Жетекшілік хадисы 111
Өтірік адамды иманды адамдардың қатарынан шығарып, кәпірлердің қатарына енгізеді.
Имам Хасан Аскари (ғ.с.) бұл туралы: «Үйдегі барлық жамандықтардың кілті – өтірік»,- деген. («Бихар әл-Анвар», 69-шы том). Өтірік барлық діндер харам еткен ең жаман күнә саналады. Бірақ соған қарамастан, өтірік әрқашан және барлық жағдайда харам емес. Кейбір кезде өтірік айтуға рұқсат етілген. Тіпті кейде уәжіп болып, ол «ақ өтірік» (рұқсат етілген өтірік) деп те аталады.
Кейбір істер негізінен жаман әрі жағымсыз. Мысал ретінде ешбір жағдайда қолдануға болмайтын зорлық-зомбылықты атау қажет. Яғни, адамға ешбір жағдайда басқаға зұлымдық жасауға рұқсат берілмеген, тіпті ол адам Алланың дұшпаны болса да. Алайда өтірікке қатысты олай емес. Кейбір ерекше жағдайдарда өтірік айту жаман емес болмауымен қатар, тіпті рұқсат етілген саналады. Имам Садық (ғ.с.) бұл туралы: «Өтірік – жаман, бірақ залымды әшкерелеп, халықты жақсы жаққа өзгертетін болса, өтірікке рұқсат етілген»,- деген. («Мастадрак әл-Васаел», 9-шы том). Исламның ұлық пайғамбары да: «Алла Тағала адал жолға нұсқайтын өтірікті жақсы көреді, ал бұзақылыққа жеткізетін шындыққа жиіркеніш білдіреді»,- деген. Имам Реза (ғ.с.)-ның хадистерінің бірінде: «Мұсылман бауырының құқығы туралы шындықты айтып, оны қиындыққа тірейтін адам Алланың алдында өтірікшілердің қатарында болады. Керісінше, мұсылман бауырының құқығы туралы өтірік айтып, өтірігімен оны құтқаратын болса, Алланың алдында шындық айтушылардан болады»,- деп айтылған. («Васаел әл-шие», 15-ші том). Кейбіреулердің пікірінше, адамдардың мүдделеріне қатер төнсе, оңай өтірік айтуға болады. Негізінде, өтірік айтатын барлық адамдар шын мәнінде, өздерінің мүдделерін тек өтірік айтуда деп біледі. Имам Казем (ғ.с.) имам Джафар Садық (ғ.с.)-ның серіктерінің бірі Хишам бен Хакамға: «Хакам! Ақыл тіпті мүддесі болса да, еш уақытта өтірік айтпайды»,- деген. («Усул Кафи», 1-ші том). Сондықтан тек арнайы жағдайда ғана, соның ішінде мүміннің жаны мен абыройын сақтау немесе бүлік пен бұзақылықты жою сынды маңызды мәселелерде «ақ өтірік» айтуға рұқсат етіледі. Исламның ұлық пайғамбары "Алламен ант етемін, өтірік айтып, бауырыңды өлімнен құтқар»,- деген. Немесе имам Садық (ғ.с.) бұл туралы: «Егер адам мұқтаж болып, өтірік ант ішуге мәжбүр болса, зардап шекпейді" деген. Өтірік айту – Ислам дінінде жағымсыз іс. Тіпті, маңызды мүддесі болып, кейбір сәттерде рұқсат етілген болса да. Өйткені өтірік жаман және жағымсыз болып қалады. Тек өте қысқа мерзімде және тек ерекше жағдайда ғана қажет болса өтірік айтуға рұқсат етіледі. «Ақ өтірікке» айтуға рұқсат етілген жайттардың біріне екі адам бір-біріне кектеніп, бір-бірінің арасындағы қарым-қатынастарды үзетін жағдайа жатады. Мұндай жағдайда бұл екі адамды татуластыру үшін өтірік айтуға болады. Яғни, олардың кегі мен дұшпандығын шетке қойып, араларында достық қарым-қатынас орнататын сөздерді айту керек. Сөйтіп дауласқандардың бірінің алдында: «Пәленше сенімен ренжіскеніне өкінуде. Менің ойымша, ол сенімен татуласқысы келеді»,- деп айтқан дұрыс. Содан соң дауласушылардың екінші жағына барып, бірінші адамның тарапынан жоғарыдағыдай сөздерді айту керек. Мұндай өтіріктер харам емес, керісінше жағымды. Исламның ұлық пайғамбары өз өсиетнамасында имам Әли (ғ.с.)-ға: «Уа, Әли! Алла Тағала халықты татуластыратын өтірікті жақсы көреді, бірақ бүлікке себеп болатын шындықты жек көреді»,- деген. («Васаел әш-Шие», 16-шы том).