Нау 11, 2017 18:42 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисі 108

Мақсатқа жету жолындағы талпыныстардың маңызды ынталандыру факторлераның біріне бәсекелестік жатады. Салауатты бәсекелестік болып ахлақтың критерийлеріне, сондай-ақ ақыл мен шариғатқа сай бәскелестік саналады.

Құран Кәрім  «Мәиде» сүресінің 48-ші аятында халықты жақсылық жасау саласындағы бәсекелестікке жігерлендіреді. Бәсекелестіктің бұл түрі бәсекелесті сайыстан кетіру емес, өзгерістер енгізіп, істі дұрысырақ орындауды көздейді. Бәсекелестік адамды алға ілгерілететін ең маңызды себептердің бірі болып табылады. Бәсекелестікке тапшылық, қызғаныш, кемшіліктерден арылу және кемелдікке жету себеп болуы мүмкін. Сондықтан бәсекелестік оң және теріс түрде бола алады. Исламның көзқарасы бойынша адамның қысқа  өмірі жарыс сахнасы сынды. Яғни, әрбір адам жылдамдықпен Аллаға жақындауға талпынуы керек. Бұл мақсатқа жету үшін ахлақи негіздерге сай тәсілдер мен құралдарды пайдаланған жөн. Осыған орай Исламның ұлық пайғамбары беғсаттың философиясы туралы: «Мен ахлақтық ерекшеліктер мен қадір-қасиеттерді жетілдіру үшін таңдалдым»,- деп айтқан болатын. Сондықтан салауатты бәскелестік ахлақ критерийлерімен бірге ақыл мен шариғатқа сай болып, бұл негіздерге сай келмейтін бәсекелестік бұрыс саналады. Адам әрқашан алға ілгерілеп, кемелдікке жеткісі келеді. Соған орай іс-әрекет жасап, белсенділік танытады. Адам өзін басқалармен салыстырып, кемелірек болуды көздейтіндіктен олардың болмысында бәсекелестік сезім қалыптасады. Алайда бәсекелестік  пен жақсырақ болуы сезім мен тәкаппарлық және өзін көрсету сынды жағымсыз сезімдердің арасында көптеген айырмашылық бар. Егер бәсекелестік материалдық істерге қатысты болса жеке адам мен қоғамдық қарым-қатынастардағы қайшылықтарға себеп болады. Керісінше, руһани істер мен ахлақ салаларындағы бәсекелестік жақсылық әрі бұл салада басқалардан озу жағымды іс болып  саналады. Имам Хусейн (ғ.с.) бұл туралы: «Уа, халайық! Жақсылық жасау бойынша бәсекеге түсіп, мұрсаттарды пайдалануға асығыңдар»,- деген болатын.(«Усул Кафи» 2-ші том). Бәсекелстік –  екі жақ бір мақсат пен көбірек жеңіске жетуге талпынатын жарыстың бір түрі.  Алла Тағала көптеген аяттарында бәсекелестікті құндылық ретінде таныстырып, қайырымдылық жасаушыларды соған жігерлендіреді. «Мұтафефин» сүресінің  22-26-шы аяттарында: «Негізінен ізгілер, әрине нығмет ішінде болады. Олар дивандардың үстінде (Алланың нығметтеріне) қарайды. Олардың бақытқа бөленгендіктерін шырайларынан танисың. Олар мөрленген ішімдіктен сусындатылады. Оның сарқыны жұпар аңқиды. Жарысушылар осыған жарыссын»,- деген. Алла елшісі мұсылмандарды  зияндары мен қатерлеріне байланысты материалдық дүние үшін бәсекеге түспеуге шақырып, оларды тақуалық пен жақсылықтары арқылы Аллаға жақындауға бәсекеге түсуге жігерлендіріп: «Сендердің араларыңда екі нәрседен басқа салада бәсеке болмағаны жөн. Алла Тағала  Құранды оған сыйлаған ер адам түн мен күннің ортасында қасиетті кітапты оқып, бұл кітапта жазылған нәрселерді орындайды. Сол кезде басқа адам: «Алла Тағала пәленшеге берген нәрсені маған берсе, мен де ол сынды ғамал етемін! Сондай-ақ, Алла Тағала оған мүлік берген адам оны басқаларға таратып, садақа ретінде береді. Сонда басқа адам «Алла пәленшеге бергенін маған берсе, мен де садақа беремін!»»- деді»,- деп баяндайтын. Хазірет мұсылмандарды жомарттық пен ержүректік  рухын тәрбиелейтін пайдалы жұмыстар жасау саласындағы бәсекеге жігерлендіреді. Мәселен, хазірет мұсылмандарды атқа міну және оқ ату жарыстарына қатысуға шақырып, тіпті оларға өзі де қатысатын. Имам Зейн әл-Абедеин (ғ.с.): «Жауынгер күштер Табук соғысынан оралған кезде Исламның ұлық пайғамбары түйе жарысын өткізіп, бұл жарыста пайғамбардың түйесіне мінген 17 жастағы Асаме бен Зейд жеңіске жетті. Сол кезде жауынгерлер «Пайғамбар жеңіске жетті» дегенде пайғамбардың өзі: «Асаме жеңіске жетті»,- деді. Сындарлы бәсекелестік илаһи негіздерге сай өтеді. Шынайы кемелдіке жетуді көздейтін бәсекелестіктің бұл түрінде ақылды әрі иманды бәскелес басқалардың артта қалғанын жақсы көрмейді, керісінше барша жақсы, өзі жақысырақ, басқалар күшті – өзі күштірек, басқалардың алға ілгерілеп, өзінің солардың алдында болуын қалайды. Осыған орай имам Әли (ғ.с.): «Ақылдылармен бәскелесу ахлақты өзгертеді»,- деген.

 

 

 

Тегтер