Нау 22, 2017 16:42 Asia/Almaty
  • Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры 30

Исламның ұлық пайғамбары Құраннан үлгі алып, өсімқорлықпен шынайы күресіп, өсімқорларды айыптады. Хазіреттің көзқарасы бойынша барлық мәдени, саяси, экономиклық және әлеуметтік қиындықтардың негізгі факторы тек күнәһар ғана емес, сонымен қатар олармен тікелей немесе жанама түрде байланысты барлық адамдар Алланың алдында жауапты.

Исламдық экономиканың негізгі саясаттарының бірі оған зиян келтіретіндерді залалсыздандыру болып табылады. Ислам жеке мүлікті ресми қабылдағанымен, экономикалық жұмыстарға кеңістікті ешбір шектеусіз ашық қалдыратын капиталистік жүйеге керісінше, түзу экономикалық кеңістікті заңсыз бәсекелестік алаңына айналдыруға  қарсы күреседі. Сондықтан, бұл саладағы ең үлкен сұм құбылысты өсімқорлық деп айтуға болады. Бұл әділетсіз құбылыс қанаушылық және күнделікті харам жолдармен табылған кірістер мен заңсыз келген байлықтарды жинау мәдениетінің іргетасын қалыптастыруы мүмкін. Өсімқорлықтың қатері адамның тек өз қаржысы мен байлығына сүйеніп, ешбір талпыныссыз, мұқтаж адамдарды одан сайын мақұрым етіп, тек күнделікті өз пайдаларын арттыру туралы ойларына байланысты. Бұл тәсілді айыптап, Ислам діні оны үлкен күнәлардың бірі деп санайды. Құран Кәрім  оны Алла және Оның елшісімен соғысқа шығу деп таныстырып: «Әй, мүміндер! Алладан қорқыңдар. Егер, сенсеңдер, өсімнен қалып қалған (аласыларыңды) қалдырыңдар (алмаңдар). Егер, оны істемесеңдер, (өсім алғанды қоймасаңдар) бұны Аллаға, Пайғамбарына қарсы соғыс деп біліңдер. Егер, тәубе қылсаңдар, сонда малдарыңның басы өздеріңдікі. Зұлымдық етпеген және зұлымдыққа ұшырамаған боласыңдар»,- деген. («Бақаре» сүресі, 278-279-ші аяттары).

Ұлы Алла өсімқорлардың мұқтаждарға шабуыл жасап, заңсыз харам байлыққа жетуінің алдын алу үшін қиямет күнінің мәңгі азабымен қорқытып: «...Негізінде Алла сауданы халал, өciмді харам еткен. Сонда кім Раббынан насихат келгенде тыйылса, өткені өтіп кетті. Оның ici Аллаға тән. Ал және кім қайталаса, мінe, солар тозақтық. Олар онда мәңгі қалады»,- деген. («Бақаре» сүресі, 275-ші аят). Исламның ұлық пайғамбары Құраннан үлгі алып,  өсімқорлықпен шынайы күресіп, өсімқорларды айыптады. Хазіреттің көзқарасы бойынша барлық мәдени, саяси, экономиклық және әлеуметтік қиындықтардың негізгі факторы  тек күнәһар ғана емес, сонымен қатар олармен тікелей немесе жанама түрде байланысты барлық адамдар Алланың алдында жауапты. Осыған орай Алла елшісінің рауаяттарының бірінде: «Алла Тағала  өсімқорлық пен өсім алушыны, ол туралы жазған және оған куә болғанды, хабардарды өзінің рақымынан алыстатады»,- деп айтылған. Осы рауаят бойынша, егер адамдар  ішінде өсімқорлық байқалған келісімдер мен жобаларды, сондай-ақ, егер қоғам өсімқорлықпен жұмыс істейтін банктер мен сауда орталықтарын қолдамаса, халықтың экономикалық қарым-қатынастарында өсімқорлықтың залым мәдениеті орнатылмайды. Сондықтан Исламның ұлық пайғамбары келесі бір рауаятында қоғамның барлық таптарының рөліне тоқталып: «Барлық адамдар: істі басқарушылар мен олардың басқаруымен қол астында жұмыс істейтіндер де жауапты екендіктерін білгені жөн»,- деген болатын.

 Өсімқорлық сұм құбылысының салдарларына байлықтың бір жерде шоғырлануы, мұқтаждарды қанау, таптар арасында қашықтық тудыру, өнім өндіру мен еңбектену мәдениетінің жойылуы және қоғамдық әділеттің құрып, ахлақ пен адамгершілік қарым-қатынастардың әлсіреуі жатады. Өкінішке орай, көптеген жеке адамдар мен халықтар өсімқорлықтың салдарынан  барлық мүмкіндіктері мен дағдарыссыз, тыныш өмір сүру мүмкіндіктерінен айрылды. Қоғамның экономикалық саулығына қауіп-қатер тудыратын келесі құбылыс – парақорлық. Парақорлық жігерді әлсіретіп, заңның биік дуалдарын қиратып, заңсыз мүдделерге жететін жолдарды ашады. Мұндай жағдайда өз мақсаттарына заңсыз түрде жеткілері келмей, пара беретіндер еш уақытта өз қалауларына жетпейді немесе жылдар бойы көптеген қиындықтарға төзіп,  өздерінің заңды құқықтарының тек бір ғана бөлігіне жетуі мүмкін. Сондықтан, парақорлық – қоғамның экономикалық саулығы мен экономикалық қарым-қатынастарына  қатты зиян келтіретін сұм құбылыс. Исламның ұлық пайғамбары парақорлықпен күресу үшін басқалардан көбірек маңызды лауазымдарда орналасқан адамдарға шабуыл жасаған. Хазірет: «Қоғам басшысының сый-сыяпат алуы – харам,  төрешінің пара алуы күпірлікке тең»,- деген. («Надж ул-Фасахе», 1616-шы рауаят).

