Сәу 24, 2017 09:29 Asia/Almaty
  • Имам Реза (ғ.с) және өмір салты (2)

Бұл бағдарламамызда өмір сүру салтының маңызы жайлы сөз қозғамақпыз!

Разавилік өмір сүру салты

Мейірімді де рақымды Алланың атымен бастаймыз. Армысыздар, қымбатты тыңдармандар! "Имам Реза мен оның өмір сүру салты" атты бағдарламамызды даналық пен білімқұмар жандарға ұсынамыз. Бүгінгі бағдарламамыздың барысында сіздерге өмір сүру салтының маңызы жайлы баяндаймыз! Біздің толқынымыздан алыстамаңыздар!

Өмір сүру салты негізінен жаңа терминдердің қатарына жатады. Оған Батыста пайда болған уақыттан қазіргі кезге дейін жүз жылдан астам уақыт болған. Ислам дінінде исламдық салт-дәстүр мен ахлақ ұғымдары өмір сүру салтына ең жақын мәселелер болып саналады. Өмір сүру салтына әртүрлі анықтамалар берілген. Біз жалпы және қысқаша өмір салтының адамның өз өмірінде белгілі бір жұмысты атқару үшін әртүрлі таңдаулармен кезіккен сәттен бастап пайда болғанын айтамыз. Адам сол таңдаулардың бірінен пайда тапқан кезде сол оның өмір салтын таңдауы болып табылады. Әдетте сол салт адамның өміріндегі тұрақты өмір сүру тәсілі болып саналады. Бұл тәсіл бала кезден немесе уақыт өте келе, ұлттық және діни мәдениет пен өзін қоршаған қоғамның ықпалының нәтижесінде қалыптасады.

Кейбір ойшылдардың пікірінше, бұл мәселе санасыз түрде қалыптасатын жағдай. Адамның өзі белгілі бір өмір сүру салтына ие болып, сол салт негізінде өмір сүруді жалғастыруға шешім қабылдамайды. Адамның өмір сүру салты әртүрлі экономикалық, зияткерлік, діни және физикалық тұрғылардан қарастырылады. Басқа бір көзқарас тұрғысынан, өмір сүру салтын исламдық, батыстық және шығыстық деп үш топқа бөлуге болады.

Бүгінгі таңда мұсылмандар өздерінің мәдениеті мен өмір сүру салтынан айырмашылығы бар әртүрлі батыстық, шығыстық және мұсылмандық емес мәдениеттермен бетпе-бет кездесіп отыр. Мұсылмандардың болмысын қалпына келтіріп, танып білу үшін Исламның пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с) мен пәк имамдардың өмірлерінің әртүрлі кезеңдеріндегі өмір сүру салтын қарастырғанымыз дұрыс болатын секілді. Сонда, сол өмір сүру тәсілдерін танып болғаннан кейін, қазіргі таңдағы мұсылмандық өмір сүру салтын соның негізінде қайтадан анықтап, жандандыра аламыз.

Исламдық өмір салты

Хадистердің дереккөздері, әсіресе түрлі кітаптар бізге пәк имамдардың өмір сүру салтын танып білуге көмектесе алады. Хадис кітаптарындағы дәстүрлерді зерттеу арқылы имам Реза (ғ.с) өмірінің кейбір қырларынан оның өмір салтын анықтауға болады. Осы бағдарламалар топтамасында имам Резаны (ғ.с) пәк Пайғамбар (с.ғ.с) әулеті ұрпақтарының бірі ретінде түрлі жағдайларда қандай өмір салтын таңдап, қандай іс атқарып және қандай жұмыстарды атқармағанын анықтауға болады.

Исламда өмір сүру салты деген ұғым осы дүниеде адамның дамуы мен кәмілдікке жету жолында өмір сүру деген мағынаны білдіреді. Бұл мәселе бақи өмір мен ақыретке де қатысты болып табылады. Исламдық көзқарасқа сәйкес, өмір сүру салты дегеніміз тұрақты және илаһи принциптерден бастау алатын өмір сүрудің тұрақты тәсілі болып табылады. Бұл тәсіл адамның Құдаймен, басқалармен, өзімен және табиғатпен төрт жақты байланыс орнатуы деген мағынаны білдіреді. Солардың ішіндегі ең маңыздысы халықпен қарым-қатынас жасап, осы өмір сүру салтына жету жолын немесе ақылмен өмір сүріп, адамдарға мейірімділік танытуды имам Реза (ғ.с) ақылдың жартысы деп сипаттап: "Халыққа мейірімділік таныту – ақылдың жартысы ғана",- деген.

Әрбір мүмін адам ахлақтық ізгіліктерін түзестуімен қоса, ахлақтық пәстік пен зымияндықтардан алыс болуы керек. Имам Резадан (ғ.с) жеткен бір хадисте: "Тәкаппарлық пен өзімшілдік – ғамалды бұзатын қасиеттер",- деп айтылған. Бағдарламамызды имам Резаның (ғ.с) даналық сөздерімен тәмамдағанды жөн көрдік: «Сараңдық жайлылыққа жеткізбес», «Бақталастық ешбір ләззат әкелмес», «Патшаға адалдық тән емес», «Өтірік адамгершілікке жат қылық».

Тегтер