Сәу 19, 2017 16:26 Asia/Almaty
  • Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры 34

Ислам діні бейбітшілікті талап ететін дін болғанымен, әрқашан халықты дұшпандар мен шапқыншыларға қарсы тұруға, еш уақытта немқұрайдылық танытпай, соғыс жағдайында өздерін қорғауға дайын болуға шақырады.

Ислам кекшіл дұшпанға қарсы тұру үшін әскери және қорғаныс негіздерін күнделікті күшейтуді бұйырды.  Бұл туралы Құран Кәрімде: «Сендер де шамаларың келгенше әр түрлі күш және ат байлаумен әзірлік көріңдер. (Сондай-ақ заманауи техникалық құралдар дайындаңдар.) Алланың дұшпанын, өз дұшпаңдарыңды тағы олардан өзге дұшпандарды қорқытасыңдар...» - деп айтылған.  («Инфал» сүресі, 60-шы аят). Бұл аяттағы бірнеше маңызды жайтқа назар аудару керек: бұл аят мұсылмандарға дұшпандарға қарсы жан-жақты дайын болып, қару-жарақ пен әскери күштерін әзірлеуді бұйырады. Қару мен әскери мүмкіндіктер саны және сапасы тұрғысынан кәпірлер мұсылмандардың жауынгерлерінен қорқатындай болуы керек. Осы аяттағы күш-қуат әскери мүмкіндік емес. Бұл мұсылмандардың саяси, әскери, экономикалық, мәдени, тіпті үгіт-насихат негіздері. Олар сондай мықты болып, дұшпанның шабуыл туралы  тіпті ойлауын алаңдатады. Бұл аяттағы келесі мәселе күштерді нығайтып, мүмкіндіктерді арттырудың мақсаты соғысқұмарлық, талан-тараж, бөтен елдің жерін басып алу және халықтың құқықтарын таптау емес. Күштерді арттырудың негізгі мақсаты зорлық-зомбылық және қиянаттан басқа еш нәрсе туралы ойламайтын Алла мен халықтың дұшпандарын мұсылмандардың құдыретінен қорқыту және олардың шабуылдарының алдын алу  болып табылады. 

Исламның ұлық пайғамбары осы аят бойынша жаңадан қадам басқан исламдық үкіметтің материалдық және рухани мүмкіндіктерін нығайту, сонымен бірге адами күштердің күш-қуатын арттыру үшін сындарлы әрекеттерді іске асырды. Пайғамбар мен мұсылмандар Мединеге қоныс аударып, бірінші исламдық үкімет құрылған соң, құрайыш басшылары Бадр, Ухуд және Ахзаб  сынды соғыстардың өртін лаулатты. Негізінде олар пайғамбарға бұл соғыстарды таңды. Мекке мүшіріктерінің  пайғамбарға қарсы бірінші соғысы болған Бадр соғысында  исламның армиясында тек 313 адам болды. Дұшпандардың саны үш есе артық еді. Мұсылмандар әскери мүмкіндіктері тұрғысынан әлсіз болды. Сондықтан, егер илаһи көмек болмағанда, олар жеңіске жетпейтін еді.

Бадр соғысында жеңгеннен кейін мұсылмандар дұшпанның қастықтары мен соғысқұмарлығына қарсы тұрып, тәжірибеге ие болу үшін мұсылмандардың қорғаныстық құдыретін арттырды. Жараланғандарды емдеу және тылды қамтамасыз ету үшін тіпті әйелдер тобы соғыс майданына шықты.  Ухуд соғысында Алла елшісі дұшпанның әскери және қауіпсіздік және өз армиясының жағдайынан хабардар болған соң 1000 адам және қару-жарағын көбейтіп, дұшпанға қарсы шықты. Егер сарбаздар мен қолбасшылар пайғамбардың бұйрығын дұрыс орындап, Ухуд тауының сайынан қашпағанда бұл жолы да шынайы шығын көрмей, жеңіс туын көтеретін еді.  Содан соң Абу Софиян және құрайыштың басқа да басшылары кейбір еврейлер және мұнафықтармен бірігіп, бүкіл күші мен мүмкіндіктерін қолданып, Ахзаб соғысын бастады. Салман Фарсидің ұсынысымен Алла елшісі дұшпандарға қарсы жаңа соғыс тактикасын пайдаланды. Хазірет Мединенің айналасына ор қазуды бұйырып, дұшпандардың тұтқиыл шабуылдарының алдын алды. Бұл соғыста дұшпан  имам Әли (ғ.с.)-ның ерлігі, батылдығы мен қаһармандығының дәмін татып, артқа шегінуге мәжбүр болды. Бұл жарқыраған жеңістер Алла елшісі басқарған ислам әскерінің қорғаныс мүмкіндіктерін күннен күнге арттырды. Нәтижесінде Исламның ұлық пайғамбары дұшпанның 10 000 әскериден құрылған армиясын тізе бүктіріп, Меккені жеңіп алды.

