Жетекшілік хадисі 112
Исламда өтірікке куәлік ету үлкен күнәлардың бірі саналады. Өтірікке куәлік ету әділеттің әлсіреуіне себеп болып, ол шірк сынды үлкен күнәлардың қатарында орналасады.
Өтірікке куәлік ету үлкен күнә саналады. Өтірікке куәлік ету шындықты теріске шығару және басқалардың құқықтарын бұзу болып табылады. Сондықтан өтірікке куәлік ету ең жаман салдарларға ие. Рауаяттардың бірінде исламның ұлық пайғамбары күндердің бірінде сөйлеген сөзінде: «Халайық, жалғандықке куәлік ету Аллаға серік қосумен тең»,- деген. Содан соң «Хадж» сүресінің: «Ал енді нәжіс пұттардан сақтаныңдар. Сондай-ақ өтірік сөздерден сақтаныңдар»,- деген 30-шы аятын оқыды. Сондай-ақ: «Өтірікке куәлік еткеннің сөзі төрешінің алына барумен аяқталмайды. Ол тозаққа түседі»,- деген. Басқаша айтқанда, өтірікке куә етушінің сөзі аяқталмастан бұрын оған тозақтан орын дайындалады деген. Куәлік ету, яғни көзбен көру. Сол себепті, куәлік етпек болған адам куәлік етуінен бұрын оқиға орын алған жерде болып, күмән тумайтындай оны өз көзімен көруі керек. Бірақ, өкінішке орай, кейбір адамдар қолдарына түскен қысқаша мәліметке сүйеніп, халық жиналған мекенге келіп, куәлік ете береді. Негізінде, адам өзі көрмей тұрып, куәлік етпегені жөн. Алла елшісі де «Қалай куәлік ету керек?» деп сұраған адамнан: «Сен күннің көзін көресің бе?»- деп сұрады. Ол: «Иә, көремін» дегенде пайғамбар: «Күннің көзі сынды саған анық болған нәрсеге ғана куәлік ет. Басқа жағдайда куәлік етпе»,- деп жауап берді. («Васаел әл-Шие», 18-ші том). Имам Садық (ғ.с.) та бір хадисте: «Көрмеген нәрсеңе куәлік етпе»,- деген. Адам өтірік куәлік етіп, төреші оны түсінген кезде оның алдында өтірікке сүйеніп, шығарған шешімнің күші жойылады. Басқалар қайталамас үшін өтірік куәлік еткен адам жазалануы керек. Имам Садық (ғ.с.): «Өтірікке куәлік етушге төрешінің шешіміне сай дүре соғып, халық оны танып, енді оған сенбеуі үшін қаланың ортасында жүргізу қажет»,- деп, «Нұр» сүресінің 3-4-ші аяттарын оқыды: «...Және олардың куәліктерін мүлде қабыл етпеңдер. Міне, солар бұзықтар. Бірақ содан кейін тәубе етіп, түзеліңдер..». Сол кезде Самае деген имамнан: «Адамдар қалай тәубе етеді?»- деп сұрады. Имам: «Халықтың алдында дүре соғылған мекенде өтірікке куәлік еткенін мойындап, оған өкінішті екенін айтып, Алладан кешірім сұрайды. Сол кезде оның шынайы тәубе еткені белгілі болады»,- деп жауап берді. Айта кететін жайт, сүнниттердің кейбір ғұламалары исламның бастапқы кезінде өтірікке бірінші куәлік еткен адам деп Абдолла Бен Зубайрды санайды. Ол Айшаны адастырып, Джамал соғысына итермелеу үшін осы жолды пайдаланған. Әскер Хоб су қоймасына кезде бұл жердің иттері Айшаға қарай үреді. Айша Мұхаммад бен Талхеден: «Бұл су қоймасы қалай аталады?»- деп сұрады. Талхе: «Хоб»,- деп жауап берді. Айша бір мезгілде: «Мен бұл жерді аралағым келеді»,- дегенде Талхе: «Неге?» деп сұрайды.
Айша:
- Өйткені күндердің бірінде Алланың елшісі әйелдер тобына сілтеме жасап: «Сендердің біреулеріңе Хобтың иттерінің үргенін көріп тұрмын»,- деді. Содан соң маған бұрылып: «Айша абай бол, ол әйел сен болып жүрме» деген болатын» дейді.
Талхе: «Жолыңды жалғастыр. Алла саған рақым етсін. Бұл сөзді ұмыт» дейді. Бірақ оның сөздері әсер етпей, Айша райынан қайтпайды. Сол кезде Абдолла бен Зубейр Айшаның қасына келіп, Алламен ант етіп: «Бұл мекеннің аты Хоб емес. Хобтан бірінші түні өтіп кеттік» дейді. Содан соң шамамен 50 өтірікші ерді жинап, олар да «Бұл жер Хоб емес» дейді. Мұндай куәлік ислам тарихында бұрын-соңды кездеспеген. Сол өтірікке куәлік ету Джамал соғысына әкеліп, көптеген мұсылмандардың өліміне себеп болды.