астам үйлері мен ғимараттарын қиратты. Сонымен бірге Құдстың басқыншылары  исламдық қабірлерді қиратты. Сионистер өткен жылы әл-Ақса мешітінің астында жүргізіп жатқан қазба жұмыстарын жалғастырды. Бұл қазба жұмыстары көптеген мекендердің қирауына себеп болды. Сондай-ақ аталмыш жұмыстар әл-Ақса мешітінің тіректеріне қатер келтірді. Сионистік режим жуырда әл-Ақса мешітінің астынан  ұзындығы 780 метр тоннель мен мешіттің  батысында дуал тұрғызғаны туралы жариялады.  

 2016-шы жылы сионистік қалашықтарда құрылыс жылдамдықпен жүргізіліп, салынған үйлердің саны күрт артты. Сионистік режим құрылысын Құдс пен  оның көне аймақтарын еврейлендіру саясаты бойынша алға ілгерілетті.

Сионистік режимнің қалашық құрылысы

Сионистер өткен жылы сионистік қалашықтарда шамамен жаңа 27 335 пәтер салуға рұқсат беретін заң бекітті. Сионистер өзінің даму жобаларын іске асыру үшін көптеген қаржы жұмсап, Құдс қаласында шамамен 19000 пәтер, Йордан өзенінің батыс жағалауындағы Рамалланың батысындағы сионистердің Мудаин қалашығында 4416 пәтер салуды көздеп отыр. Сионистер сонымен бірге өздері өмір сүретін Амуна қалашығында жаңадан 2500 пәтер, Бейт ул-Лехем мен әл-Халил, Салфиат және Наблус қалаларында тағы да басқа жүздеген пәтер салмақ. 2016-шы жылы 2015-ші жылмен салыстырғанда қалашықтар құрылысы жылдамдады. Өткен жылы бұл үдеріс 57 пайызға артты.

Палестина жерлерін басып алу

«Жоқ азаматтардың мүлкі» атты заң палестиналықтардың құқықтарын бұзған Израильдің көптеген зұлымдықтарының бірі саналады. Кнессет аталмыш заңды 1950-ші жылы бекітті. Бұл заң бойынша 1948-ші жылдан кейін басқа елдерге қоныс аударған палестиналықтардың барлық мүліктері өздері жоқ адамдардың мал-мүліктерін сақтаушылардың қолына түсіп, олар сионистік режим ойдан шығарған заңға сай сол мал-мүліктерді қолдана алатын болды. Тек 2014-ші жылдың өзінде қалашық тұрғындары палестиналықтардың 82 гектар жерін басып алды. 2015-ші жылы сионистер палестиналықтардың 315 гектар жерін тартып алды. 

Израиль қалашықтар құрылысын арттыруда

 Халықаралық құжаттар бойынша  Израильдің Йордан өзенінің батыс жағалауы мен Бейт әл-Мұқаддаста салған қалашықтары заңсыз. Өйткені, сионистік режим бұл жерлерді 1967-ші жылы басып алған болатын.  Женева Конвенциясына сай басып алынған жерлерге құрылыс жүргізуге тыйым салынған.

 Өткен жылы сионистік режим бұрыннан айтылып келе жатқан басып алынған Құдстың мешіттерінде азан айтуға тыйым салатын заң бекітті. Бұл заңды режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху растады.

Басып алынған жерлерде азан айтуға тыйым салынды

Сионистер палестиналықтардың шамамен 500 мешітінде таңғы намаз бен ақшам намазы кезінде микрофондар арқылы азан айтуға тыйым салмақ болды. Олар азанның дауысы еврейлердің мазасын алады деп сылтауратты. Сионистік кабинет 2016-ші жылдың қараша айынының 13-інде аталмыш заңды дайындап, бекіту үшін Кнессетке тапсырды. Заң Кнессетке тапсырылған соң, ресми заң ретінде іске асырылады.

Тегтер