Илаһи бұйрыққа бағынған Исламның ұлық пайғамбарының жиһадтық жолы хазіреттің Мединеде үкімет құрған соң  әрқашан ислам армиясының әскери құдыретін арттыру бағытында талпыныс жасағанын көрсетті. Осыған орай Ханин соғысы ағымында хазірет Йеменде жаңа қару шығарылғаны туралы хабарды естіп, жаңа қаруды көріп, оны Исламның армиясы үшін сатып алу үшін адамдарын Йеменге жіберді. Бұл жерде келесі маңызды мәселеге көңіл аударамыз. Соғыс кезінде әскери дайындықты арттыру мен адами күштерді тәрбиелеу маңызды рөл атқарғанымен, жауынгерлердің иманы мен рухани жігері де маңызды әрі соғыстың тағдырын шешетін фактор болып табылады. Бұл шындық Ливан Хизболасының сионистік режимге қарсы 33 күндік  соғысында анық байқалды. Сионистік режим дамыған қаруларына қарамастан, иманды жауынгерлердің алдында тізе бүгіп, жарқыраған жеңіс Хизболланың несібесіне айналды.

 

Диктор 2

Жиһад пен қорғанысқа келетін болсақ, Ислам діні соғыс бастаушы емес. Егер дұшпан шабуылын бастап, соғыс отын лаулататын болса, оның алдында өзін қорғау – қажеттілік. Исламда  соғыс майданында дұшпанға қарсы тұру үшін ерекше шаралар мен заңдар қарастырылған. Сондықтан,  ешбір адам қалыптасқан негіздер мен ережелерге қарсы әрекет ете алмайды. Пайғамбардың соғыс майданына  аттанып бара жатқан сарбаздарына айтқан бұйрықтары исламның адамгершілігінің тереңдігін көрсетеді. Хазірет: «Алланың атымен, Алланың жолында, Алланың көмегімен  барыңдар. Алла елшісінің жолын ұстанып, алдап-арбау жасамаңдар, адамдардың дене мүшелерін бөлшектемеңдер. Қарттар мен әйелдерді, балаларды өтірмеңдер... Қажет болмаса, талдарды шаппаңдар... Жеміс ағаштарың жоймаңдар.. Еш уақытта дұшпанның суларын ластамаңдар..»,- деді. Ислам дінінде әскери емес қарапайым халықты қырып, оларды қорлау, зорлық-зомбылық пен шабуыл жасау, суды ластау, химиялық соғыстар, егістік жерлер мен бау-бақтарды өртеуге тыйым салған. Алла елшісінің мектебінде тәрбиеленген имам Әли (ғ.с.) өз әскерін дұшпанға қарсы соғысуға дайындап, оларға: «Дұшпан айдыннан қашқан кезде, оны қумаңдар және өлтірмеңдер. Өзін қорғай алмайтын немесе жарақат алып, соғыс майданында құлаған адамды қорламаңдар. Әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың наразылығына себеп болмаңдар»,- деген болатын.

Соғыс тұтқындары туралы да исламның тұлғалары олармен жақсы қарым-қатынас орнатуды насихаттайды. Соңында Ислам дінінің жаппай қырып-жоятын қару туралы ұстанымына тоқталамыз. Ислам жаппай қырып-жоятын қарудың кез келген түрін пайдалануға қарсы. Алла елшісі тіпті дұшпанды уландыру үшін суға у себуге де тыйым салған болатын. Дәл осы көзқарасы бойынша, Иран ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи ресми түрде ядролық, микробиологиялық және химиялық қаруды пайдалану харам деген пәтуа шығарды. Сондықтан Ислам республикасы ешбір жағдайда мұндай әрекетті іске асырмайды. Бірақ алпауыт мемлекеттер жаппай қырып-жоятын қару-жарақ шығарып, сол қарулармен әскери қоймаларын толтыруда. (Соңы).

 

Тегтер