Сәу 08, 2017 20:01 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисі 113

Абырой адам үшін оның жанымен бір. Сондықтан оған кір келтірілсе, адамның жаны қатерге тіреледі. Ғайбат адамның абыройы мен намысына зиян келтіреді. Бұл үлкен күнә адамдардың арасындағы кекке себеп болып, кейбір уақытта қантөгістерге әкелуі мүмкін.

Ислам дінінде халықтың жаны мен мүлкін, абыройын, тіпті олардың ойларын қорғауға ерекше назар аударылған. Имам Садық (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде: «Мүміннің құрметі Қағбаның құрметінен жоғары»,- деп айтылған. Өйткені, адамның абыройы мен құрметі –  оның өмірі, талпынысы және қиындықтарының нәтижесі. Ғайбат адамның абыройымен ойнайтын күнәлардың бірі. Алланың елшісі  рауаяттарының бірінде: «Миғраж түні өз беттерін тырнап жатқан тайпаны көріп, Жебірейілден олардың кім екенін сұрадым. Жебірейіл «Олар ғайбат айтып, халықтың абыройын кетіргендер» деп жауап берді» деп айтқан болатын. Халықтың кемішіліктерін әшкерелейтін адамды Алла Тағаланың әшкере ететінін білген жөн. Имам Садық (ғ.с.) Алла елшісінің: «Исламды тілмен қабылдап, жүрегіне иман келмегендер мұсылмандарды айыптамаңдар және олардың кемшіліктерін іздемеңдер. Өйткені, олардың жасырғандарын іздейтіндердің кемшіліктерін Жаратушы әшкерелейді» деп айтқан сөздерін еске алатын. Имам Садық (ғ.с.)-ның келесі бір рауаятында: «Мүміннің кемшіліктерін әшкерелеп, мүміннің абыройын төккісі келетін адамды Алла Тағала өзінің қасынан шығарып, шайтанға қарай жібереді, бірақ оны тіпті шайтан да қабылдамайды»,- деп айтылған. Исламның ұлық пайғамбарының адал серіктерінің бірі Абозар Ғаффари: «Күндердің бірінде Алла елшісінен «Ғайбат деген не?» деп сұрағанымда, хазірет «Бауырыңның жақтырмайтынын еске алу» деді. Содан соң «Алланың елшісі, егер еске алған нәрсе оның болмысында болса ше?» деп сұрадым. Пайғамбар: «Егер оның болмысында бар нәрсені айтсаң, ғайбат жасадың. Ал, егер оның болмысында жоқ нәрсені айтсаң, оған тіл тигізгенің»,- деді. («Васаел әш-Шие», 8-ші том).  Алла елшісі сонымен бірге  Абозарға айтқан өсиеттерінде: «Ғайбат айтудан қорқуың керек. Оның күнәсі зинадан артық»,- деген. Сол кезде Абозар: «Уа, Алла елшісі, неге?»- деп сұрайды. Хазірет: «Өйкені зинақор тәубе етсе, Алла оны кешіреді. Ал ғайбат айтқанның күнәсі ғайбатталған адам риза болмаса, кешірілмейді»,- деген. («Васаел әл-Шие», 8-ші том). Бұл туралы Алла елшісінің  келесі рауаятында қиямет күні адамды Алланың қасына әкеліп, оның ғамалдарының тізімін қолына ұстататындығы айтыдған. Сол кезде адам бұл тізімде жақсылық жасағанын көрмей: «Уа, Алла! Бұл менің іс-әрекеттерімнің тізімі емес, өйткені менің жақсылықтарым тіркелмеген»,- дейді. Сол кезде оған: «Жаратушы сені ұмытпайды. Бірақ сенің жақсы ғамалдарың ғайбаттарыңмен жойылып кетті»,- деп жауап береді. («Джаме әл-Ахбар»).  Ғайбат тек тілмен айтылмайды, көбінде көз   немесе әрекетпен көрсетіледі. Айша: «Бір әйел қасымызға келгенде мен қолыммен оның бойының қысқа екенін көрсеттім. Алланың елшісі «Ғайбат жасадың» деп, менің мұндай істі қайталауымның алдын алды» деді»,- деп есіне алатын. Кейде адам сөзін астармен айтады. Мәселен, «Бізді мұндай күнәдан алыстатқан Аллаға шүкіршілік білдіреміз»,- дейді. Негізінде, оның мақсаты басқалардың күнәсін әшкерелеу болып, оны дұға ретінде баяндайды. Кейде  бұл жаман әрекетін басқа жағымсыз іспен бірге жасайды. Мәселен, ғайбат айтпағандай болып: «Ғайбат болады деп алаңдап, түсіндіруден қорқамын» немесе «Шариғат рұқсат етпейді, әйтпесе айтар едім» дейді. Исламның ұлық пайғамбары: «Мүміннің болмысындағы нәрсені айтып, ғайбат жасайтын адамды Алла жәннәтқа енгізбейді»,- деп ескерткен болатын.

 

Тегтер