Бұл рауаятта  пара алатын топтың өз күнәсін ақтау үшін оны «сый» деп атап, бұл ісімен парақорлықтың жамандығы мен ластығын жасыра аламыз деп ойлайтыны туралы айтылған. Мұндай қате көзқарас алдау-арбаудың бір түрі. Парақорлық көбінесе қоғамның жоғары деңгейінен басталады.  Шын мәнінде, бұл істің көшбасшылары –билік иелері маңызды орындарын пайдаланғандықтан, парақорлық қоғамның төмен  деңгейіне қарай таралып, қоғамның экономикалық саулығына теріс әсерін тигізеді. Қоғам басшыларынан басқа парақорлық мәдениетінің таралуына сот пен төрелік органдары себеп болуы мүмкін. Кейбір соттар пара алып, шындықты өтірік көрсетіп, зорлық-зомбылық көрген адамның құқықтарын аяққа таптап, Алла мен қияметті ойламайды. Әсіресе, егер парақорлық байлық пен билік ретінде ұсынылса, адам көзін жұмып, оны басқа нәрсе ретінде көрсетіп, тіпті ұжданның қарсылығына да назар аудармайды. Мысал ретінде Сауд режимінің йемендік балаларды қыруына тоқталуға болады.  Сауд Арабиясы БҰҰ-на қолдау көрсетуді тоқтатуымен қорқытып, пара беріп, БҰҰ-на өзін айыптауға рұқсат бермей отыр. Сот немесе басқа халықаралық ұйымдарға ісі түсіп, әлемдік үстемшілер төрешілердің шешімдерін өзгерткен жағдайда парақорлық одан әрі әшкерелене түседі. 

Исламның ұлық пайғамбары әсіресе әлемдік орталықтарда төрелік ететіндердің парақорлығын харам деп, күпірліктің бір түрі деп атаған. Күпірлік Алла мен қияметті теріске шығаруымен бірге шындықты жасыра алады. Бұл екеуі де Алланың алдында үлкен күнә саналады. Алланың елшісі: «Пара беруші мен пара алушы және оның ортасындаға делдал Алланың лағынетіне ие болып, Оның шексіз рақымшылығының теңізінен алыстайды»,- деген. Илаһи рақымдылықтан алстаумен бірге парақорларды басқа ащы тағдыр күтуде. Исламның ұлық пайғамбары бұл туралы: «Пара беруші мен пара алушы тозақ отына түседі»,- деген болатын.

Әрбір қоғамның экономикалық саулығына шынайы зардап келтіретін маңызды себептердің біріне халықтың байлығын  немесе ұлттық мүлікті дұрыс пайдаланбау жатады. Халықтың қазынасы ұлттық  мүддеге жұмсалуы керек. Бірақ  бұл салада әсіресе басшылар мен байлар тобы ұлттық және қоғамдық мүлікті талан-таражға салып, өзінің қасындағыларға халықтың қазынасынан сый таратып,  мақұрымдардың құқықтарын бұзуымен бірге сән-салтанатты сарайлар салып, көптеген байлықты отбасылары мен ақындарына қалдырады.  Бүгінде  ислам әлемінде, әсіресе Сауд режимінің патшалары мен ханзадалары  күндерін ойын-сауықпен өткізіп, олардың құлақтары еш нәрсені естімей отыр. Ұлыбританиялық «Индепендент» газеті өзінің бір мақаласында: «Сауд әулетінің ең кіші перзенті Абдолазиз бен Фахд АҚШ-та өзі үшін жасырын империя құрды»,- деп жазды. Осы мәлімет бойынша «British Petroleum» компаниясы мен әскери жабдықтар шығаратын ВАЕ компаниясы саудиялық осы ханзаданың мүліктері саналады. Ол АҚШ-тың 9 штатында 15 ғимаратқа ие. Ханзада үкіметте соншалықты лауазымға ие болмағанымен, оның мүлкінің миллиардтаған долларларға теңелетіндігі жарияланған болатын. Сауд әулеті Сауд Арабиясының кедей халқының бай мұнай қорын талан-таражға салып, өздері мен өз династиясы үшін шексіз байлық жинады. Олардың қаржы және әскери бұзақылықтары туралы Батыс ақпарат құралдардында жазылды. Бұзақылықтарына қарамастан олар өздерін мұсылмандардың мүлкіне қол тигізбек түгілі, әйелі хазірет Хадиджаның байлығын Меккенің мақұрымдарына таратқан Исламның ұлық пайғамбарының жақтасы санайды.

 

 

 

 

 

Тегтер