Maм 06, 2017 15:16 Asia/Almaty
  • Имам Реза (ғ.с)-ның өмір салты (3)

Ата-анаға ізгілік жасаудың маңыздылығы кез-келген мұсылман үшін түсінікті. Ата-анаға ізгілік жасау – илаһи міндеттердің ең маңыздысы. Таухидтен кейін дәл осы мәселеге көңіл бөлінген.

Разавилік өмір салты

Ата-анаға ізгілік жасаудың маңыздылығы кез-келген мұсылман үшін түсінікті. Ата-анаға ізгілік жасау илаһи міндеттердің ең маңыздысы. Таухидтен кейін дәл осы мәселеге көңіл бөлінген.

Құран Кәрім мен хадистерде ата-анаға мейірімділік танытуға кеңес берілген. Ата-анаға рақымдылық таныту қажылықтың сауабы секілді қабылданады. Ол екі кісінің ризашылығы – илаһи ризашылық, олардың ашуы Құдайдың қаһары саналады. Қасиетті Құранда ата-анаға шүкіршілік ету Құдайдың берген нығметтеріне шүкіршілік етумен тең. Құранның Лұқман сүресінің он төртінші аятында дәл осы жайт қуатталған:  «Маған және ата-анаңа шүкір ет!»...

Ата-анаға мейірімділік таныту адамның өмірін ұзартып, өз перзенттерінің де оған мейірімділік танытуына себеп болады. Имам Реза (ғ.с) ата-анамен жақсы қарым-қатынас жасауға ақыл-кеңес беріп, біздің жолымызда бағыт көрсетуші шырақ болатын кеңес айтып: "Ата-анаға жақсылық жасау екеуіне де ортақ жақсылық болатын болса, міндетті болып табылады. Ал ата-анаға бағынудың шегі Құдайға бағынбауға жеткізбеуі тиіс",- деген. Имам Реза (ғ.с) ата-анаға бағынбауды құдіреті шексіз Құдайдың берген табысынан айрылу деп атап, ата-ананы сыйламау мен нығметке шүкіршілік білдірмеуді, шүкіршілік пен алғыс айтудың жойылуын ұрпақтың азайып, тіпті оның тоқтап қалуына себеп болады деді. Себебі, ата-анаға бағынбау, оларды құрметтемеу, олардың құқықтарын мойындамау туыстық қатынастардың үзілетінін білдіреді. Ата-ана перзентіне көңілі толмай, перзенті ата-анасына жақсылық жасамай, олардың сөзіне құлақ аспауына байланысты ата-ананың өзі де баласының тәрбиесіне немқұрайдылықпен қарап, мүлдем тәрбие ісіне араласпайтын болады.

Имам Реза (ғ.с) анаға мейірімділік танытып, жақсылылқ жасау туралы былай деді: "Ананың құқығы – құқықтардың ішіндегі ең қажеттісі әрі уәжібі. Себебі, ана өз перзентінің ауыр жүгіне шыдап, оны көтереді. Ешбір адам басқа біреуді осылайша арқалауға дайын емес. Ана өз баласына жан-тәнімен қарап өсіріп, сол ісіне дән риза әрі бақытты болды. Сонда ана  қиындықтарға қарамастан, өз перзентін көтерді. Мұндай істі ешкім көтере алмайды. Ол өзі аш қалуға да әзір, тек баласы тоқ болса болғаны. Өзін шөл қинаса да, перзентінің суға шөлі қанса болғаны. Ол киімсіз қалуға да дайын, тек тек баласының үстінде киімі болса болғаны. Өзі күннің астында қалса да, баласы көлеңкеде болса оған одан артық арман жоқ",- деп айтқан.

Имам Реза (ғ.с) әкеге құрмет көрсету жайлы: "Әкенің тілін алып, оған жақсылық жасауың керек. Оның алдында бойсұнып, оған бағынуың керек. Оның үлкен екендігін ұмытпай, оны құрметтеуің қажет. Ол кісі барда ақырын сөйлегенің абзал. Себебі әке – перзенттің негізі мен тамыры. Ал перзент оның бір бөлігі, бауыр еті. Әке болмағанда, перзент те болмас еді.

Уа, перезенттер! Құдайдың берген құдіреті мен қабілетінің арқасында бар мал-мүлік, табыс пен жандарыңды олар (ата-ана) үшін жұмсаңдар. Алланың елшісі (с.ғ.с): "Өзің мен сенің мал-мүлкің – әкеңе тиесілі. Сондықтан, өзің мен байлығыңды әкеңе арна", деп айтқан.

Уа, перзенттер! Бұл дүниеде әкелеріңе жақсылық жасап, олардың жанында болыңдар! Олар қайтыс болғаннан кейін Құдайдан олардың күнәларын кешіріп, рақымшылық етуді сұрап, үнемі оларды еске алып отырыңдар. Себебі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с): "Әкесінің көзі тірісінде оған жақсылық жасап, ізгілік танытқанымен ол көз жұмғаннан кейін оған дұға тілеуді ұмытса, Құдай оны бағынбайтын және бойұсынбайтын санайды",- деген.

Ата-ананы сыйламау үлкен күнә саналады. Құдай мұндай күнәні оңайлықпен кешірмейді. Ол ақырет күніне дейін күтпей, қателік жасаған перзентті тез арада жазалайды. Ұлы Пайғамбар Мұхаммад Мұстафа (с.ғ.с) осы тақырыптың маңыздылығына байланысты: "Үш түрлі күнәнің жазасы қиямет күнін күтпейді: ата-анасына бағынбау, халыққа зорлық-зомбылық көрсету және басқалардың жақсылығына шүкіршілік етпеу",- деп айтқан.

Имам Реза (ғ.с) әкені құрметтеу туралы айтқан сөздерінде: "Құдай үш істің келесі үш іспен қатар орындалуын бұйырған: алғашқысы – намаз зекетпен қатар болуы тиіс, яғни намаз оқыған адам зекет бермейтін болса, оның намазы қабылданбайды; екінші, ата-анаға алғыс білдіріп, шүкіршілік ету бұйырылған. Егер адам ата-анасына алғыс білдірмесе, оның Құдайға шүкіршілік етпегені деген сөз; үшіншіден, илаһи тақуалық пен туыстық қатынасты сақтауға бұйырған. Егер кімде-кім туыстық қатынасты үзетін болса, онда ол илаһи тақуалық жасамады деп есептелінеді",- деп айтқан.

Ата-ананы сыйлап, жақсылық жасап, олардың ризашылығын алу өте маңызды. Бұл іс бағалы нәтижелер мен пайдаға қол жеткізіп, екі дүниенің де бақытына кенелтеді. Соның ішінде Құдайдың ризашылығы мен оның күнәларды кешіруі, ұзақ өмір, мол ризық, жеңіл өлім мен жұмақта жақсы әрі ізгі адамдармен бірге болуды атауға болады.

Тегтер